Жаңа сабақтар

Аграпова Айдана Жастілекқызы

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы

МКҚК «Нұр-Шуақ» бөбекжай-бала бақшасының

І-санатты тәрбиешісі Аграпова Айдана Жастілекқызы

Тақырыбы: «Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын…»

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Мерекелік көңіл-күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс- әрекеттерге тарту, биімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой қиялдарын дамуына ықпал ету. Ата-ааналар қауымымымен тығыз қарым-қатынас қалыптастыру.

Түрі: Мерекелік іс-шара

Көрнекілігі: бөлме мерекеге сай безендірулер, жапырықтар, ағаштар, видеоролик, жеміс-жидектер, бидай, қолшатырлар.

Жүру барысы: (Күзгі хабарлама, күзгі табиғат дыбысы,сахна сыртында)

-Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар…

Қызықтан құр қалмаңыздар…

«Күншуақ» тобы бақшамызда

Күз мерекесін тойлайды баршаңызға…

(Әдемі ырғақты әуен жүріп тұрады. Залға сары киіммен Күз мезгілі кіріп жапырақтарын шашады.)

«Осень постучалась к нам» әуенімен билеп балалар залға кіреді.

Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,

Жасымыз бен кәріміз.

Қырдан кепті қыдырып.

Алтын күз бізге нұр төгіп.

Қайырлы күн! Армысыздар, құрметті ата-аналар! Ел байлығын арттырған, берекелі күз айы да келді. Күзді құрметтеп, қуанышпен қарсы алайық. Бүгінгі «Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін табыңдаршы.

Жұмбақ:

Өрік, шие, алма, алша,

Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз

Қоймаларға түседі.

Айтыңдаршы, балалар,

Бұл қай кезде болады. (күз)

Жарайсыңдар жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар. Олай болса, күз айларын атап беріңдерші! (қыркүйек, қазан, қараша)

Күз айларын ортаға шақырайық.

Қыркүйек: Ұстаз шәкірт жүздескен

«Қош келіпсіз,күз» дескен.

Берекелі алтын күз

Ұмытпаймыз салтын біз.

Қазан: Қазан айы болыпты

Қамбаға астық толыпты

Сары даланы дәнді етіп

Думандатып әндетіп

Құстар қайтып барады.

Қараша: Күн суытып барады,

Малдар қолға қарады,

Күзетте отыр қойлы ауыл

От жағатын болды ауыл

Қарашада ауыл, қаламыз

Қысқа дайын боламыз.

Жүргізуші: Жарайсыздар, күз айлары! Қош келдіңіздер! Сіздерге арналған орынға жайғасыңыздар!

(чарлин чаплин музыкасымен Чаплин келеді)

Чаплин: Бұл жерде не болып жатыр мені жүргізушілікке шақырып еді.

Жүргізуші: Жарайды олай болса кешімізді жалғастырайық.

Ал балалар, енді мерекеміз қызықты өту үшін ортаға өзіміздің алып келген күз мерекесі туралы тақпақтарымызды айтайық.

Арсен:

Қуандырып біздерді,

Бақшамызға күз келді

Кел, жемісті Алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Айзере:

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі ақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Д. Мансұр:

Күншуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Әлішер:

Келші, келші, алтын күз,

Келші, келші жарқын күз.

Мерекені жалғастырып,

Ойнап-күлші, алтын күз!

Ислам:

Біздің дала — бай дала.

Алтын астық айнала.

Ашық дала сәулеті,

Ашық отан дәулеті.

С.Мансұр:

Көктемде егін егетін.

Күзде жиып беретін.

Біздің дала — бай дала,

Алтын астық айнала.

Ерасыл:

Алғыс саған, алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап қауын алдық біз.

Раяна:

Дала сары киінді,

Самал соқты салқындау.

Қырмандарға иілді,

Алтын астық алтын тау.

Нұрила:

Ой, балалар, балалар

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ салыпты,

Ел егінін алыпты.

Толғанай:

Көрініп еліне

Күндері береке,

Келді ғой желбіреп

Күз деген мереке.

Серікболсын:Күзім-ау, күзім-ау!

Мінезің бұзық-ау,

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау!

Еркебұлан:Қарашы күз келді, күз келді,

Сары алтын жауыпты іздерді,

Құс біткен керуен түзеді,

Көңілсіз неліктен күз енді?

Айсезім: Қара бұлт қабағын түйеді,

Бұталар боз қырау киеді,

Осы ма, осы ма күз деген,

Бақшаға баратын бізбенен.

Мәртас: Сары теңге жапырақ,

Бояған ба көл бетін?

Тоңазыпты топырақ,

Ызғарлы екен желде тым.

Нұрәділ: Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ-сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.

Айару: Гүл жайнаған даланың,

Жапырағы солыпты.

Таңырқадым, қарадым,

Танымастай болыпты.

Сырым:Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды,

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды.

Азизбек: Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

Зере: Жүзім, алма жинаймыз,

Алтын мақта тереміз.

