Жаңа сабақтар

Хайрова Таңсұлу Хасанқызы

Үй жануарлар қалай дыбыстайды?»

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы
«Нұр-Шуақ» бөбекжай-бала бақшасының тәрбиешісі

Хайрова Таңсұлу Хасанқызы

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Көркем әдебиет

Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Сұрақ-жауап арқылы тіл байлықтарын дамыту. Үй жануарларының адамға тигізетін пайдасы, қалай дыбыстайтыны жайында, маңызы туралы түсіндіру.

Көрнекілік: Үй жануарларының және төлдерінің суреттері мен мүсіндері, үнтаспадағы дыбыстар

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын

Шаттық шеңбері.

-Балалар, шаттық шеңберіне тұрып бір-бірімізге жылу сыйлайық.

Шаттық шеңбер құрайық,

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын жинайық,

Жүрекке жылу сыйлайық.

Жиналған жылу шуақты,

Бір-бірімізге сыйлайық.

-Балалар, бүгінгі оқу-қызметінде біз үй жануарлары және олардың қалай дыбыстайтыны жайында айтамыз.

-Балалар, біздің паналайтын баспанамыз қалай аталады? (Үй)

-Үй қандай бөліктерден тұрады? (Терезесі, есігі, қабырғасы, төбесі болады)

-Дұрыс айтасыңдар. Ал, мына үйдің неше терезесі бар? Кәне, санайықшы. (Бір, екі, үш, төрт)

1
2
3
4

-Өте жақсы. Балалар үйдің терезесі жабық тұр екен. Осы жабық тұрған төрт терезеде бізге арналған тапсырмалар бар. Тапсырмаларды орындап, терезелерді ашайық.

-Бірінші терезенің түсі қандай? (көк)

1-терезе: Жұмбақ

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар.

-Балалар, жұмбақтың шешуі не екен? (Сиыр)

Сиыр – үй жануарлары ішіндегі ашатұяқты жануар. Сиыр шөппен қоректенеді. Адамдарға сүтін, етін береді. Сүтінен айран, құрт, ірімшік, май жасайды. Сиырдың төлін «бұзау» деп атаймыз. Олар «мө-мө» деп мөңіреп дыбыстайды.

-Екінші терезенің түсі қандай?(қызыл)

2-терезе: Суретті құрастыр

-Балалар, бізге мынадай қиық-қиық суреттер берілген екен. Соны құрастырып ненің суреті екенін табайық.

-Балалар, ненің суретін құрастырдық? (Құлыншақтың суреті)

-Құлыншақ қай жануардың төлі? (Жылқы)

Жылқы – үй жануарлары ішіндегі тостаған тұяқты жануар. Жылқы да шөппен қоректенеді. Олар да адамдарға сүтін, етін береді. Сүті адам денсаулығына өте пайдалы. Сүті «қымыз» деп аталады. Жылқы малының төлін «құлыншақ» деп атаймыз. Олар «иһо-иһо» деп кісінеп дыбыстайды.

-Үшінші терезенің түсі қандай?(жасыл)

3-терезе: Үнтаспадағы дауысқа назар аудар

-Балалар, үнтаспадан қай жануардың дауысын естідіңдер? (Қой мен ешкі)

Қой – төрт-түлік малдың бірі. Қой аша тұяқты, сүтқоректі жануар. Шөппен қоектенеді.Момын жануар. Адамдарға етін, сүтін, жүнін береді. Жүнінен әжелеріміз шұлық, қолғап т.б. тоқиды. Қойдың төлін қозы деп атаймыз. Олар «мақ-мақ» деп маңырап дыбыстайды.

Ешкі де үй тжануарларының бірі. Оның да адамға тигізер пайдасы мол. Жүнін «түбіт» дейміз. Ешкінің жүнінен де жылы киімдер тоқуға болады. Екі төлі «лақ» деп аталады. Олар да «мақ-мақ» деп маңырап дыбыстайды.

-Төртінші терезенің түсі қандай?(сары)

4-терезе: Жұмбақ

Үстінде екі тауы бар,

Кезекті бір жануар.

-Балалар, жұмбақтың шешуі не екен? (Түйе)

Түйе – үй жануарларының ішіндегі ең ірі сүтқоректі жануар. Түйе де шөппен қоректенеді. Адамдарға жүнін, етін, с.тін беріп пайдасын тигізеді. Сүтінен ең пайдалы дәрілік қуаты бар шұбат дайындалады. Түйенің төлін «бота» деп атаймыз. Олар «бо-бо» деп боздап дыбыстайды.

-Міне, балалар, барлық тапсырмаларды орындап үйдің терезесін аштық.

-Ендеше, балалар, үй жануарларын тағы бір қайталап айтып жіберейік. (Сиыр, жылқы, қой, ешкі, түйе)

-Балалар, сендерді ата-әжелерің қалай еркелетеді?

(Ботақаным, қошақаным)

-Сендерді ата-әжелерің жақсы көріп, сүйкімді жануарлардың аттарымен еркелетеді екен, қандай тамаша!

Ойын: «Төлдерін тап»

Шарты: Үй жануарларының төлдерін тауып орнына орналастыру және олардың дауысын салу.

Ойын: «Мекеніне орналастыр»

Шарты: Үй жануарлары және жабайы жануарларды өз мекендеріне орналдастыру. Үй жануарларының дауысын салу және жабайы жануарлардың қимылын жасау.

Ойын: «Дауысын сал»

Шарты: Үнтаспадағы шыққан дауысты қай жануардың дауысы ененін ажыратып, дауысын қайталап салу.

Қорытынды.

С уважением,
Зайтуна Есмагамбетова
zaytunae

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.