Жаңа сабақтар

Таир Гүлім Бақытжанқызы

Алматы қаласы Наурызбай ауданы

№157 жалпы білім беретін мектеп

Таир Гүлім Бақытжанқызы

«Қош келдің Алтын күз» ашық сабақ

Балалар бір-бірден шығып өздерінің орына барып тұрады.
Құрметті қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мерекесі құтты болсын. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды. Ендеше «Алтын күз» атты мерекемізді бастаймыз.
1 бала:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
2 бала:
Берекелі, мерекелі,
Келді жомарт алтын күз,
Қалада да, далада да,
Жанның бәрі жарқын күз.
3 бала:
Сау-сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді.
Қоңыр тартып атырып
Көкке құстар тізілді.
4 бала:
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
Ән:
Жүргізуші: Балалар мінеки күз мезгіліде келіп жетті.
— Күз мезгіліне қандай айлар жатады?
— Ауа райы қалай құбылады?
— Күзде қандай құбылыстар болады?
— Ал қазір күздің қай айы?
Осы кезде ішке «Алтын күз» себетке салған жемістері бар.Билеп кіреді. Әндете жөнеледі.
Алтын күз:
Өрік, алша,
Шие, алма,
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз
Қияр, сәбіз
Дүкендерге түседі.
Бұлттар төніп
Жерге шөгіп
Дымқыл тұман болады.
Шөп сарғайып
Өңі тайып
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай
Ойнай алмай
Денең мұздап тоңады
Бөбектерім-ай айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Балалар:
— Күзде.
Алтын күз:
Жарайсыңдар балдырғандарым менің өлең жұмбағымды бірден таптыңдар. Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, балалар! Алтын күз мерекесі құтты болсын.

Жүргізуші: Сәлеметсізбе, Күз ханшайымы! Қош келдіңіз! Бүгін біздің балалардың өнерін тамашалайсыз.! Отырып жайғасыңыз.

Тентек жел шашып кетіпті

Жапырақтарды сан алуан

Тезірек жинап алайық

Қане, қане кім жылдам?!

Ойын: «Кім жылдам?» (жерде жатқан жапырақтарды балалар себетке салуы керек)

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар бәрің шапшаң екенсіңдер.

Жүргізуші: Қызыл жасыл, сары алтындай

Жапырақтар күздің көркі

Ойланайық, толғанайық

Күз туралы әнге елтіп!

Ән:

Алтын күз: керемет балалар, сендердің әндерің маған өте ұнады. Сендер би билей аласыңдарма? Кәне көрейін.

Би:

Алтын күз: Балалар билерің қандай тамаша, ендігі кезекте ата-аналарды сынап көрейік, күзде қалай шапшаң еңбектенеді екен.

Екі ата ана ортаға шығып, мына тұрған 2 картопты жылдам және үзбей тазалау қажет.

Ойын:

Жүргізуші: жарайсыздар ата-аналар, балалар біздің жеп жүрген көкөніспен жемістеріміз пайдалы екенін білесіңдерме. Ендеше оны өз ауыздарынан есітейік.

Жемістер мен көкөністердің тақпақтары.

Ойын: «көкөністермен жемістерді ажырат»

Ән:

Жүргізуші: Ән салыңдар, күліңдер!

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық.

Би:

Алтын күз: Балалар өнерлерің көп екен. Риза болып тұрмын. Мен қайтатын кез келді. Аман есен болыңдар. Еңбек етіп, ойнап –күліп, шырқап әнге салыңдар.

Әкелген жемістерін балаларға таратып береді.

Жүргізуші: Сау болыңыз Күз ханшайымы. Құрметті ата-аналар осымен біздің мерекелік бағдарламамыз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Музыка ойнайды. Балалар қатармен залдан шығып кетеді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.