Жаңа сабақтар

Сагындыкова Алтын Ермековна

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектебі: Ақтөбе қаласы № 18 орта мектебі

Мерзімі: 26.02.2019ж. № 22 сабақ

Тақырыбы: Мен әлемді сүйемін!

Құндылығы: дұрыс әрекет

Қасиеттері: мейірімділік, жақсылық, қамқорлық

Мұғалімі: Сагындыкова Алтын Ермековна

Класы: 8«А»

Білім алушылар саны: 8 «А»

Мақсаты: Оқушыларымызды әлемнің қайнар көзі дұрыс әрекет құндылығынан туындайтыны туралы түсінік беру.

Міндеттері: а) Оқушыларға мейірімділік қасиеттері туралы түсінік беру.

ә) Оқушыларға жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту.

б) Оқушыларды қамқор болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: оқулық, дәптер (аудио, видео жазбалар,

слайдтар)

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару. 5 «Т» ұстанымын еске түсіру. Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық»
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып — білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. «Тыныс алуға зейін қою.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…,арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады… Д е м а л….. шы ғ а р… (жаймен 9-10 рет) немесе 1………………2.

Сабақ барысын талдау:

3мин

9-43

2. Үй тапсырмасын тексеру.

№ 24- сабақ, 98 беттегі Түнгі қонақтар мәтінін оқу, мазмұндау.

Әңгімедегі кейіпкерлердің ізгі әрекеттерінен қандай әсер алдын?

Адамға жақсылық жасау үшін онымен туыс немесе дос болу міндетті ме?

қайырымды адамдар қандай қасиеттерімен ерекшеленеді?

Өздерін өзгелерге көмек көрсеткенде қандай сезімде боласындар?әңгімелеп беріңдер

Білім алушылар мәтіннің мазмұнын айтады, құндылықты ашады.10

9-50

3.Дәйексөз:

«Сұлулық әлемді құтқарады»

(Федор Достоевский)

(Ұлдар – 2 рет, қыздар – 2 рет, бәріміз бірге – 1 рет)

Дәптерге жазылады.

5 мин

9-55

4.Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы: «Өмір сүрудің ең жақсы жолы» аңыз

Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақ көңіл, жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың тұрғындары тамыр-таныстарын да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың ішінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен сондай шағын дүкендер ашып тастайды.
Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып:
— Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің арттымнан қалған дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де 100-100 тиыннан беремін. Осы тиындарға бір зат алыңдар. Кешкісін келгенде алған заттарыңмен менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы.
Ұлдары үлкен сауда орталығын басқару мүмкіндігінен айырылып қалуды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеуі де долларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына келген кезде, үлкен баласы:
— Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым – деді де, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.
Екінші баласы:
— Дүкенге барып екі жастық алдым – деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ жүн де көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.
Үшінші ұлы:
— Тиынды ұсақтап, 50 тиынын мешітке бердім, 20 тиынын қайырымдылық қорға бердім, 20 тиынын да әлеуметтік жағдайы төмен отбасына бердім. Қалған 10 тиынға екі нәрсе алдым – деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.
Әкесі үшінші баласына риза болып:
— Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы – айналаңа жарық тарату деді.

-Үшінші ұлының әрекетіне деген өзіңіздің көзқарасығыз?

-Әкелерінің ішкі тыныштық табуына не себеп болды?

-Айналана жарық тарату дегенді қалай түсінесін?

Мұғалім баяндайды.

10 мин

10-10

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Топка бөлу. Әр топ алдында тұрған жүрекшеге өздерінің жасаған жақсылықтары туралы жазады. Топтың ұраның құрады Жазып болғанан кейін жүрекше гүл күнді бір-біріне жалғастырып әлем картасына іледі.

Білім алушыларды үш топқа бөледі.10мин
6.Үйге тапсырма.

№24-сабақ, Қадір Мырзалиевтің Елге деген махаббат өленің оқып, мәнің ашу.

Күнделікке жазып алынады.
7.Топпен ән айту. Дарибаевтар

Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,
Дүниеден кетті бай да, өтті бек.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп.
Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,
Зерлі шапан киінсең де жақұттан.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Шақша басың айналса да бақыттан.
Қайырмасы:
Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,
Өміріңе немқұрайлы қарама.
Тұсау салып, бастатқызбай көш дара,
Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.
Сын сағатта сақтау үшін өз басын
Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.
Өмірңе немқұрайлы қарама
Айдын көлге айналса да көз жасың.
Қайырмасы:
Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Қанша азап көрсең-дағы, бауырым,
Өміріңе немқұрайлы қарама.

Музыкалық

әуенмен орындалады.

8. Сабақтың соңғы тыныштық минуты.

Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар«-Мен осынау әсем де көрікті әлемді сүйемін.Әлем маған бар байлығын сыйлады.Мен әлемді көркейтуге бар ықыласыммен дайынмын». Осы оймен сабақтан алған әсерлеріңді жүректеріңе нық орналастырыңдар. Рахмет. Сау болыңыздар.

Бүгінгі сабақ үшін көп рахмет!

Баяу әуен қойылады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.