Жаңа сабақтар

Ускенбаева Мөлдір Кудайбахытовна

Пән: математика Мектеп: № 127 жалпы орта білім беретін мектебі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1В.Сандармен амалдар орындау. Есептер Мұғалімнің аты жөні:
Ускенбаева Мөлдір Кудайбахытовна
КҮНІ:

Сыныбы: 2 «Ж»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 2.1.2.3.**қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:бір,екі таңбалы сандар арқылы ауыстырылымдық қасиеттері бойынша есептерді анықтайды

Көптеген оқушылар: қосудың ауыстырымдылық қасиеттерін қолданып, өрнектер құрастырады

Кейбір оқушылар: бір, екі таңбалы сандарға қатысты қосудың ауыстырымдылық қасиетін тиімді есептеулермен көрсетеді

Бағалау критерийлері Қосудың ауыстырымдылық қасиетін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолданады
Тілдік мақсат Пәнге тән лексика мен терминология:

Ауыстырымдылық қасиет, а+b=b+a

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркес

-Аттракционда барлығы қанша бала бар?

Бос торкөздерде қандай сандар тұрады?

-Сен нені байқадың?

Құндылықтарды дарыту Топтық және жұптық жұмыстарда өзгелерді тыңдау,өзгелердін пікірімен санасу,өзара құрмет,адамгершілік,достық ,жолдастыққа баулу.
Пәнаралық байланыстар Дүниетану: 2.2.4.1 туризмнің негізгі түрлерін ажырату
АКТ қолдану дағдылары оқушылардың көру, есту, ойлау, есте сақтау дағдыларын

қалыптастыру.

Бастапқы білім Оқушылар бастапқыдан сандарды ондықтан аттап

азайтуды,қосу кестесінен пайдалануды,жақшасыз және

жақшамен берілген есептерді шығаруды біледі.

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

2 минут

4 мин

Үйымдастыру кезеңі: Психологик дайындық:

«Сиқырлы гүл» әдісімен таныстыру.

Тарелкеге су құйып оған мұғалім тарапынан жасалған гүл бүршігі салынады.Гүлдің бүршігі ашыла бастаған кезде оқушылар бір-бірінің қолын ұстап гүлмен бірге әрекет жасайды.Гүлмен бірге ашылады. Мұғалім оқушыларға сабақта сәттілік тілеп, оқушылардың көңіл күйлерін көтереді.

Оқушыларды қима қағаздар арқылы топқа біріктіру:

1-топ:Тақ сандар

2-топ:Жұп сандар

3-топ:Екі таңбалы сандар

Ө.Ж «Секундомер» әдісі

Оқушылардың зейінін шоғырландыру және өткен сабақтағы жақшамен орындалатын есептерді пысықтау мақсатында қима қағазға жазылған өрнектерді шығарады

Қ.Б: Мадақтау арқылы

Жұп ,тақ,екі таңбалы сандар жазылған кима қағаз

Қағаздан жасалған гүл, тарелка және су

Қима қағаздар және секундомер

Сабақтың ортасы

5минут

7 мин

6 мин

7 мин

5 мин

М.К. Ұ.Ж

Жаңа сабақтың оқу мақсатын анықтап

алу үшін, сан жазылған үрленген шармен қосудың ауыстырымдылық қасиетін түсіндіру

3 + 14= 17

Қосылғыштардың орнын ауыстырған мен, қосындының мәні өзгермейді.

Бұны қосудың ауыстырымдылық қасиеті деп атайды.

a + b = b + a

1-тапсырма Ұ.Ж «Айнамалы дөңгелек» әдісі

Аттракционда барлығы қанша бала бар?

1.Әнуар алдымен ұл балаларды, содан кейін қыз балаларды санады.

2.Анар керісінше: алдымен қыз балаларды, содан кейін ұл балаларды санады.

3.Әнуар мен Анарға балаларды санауға көмектес.

12+3=15 3+12=15

Дескриптор:

-санауға көмектеседі

-барлығы қанша бала барын айтады

Қ.Б: «Жарайсың!», «Керемет!» сөздері арқылы ынталандыру

М.К

2-тапсырма Т.Ж.«Кім зерек» әдісі әр топқа тапсырмалар беріледі.

