Жаңа сабақтар

Тұрсынбекова Г.Қ.

Пән: Жаратылыстану

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

Жер және ғарыш

Күні:12.11.2019.

Сынып: 3-сынып

Мектеп:198 ЖББМ

Мұғалімнің аты-жөні: Тұрсынбекова Г.Қ.

Қатысқандар саны: 27

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Жер сфералары дегеніміз не?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.4.1.1 Жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеу
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеуді үйренеді.

Көптеген оқушылар: жердің қандай қабықтары болатынын білесің.

Кейбір оқушылар: жердің әр қабығы неден құралатынын анықтайды.

Бағалау критерийлері Жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеуді үйренеді.

Жердің қандай қабықтары болатынын білесің.

Жердің әр қабығы неден құралатынын анықтайды.

Тілдік мақсаттар Пәнге тән лексика мен терминология:

Сфералар, биосфера, литосфера, гидросфера, атмосфера.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жер сфералары неден құрылған?

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар Жер және ғарыш туралы дүниетану пәнінен алған білімдерін қолданады.
АКТ қолдану дағдылары Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;
Ресурстар Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б
Бастапқы білім Оқушылар Жердің пішінін сипаттай алады, оның Күнмен байланысын түсінеді, Жердің табиғи және жасанды серіктері туралы ұғымы бар. Астрономияны ғарыш туралы ғылым екенін, «ғарыш» ұғымын түсіндіре алады. Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың атауларын, олардың негізгі сипаттарын біледі. Ғарыш денелерін зерттеуге арналған аспаптарды, құралдарды және ұшу аппараттарын атайды.

Оқушылар біздің белгілі бір кеңістікте өмір сүретінімізді, уақытты есептейтінімізді біледі.

Сабақтың барысы
Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы 1.(Ұ)Түрлі гүл түстерімен топтарға бөліну.

№1 топ: көк гүлдер

№2 топ: қызыл гүлдер

№3 топ: сары гүлдер

№4 топ: ақ гүлдер

№5 топ: жапырақты гүлдер

2. (Т) «Шаттық шеңбері»

Мақсаты: оқушылар өзтобында гүлді алақанына салып, бір-біріне деген жылы лебіздерімен бөліседі.

а/Сынып реттілігін қадағалау.

ә/Оқушыларды түгелдеу.

б/Оқу құралдарын байқау.

3.«Алтын ереже» айдарына тоқталып өту.

4. Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Кеудемізде күн күлсін,

Бізге шуақ нұр құйсын.

Мейірімді жан өзіңмен,

Көңілім жайнап құлпырсын!-дей отырып, жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.

5.Үйге берілген тапсырманы сұрау.

Егіншілік қалай өзгереді? Түсініп оқу.

(Ұ.Т.) «Еркін талқылау» әдісі бойынша.

-Балалар! Айтыңыздаршы, жер бетінде қайсысы ертерек пайда болды деп ойлайсың:егін егу ме, әлде мал бағу ма? Себебі… (Оқушылар өз ойларымен бөліседі.Себебін атату.)

Жетістік критериі:1. Жүйелі түрде жауап береді.

2. Өз ойын толық жеткізе алады.

Бағалау : Мадақтау, қол соғу

(ЖЖ.МК.)«Блум түймедағы» әдісін пайдалану:

1) Қарапайым сұрақ: Топырақ дегеніміз не?

(Жауабы: Жердің беткі борпылдақ қабаты.)
2) Анықтаушы сұрақ: Топырақта ауа көп болса, онда топырақ қандай болады?

(Борпылдақ болады.)

3) Бағалау сұрағы: Өсімдіктер мен жануарлардың шіріген қалдықтары,яғни қарашіріктің пайдасына баға беріңізші?

(Жауабы: Қарашірігі мол топырақта өскен

өсімдік мол және сапалы өнім береді.)

4) Шығармашылық сұрақ: Өсімдіктің жаңа түрін шығарумен айналысатын ғылым қалай аталады?

(Жауабы: Селекция)

5) Кіріктірілген сұрақ: Ең құнарлы топырақ қалай аталады және топырақтың 3 түрін ата?

(Жауабы:Қаратопырақ және құмтопырақ, сазтопырақ, қаратопырақ)

6) Практикалық сұрақ: Суретке қарап анықтау.Тұқым себілмей, жыртылған жерді қалай атайды?

(Жауабы: Тыңайған жер)

Жетістік критериі:1. Жүйелі түрде жауап береді.

2.Жинақтаған біліммен негіздейді.