Үлкендерді сыйлаймыз,

Көмектесе береміз.

Дана: Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы кең далам,

Дәриядай шалқар күз.

Баянсұлу: Ұшты талдан жапырақ,

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шатырлап,

Тамшы жерге секірді.

Жалғас: Күз сыйы бәрі де,

Табиғат дәулеті.

Туған жер әрі де,

Күзбенен сәулетті.

Құралай: Сары алтыннан бұрымда,

Сары пүліш көйлегі:

Алтын күзді шынында,

Ару дерсің бейнелі.

Дария, Мейірхан ағылшын, орыс тілінде тақпақтарын айтады.

«Күншуақ» тобының бүлдіршіндерін «Билейік бәріміз» атты биімен ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар!

Жапқандай жапырағы іздерді,

Қуантып байлығымен ізгі елді.

Бір тойдырып қайту үшін елімді,

Сабырлы сары күз келді.

Ал, балалар ортаға Күз ханшайымын шақырайық.

(Әуенмен залға Күз ханшайымы жәшігін арқалап кіріп келеді. Жәшіктің ішінде күзгі базарлық: жемістер мен көкөністер салынған).

Жүргізуші: Қош келдіңіз, Күз аруы. Өзіңізбен бірге береке, байлық, молшылық, тоқшылық ала келдіңіз. Оған біз өте қуаныштымыз.

Күз аруы:

Армысыңдар балдырғандар!

Күзгі бақтағы қонақтар!

Өздеріңе әкелдім.

Күздің сыйын көз тартар.

Жүргізуші: Алтын күз, мына сыйыңызды балаларға таратып берсек бола ма?

Күз аруы: Жоқ, бұл сыйды балалар еңбек етіп, тер төгіп алулары қажет. Өйткені күздің сыйлары: жемістер де, көкөністер де тек адамның еңбегінің арқасында келеді.

Жүргізуші: Күз аруы, біздің балаларымыз да өте өнерлі балалар, олай болса Күз аруына өнерімізді көрсетейік.

Жүргізуші: Балалар мен «Жаңбыр» ойынын сендермен ойнағым келіп тұр.

Ал, балалар тұрмайық,

Қол соғайық халайық.

Күзгі бақта бүгінгі

Шырқап әнге салайық.

Ән: «Егінді жинайық»

(Жаңбырдың, күн күркірегеннің дауысы естіледі. Залға Бұлт кіреді.)

Бұлт: Мен бұлтпын, көк түспін.

Кішкентай болсамда күштімін.

Егер қаласаңдар

Бәріңе нөсерімді төгемін.

Жүргізуші: Бұлтым, бұлтым тоқтай тұр,

Жаңбырыңды қоя тұр. Біздің балалар саған билеп береді. Өнерлерін тамашалаңыз.

Би: «Кап-кап»

Бұлт: Қандай керемет! Өнерлерің өрге жүзсін!

(«Көңілді күн» әнімен залға Күн кіреді.)

Күн: Сәлеметсіз бе, балалар!

Мен жарқырап төбеде,

Нұрын төгіп тұрамын.

Шуақ шашып бәріңе,

Бала жанын ұғамын.

Бұлт: Қабағын түйіп.

Күн, күн тоқтай тұр

Көзіме менің құлақ түр

Ішім толы суға

Сусыз өмір бола ма?

Жоқ мен бәріне керекпін. Мен мықтымын.

Жүргізуші: Дауласпаңдар, екеуің де табиғатқа керексіңдер! Сондықтан дос болу керек! Сендерге арналған бүлдіршіндердің биін тамашалаңыздар!

Би: «Вальс»

Жүргізуші:

Көңілді өскен баламыз,

Шырқатып әнге саламыз.

Тойымызға сән берер,

Ән де айта аламыз.

Ән: «Күзгі вальс»

Жүргізуші:

Өнеріміз өрде тұрса байқарсыз,

Таңданыстан басыңызды шайқарсыз,

Мың бұралып, шыр айналып билесек,

Өмір бойы мақтанышпен айтарсыз,

  • дей келе биші балдырғандарымызды «Қырманға кел, қалқатай» биімен ортаға шақырамыз.

Би: «Қырманға кел, қалқатай»

Күз аруы: Мен қайтайын, балалар,

Аман-есен болыңдар!

Еңбек етіп, ойнап- күліп,

Шырқап әнге салыңдар.

Сендерге менің сыйымды таратайын.

Балалар хормен:

Мерейлі күз, мырза күз.

Сыйлығыңа ырзамыз

Алтын арай таңында

Шомыламыз нұрға біз.

Сау болыңыз Алтын күз!

(Күз аруын шығарып салу)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, бүгінгі күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталғалы отыр. Берекелі, мерекелі жомарт күздің сыйы әрбір отбасының ақ дастарханынан арылмасын! Еліміз аман, заманымыз тыныш болсын! Осымен біздің «Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын» мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.

Сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.