Жаңа сабақтар

Есбулаева Жанаргүл Мурзабековна

Ақтау қаласы Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық

мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі

Есбулаева Жанаргүл Мурзабековна

Сабақ тақырыбы: «Қазақстанның табиғат ғажайыптары жайлы монолог құрау»

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім: Менің Отаным – Қазақстан

Күні:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4 Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы Қазақстанның табиғат ғажайыптары жайлы монолог құраймын
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 4.1.4.1 өз бетінше жоспар құрып, тірек сөздерге сүйене отырып монолог құру
Сабақ мақсаттары Өз бетінше жоспар құрып, тірек сөздерге сүйене отырып монолог құру
Бағалау критерийі
  • Өз бетінше жоспра құрады;
  • Тірек сөздерге сүйеніп монолог құрайды
Тілдік мақсаттар Диолог, монолог, қоршаған орта, табиғат, қоғану, т.б.
Құндылықтарды дарыту Өмір бойы білім алу, еңбек және шығармашылық құндылықтарын пікіралмасу арқылы, сұрақтар қою арқылы қалыптасады.
Пәнаралық

байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе
Алдыңғы меңгерілген білім Туған жер шежіресін зерттеймін
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

0-10 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Өлең жолдарын ұран ретінде хормен айту.

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәріненбиікекен.
Мен оны мәңгіліккесүйіпөтем.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, сабағымыз не жайлы болмақ?

/Оқушылардың жауаптарын тыңдау/

ІІ.Қызығушылық-мотивациялық кезеңі

«Ойлан тап» ойыны

Оқушыларға «Табиғат таңғажайыптары туралы бейнежазба көрсетіледі.

Бейнежазба арқылы сабақтың тақырыбы анықталады.

ІІІ.Сабақтың тақырыбы мен мақсаты арқылы бағалау критерийлерін анықтау.

Презентация

https://vk.com/video322537922_171498354

слайд

Сабақтың ортасы

10-35 минут

(Ұ) «Стоп-кадр» «Табиғат таңғажайыптары» бейнежазбасы

Мақсаты: Сыни ойлау дағдыларын дамыту, монолог ұғымымен таныстыру.

Мұғалім оқушыларға бейнежазбаны «Стоп-кадр» әдісі арқылы бірнеше табиғт құбылысының қалай пайда болғаны, табиғат құбылысының қалай өзгеріске ұшырағаны туралы сұрайды.

  • Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
  • Бір суретке қатысты әрбір оқушының ойлары әр түрлі екендігі анықталады.
  • Монолог ұғымына тоқталады.

/Оқушыларға қима қағаздарға жазылған анықтама таратылып, анықтама талқыланады/

Монолог – сөйлеуші өз ойын бір, бірнеше, көп адамдарға арнап айтатын ауызша сөйлеу әрекеті.

Монологта сөйлеушінің басты мақсаты – тыңдаушыға хабарды мүмкіндігінше анық жеткізу.

(МК,Ұ)«Сен білесің бе?» «Қазақстанның табиғаты» бейнежазба.

  • Балалар, бейнежазбада не бейнеленген?
  • Сендерге қай жерлер таныс? Ол туралы не білесіңдер?
  • Неліктен бұл жерлерді ғажайып жерлерге жатқызады?

/Оқушылардың жауаптары тыңдалады, ауызша бағалананады/.

(Т) Ойлау картасын құрастыру

Жеребе тастау арқылы Қазақстанның ғажайып жері бейнеленген суреттерді таңдалады. Топта ақылдасып, суреттегі ғажайып жерді сипаттай отырып, тірек сөздерді жазу.

-Бұл қандай жер?

Ол қандай өңірде орналасқан?

-Ол жерде не бар?

-Оның қандай ерекшелігі бар?

-Осы жерлермен байланысты қандай аңыз, әңгімелерді білесің?

-Неге олай аталды деп ойлайсыңдар?

Жазылған тірек сөздердің негізінде жоспар құру.

Мысалы: Жоспар

Зерттеуші журналы

(Ө,Қ) Монолог құру

Топтарда ойлау картасы арқылы жинақталған тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып, монолог жазу.

Бағалау критерийі: тірек сөздерді қолданып, жоспар арқылы монолог құрады.

Дескриптор:

— жоспар құрады;

— тірек сөздерді пайдаланады;

— тақырып аясында монолог құрады.

/Тапсырма дескрипторларға сәйкес «+\-» арқылы өзара бағаланады, кері байланыс жасалады/.

https://vk.com/video322537922_171498354

https://youtu.be/xIfid8IUA8k

Суреттер

Сабақтың соңы

35-40 минут мин

Рефлексия: «Сөйлемді жалғастыр» әдісі

-Бүгін мен …………………. түсіндім.

-Маған …………………. қызықты болды.

-Маған ……………………… қиындық туғызды.

Өзін-өзі бағалау

«Блоб ағашы» арқылы өздерін бағалайды.

Блоб ағашы
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Топтар бойынша тапсырмалар орындау Мәтіннен көркемдегіш құралдардыанықтауын бағалау. Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.