Бағалау : Баға деңгейіндегі смайликтер(Паравозға жапсырмалау)

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған гүлдер.

Гүлдер

Алтын ереже

«Еркін талқылау» әдісі

Мадақтау

және қол соғу арқылы бағалау

Гүл күлтешелері

Смайликтер

3 деңгейлі бағалау смайликтері

Сабақтың ортасы Мағынаны ажырату.

Ой қозғау Интербелсенді тақтаданы қолдану.

Жер сфералары туралы суреттер көрсету.

(Мұғалім кіріспе түсіндірмесі)

Тақырыпты болжау

-Балалар! Бүгінгі сабағымызда«Жер және ғарыш» деп аталатын тарауды бастаймыз. Бұл тарауда жердің қандай қабықтары болатындығын, ғарыштың қалай игерілгенін, жердің қалай айналатынын, күн мен түннің қалай ауысатынын білетін боламыз.

Жаңа сабақ тақырыбы: Жер сфералары дегеніміз не?

Білу.

-Балалар! Жердің төрт қабығы болады. Олар сфералар деп аталады.Олар атмосфера, биосфера, литосфера, гидросфера деп аталады. Осы жердің төрт қабығының негізін түсіну үшін оқулықта берілген тақырыпты оқып, танысамыз.

Оқу мақсатын таныстыру.

Жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеуді үйренеді.

Жердің қандай қабықтары болатынын білеміз.

Жердің әр қабығының құрамымен танысамыз.

Күтілетін нәтижені анықтау.

Жердің әр қабығының атауын біліп, құрылымы туралы білім қалыптастырамыз.

Т ү с і н у. Оқылым

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысу үшін «ЖИКСО» немесе «Зигзаг» әдісін қолданамыз.

Ол үшін жанұя мүшелеріне бөлінеміз.

1.Жанұя мүшелерімен таныстыру.

№1-әкесі

№2-анасы

№3-ұлы

№4-қызы

2.Жанұя мүшелерін топтарға біріктіру.

(ТЖ.) Тақырыппен жұмыс.

«ЖИКСО» немесе «Зигзак» әдісі

Жанұяның әр мүшесіне тақырыпты бөлікке бөліп, жанұя мүшесіне тапсыру. Бөлінген үзіндіні оқып, мұқият түсініп, өз жанұя мүшелеріне ұғынықты жеткізуі тиіс. Қажет болса, тақырып мазмұнына сай өзара сұрақтар қояды.

3.Жанұяға оралу.

Тақырыпты меңгерген әр жанұя мүшесі өз орнына оралады және жанұя атауларын сақтап ретімен тақырыпты бір-біріне түсіндіріп береді.

Мақсаты: Мәтінді оқу арқылы мазмұнын ұғыну.

Оқылым арқылы түсінік қалыптастыру.

Жетістік критериі:

1. Ақпаратты өз бетінше ұғынады.

2. Меңгерілген ақпаратты түсінікті әрі толық жеткізеді.

Бағалау : Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

Қолдану.

— Балалар! Тақырып мазмұнымен таныс болдыңдар. Сонымен, Жер қабықтары қоршаған ортада түрлі заттарды қамтитындығын білдіңдер.Жер қабықтарының атауларына көңіл бөлсек, грек сөздерінен шыққанын көруге болады .

lithos-тас-камень

hydro-су-вода

atmos-бу-

bios-тіршілік-существование

(ТЖ.) «Жер қабықтары» тапсырмасы.

Топтарға суреттер үлестіріп беру. Суретте берілген жер қабығы туралы және ортақ белгісі туралы баяндайды. Сурет арқылы сұрақтарға жауап беру тапсырылады.

Сұрақтар: 1.Суретте берілген жер қабығының атауын жаз.

2.Осы қабыққа жататын зат атауларын жаз.

3.Ортақ белгісі не?.

(Жауабы: Бірінші қабық-литосфера. Оған таулар, жанартаулар, жазықтар, шөл далалар кіреді.Ортақ нәрсе-Жер беті.

Екінші қабық— атмосфера. Ауа, бұлт орналасқан. Ортақ белгісі -кеңістік.

Үшінші қабық –гидросфера. Теңіз, мұхит, өзен, көлдер. Ортақ белгісі-су.

Төртінші қабық-биосфера.Өсімдіктер, жануарлар, балықтар, бунақденелілер, құстар.Ортақ белгісі-тірі табиғат нысандары.

Мақсаты:Тапсырманы орындай отырып, оқушылар әр қабықтың нысандарына тән ортақ белгілерді айырып, атайтын болады.