1-топ «Бұлттар»

Өрнектің мәнін есепте. Қосындылардың мәндерін салыстыр. Сен нені байқадың?

2-топ «Күзгі жапырақтар»

Өрнектің мәнін есепте. Жұбын таңда. Бос торкөздерде қандай сандар тұрады? Ойлан.

3-топ «Шарлар»

Өрнектің мәнін есепте. Қосындылардың мәндерін салыстыр.Артық шарды тап.

Дескриптор:

қосындылардың мәнін салыстырады

өрнектің мәнін тауып, жұбын анықтайды

-артық өрнекті табады

Қ.Б: топтар бір-бірін қызыл, сары,көк гүлдер арқылы бағалайды

Сергіту сәті

«Шыбын үстау»ойыны арқылы

Шыбынды кім тез жылдам есептесе ұстай алады.

3-тапсырма Жұптық жұмыс «Орындап көр» әдісі

а) 2 парақшадан алады және екі таңбалы сандардан қосуға арналған бір өрнек құрастырып, бір-біріне айтады;

ә) қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолданып, өрнекті тиімді тәсілмен шығарады;

б) ойыншылар бір-біріне таңдаған әдісін түсіндіреді және шешуін айтады;

в) бірін-бірі тексереді. Ойыншы әрбір дұрыс шығарылған өрнек үшін ұпай алады. Кім артық ұпай жинаса,сол жеңеді.

Дескриптор:

-өрнек құрастырады

-ауыстырымдық қасиетін қолданады

-тиімді тәсілмен шешуін айтады

Қ.Б: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

4-тапсырма Ж.Ж «Математикалық көпіршіктер» әдісі

Мысалдарды шығар. Түсіп қалған сандарды торкөздерге жаз. Бірдей жауаптары бар көпіршіктерді тап. Оларды сызықтармен қос және түспен боя.

Дескриптор:

түскен сандарды жазады

-бірдей өрнектерді қосады, бояйды

Қ.Б: «Смайликтер» арқылы бағалау

АКТ

Интербелсенді тақтада

Косудың ауыстырымдылық

қасиетин түсіндіру

Оқулық

оқулық

оқулық

Дәптер 26-бет

Сабақтың соңы

2 мин

2 мин

Кері байланыс

«Блиц сүрақтар» әдісі бүгінгі тақырыпқа байланысты қаншалықты меңгергеніне қарай, сөйлемді жалғастырады

-Қосындылардың орны аусқанымен…….

-Қосудың мәнін есептеуде………

«Бағдаршам»

Жасыл түс-сабақты өте жақсы түсіндім..

Сары түс-сабақты түсіндім,сұрақтарым бар…

Қызыл түс-сабаққа түсінбедім

Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру

деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік, техникасының сақталуы
«Секундомер» әдісінде саралаудың «Қорытынды» тәсілі бойынша барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да ,олардың нәтижелері әртүрлі болады

1-тапсырмада саралаудың «Қарқын» тәсілі бойынша кейбір оқушылар өрнекті орындағанда сыныптастарына қарағанда жылдам орындайды

2-тапсырма«Кім зерек» әдісінде саралаудың «Тапсырма» тәсілі бойынша білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді.

3-тапсырма Жұптық жұмыс саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.

4- тапсырмада Жеке жұмыста«Математикалық көпіршіктер» әдісінде саралаудың Бағалау тәсілі бойынша оқушылар үнемі бағаланып отырады, қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отырылуы мүмкін.

Қ.Б: Мадақтау арқылы, «Жарайсың!», «Керемет!» сөздері арқылы ынталандыру, топтар бір-бірін қызыл, сары,көк гүлдер арқылы бағалайды,

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау, «Смайликтер» арқылы бағалау,

«Бағдаршам»

Жасыл түс-сабақты өте жақсы түсіндім..

Сары түс-сабақты түсіндім,сұрақтарым бар…

Қызыл түс-сабаққа түсінбедім

Топтық жұмыста,қаламмен жұмыс жасауда,сергіту сәтінде дене қимылдарын жасау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.