Жетістік критериі:

1. Түсінген ақпаратты тиімді қолданады.

2. Бірлескен шығармашылық жұмыс жасайды;

Бағалау : Өзін-өзі бағалау (стикерге атын жазып, өзін-өзі бағалау)

Тақырыпбойынша Тапсырмада керек Бүгінгі ақпараттар керекті білім емесақпарат туралы

жинақтадым берілген әлі де оқуым керек

(ТЖ.МК.) Модель жасау.

Жұмысты орындау үшін оқушыларға пазлдарда жазылған сөздерді үлестіру.Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық:

• Пазлдарды қабаттардың грекше атаулары, олардың аудармасымен сәйкес болатындай етіп жинау.

• Тақтаға пиктограммаларды орналастырып, олардың әрқайсысы неге солай салынғанын түсіндіру.

Зерттеуді орындай отырып, оқушылар қабаттардың аттары әр қабаттың нысандарына тән ортақ белгілерден шыққанын түсінеді. Пиктограммаларды құру әр қабатта не орналасқанын есте сақтауға мүмкіндік береді

(Пиктограмма дегеніміз- затты белгілеу үшін қолданылатын сурет немесе таңба.)

Мақсаты:Пазлдарда жазылған сөздерді ортақ белгілермен сәйкестендіре білу.

Жетістік критериі:

1.Әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасай отырып, оқушылар өзінің артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындайды.

Бағалау : Көршілес топтың жұмысын «Бес саусақ» парақшасын 3 деңгейлі смайликтерімен бағалау.

Интербелсенді тақта

БББ әдісі

стикер

1,2,3,4 сандар және жанұя атаулары жазылған парақшалар

Оқулық

Бағдаршам,

смайликтер

Суреттер

стикер

бағалау парақшасы

Пазл

қима

қағаздары

«Бес саусақ» парақшасы

3 деңгейлі бағалау смайликтері

Сергіту сәті.

Жерде жүрдім, ойнадым,

Тыныстадым, дем алдым.

Суға түстім, сергідім,

Тауға шығып бой жаздым.

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»

1.Әр топқа дайын үлгідегі сызылған диаграмма үлестіру. 2.Диаграммаға жер сфераларына тиісті атауларын жазып көрсету.

3.Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, жапсырма қағазға пікірін жазып, бір-бірінің еңбегін бағалайды.

атмосфера биосфера

гидросфера литосфера

Мақсаты: Берілген суретті диаграммаға жер сфераларының атауларын алатын деңгейге қол жеткізу.

Жетістік критериі:

1.Графиктік кескіндеуді үйренеді.

2.Жердің қабықтары болатынын ажыратады.

3.Жердің әр қабығына тиісті нысанды бейнелейді.

Бағалау :1.Баға деңгейіндегі стикерлер

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

Зертте.

9-жұмыс парағы. «Жер қабықтары неден тұрады?» 11-бет

1.Жер қабықтарының сипаттамалары.

Бұл тапсырма қабықтар туралы түсініктерді нығайту және тірек сөздерді есте сақтауға бағытталған оқушылар бос орындарды толтырады.

Жауаптар:

Атмосфера , биосфераны, литосфера, гидросфера, су, қатты

2. Қабықтағы нысандар.

Бұл тапсырма Жерқабықтары туралы білімдерді нығайтуға бағытталған.Оқушылар көрсетілген қабықта орналасқан нысандарды бояйды. Артық нысандарды сызып тастайды.

Жауаптар:

Литосфера-тау.

Атмосфера-бұлтты аспан.

Гидросфера-кеме жүзіп жүрген теңіз.

Биосфера- қарағай бұтағында отырған тиін.

Дене жаттығулары

Диаграмма сызылған плакат

Мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

3 деңгейлі бағалау смайликтері

«Табыс сатысы» парақшасы

Сабақтың соңы Кері байланыс жасау. ( МК.Ұ.) Деңгейді саралау

«Менің деңгейім» Жаңа сабақты қай деңгейде меңгердің?

Жасыл деңгей — өте жақсы

Сары деңгей — жақсы

Қызыл деңгей — орта

Қорытындылау.

Үйге тапсырма: Жер сфералары дегеніміз не?18-19-бет. Түсініп оқу. Жер сфералары туралы ақпарат жинақтап келу.

БББ әдісімен қорыту

«Бес саусақ» парақшасына арналған

плакат

«Менің деңгейім»

өзін-өзі бағалау

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.