Жаңа сабақтар

Худайкулова Нұрхан

Пән: қазақ тілі

Мектеп: №127 жалпы орта білім беретін мектебі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім.

Сынып: 2 «Б»

Мұғалімнің аты-жөні: Худайкулова Нұрхан

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Мектеп- бұл менің мұғалімдерім мен сыныптастарым

Мәтін дегеніміз не?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.1.2.1 — мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау

2.2.4.1 — мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.3.6.1 — бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу

2.4.2.6 — сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу

Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздер негізінде мәтін құрамындағы сөздер мазмұны жағынан өзара байланысып тұрғанын табады.

Көптеген оқушылар: мәтіндегі сөйлемдердің мазмұндық жағынан байланысын табады, мәтінге сәйкес тақырып таңдай алады.

Кейбір оқушылар: мәтіндегі сөздер мазмұны жағынан өзара байланысын анықтайды, мәтінге ат қояды, мәтін тақырыбына сәйкес негізгі бөлікті таба алады, мұғалімнің көмегімен мәтіннің ережесіне шығарады.

Бағалау критерийлері
  • Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;
  • Тірек сөздердің негізінде мазмұндық жағынан байланысып тұрған сөйлемдерді табады.
  • Бас әріп пен кіші әріпті ажыратып, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазады
Сөз қоры: Оқушылардың тәжірбиелік сөйлеуіне «Мәтін» сөзінің қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері.

Мәтін тақырыбы, мәтін мазмұны, мәтін бөліктері.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Қай қатарда сөздер берілген?

2.Қандай сөйлемдер мазмұндық жағынан байланыспаған?

3.Қай сөйлемдердің орынын ауыстырып айтуға болмайды? Неліктен?

Құндылықтарды дарыту: Мектеп – білім ордасы туралы, мектептегі мұғалімнің орны туралы, сыныптастар қарым-қатынасының маңыздылығын ұғындыру.
Пәнаралық байланыстар Дүниетану 2.1.2.1 Мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін түсіндіру
АКТ қолдану дағдылары Сын тұрғысынан ойлау, тыңдалым, айтылым, оқылым дағдыларын арттыру
Бастапқы білім. Менің отбасым және достарым тақырыбы аясында білімі бар. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері. Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

5минут

5 минут

Психологиялық ахуал : ( Іс-қимыл арқылы көрсету)

«Аялы алақан» әдісі арқылы жағымды ахуал орнату:

Мақсаты: оқушы бойына жылылық, сенімділік, көтеріңкі көңіл орнатып, пәнге қызығушылығын арттыру.

Нұсқаулық: оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне алақандарын жазады, алақандарына бүгінгі күнге деген жақсы тілек тілейді.

Топқа біріктіру

«Маған ұнайтын түс» әдісі арқылы топқа біріктіру.

Оқушылар әртүрлі маркерлер таратылады. Әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады.

1-топ қызыл түс

2- топ көк түс

3-топ жасыл түс

4-топ сары түс

Бүгінгі тақырып туралы хабарлау мақсатында

Топтық жұмыс беріледі.

1- топ: Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерді мағынасына қарай орналастырып, мәтін құрайды.

2 — топ: «Күз» туралы айту. Оқушы өз ойын айтады.

3-топ: «Менің мектебім» тақырыбында берілген суретке әңгіме құрайды.

4-топ: Суретте берілген сөздердің алғашқы әріптерінен сөз шығарып айту.

( М Ә Т І Н )

https://yandex.kz/images/search?text=мысық%20мультяшный

https://yandex.kz/images/search?text=нан%20суреті

Сабақтың оқу мақсатын хабарлау.

-Балалар, бүгін біз мектеп, мұғалімдер, сыныптастар туралы әңгімелесеміз.

-Мәтін туралы білетін боламыз.

Сабақтың ортасы

7 минут

2 минут

8 минут

8 минут

1 – тапсырманың орындалуы мақсатында МК.Ұ.Ж «Сұраққа жетіп ал» әдісі қолданылады.

тапсырманың орындалу барысында оқушы бірнеше сұрақтарға жауап беру арқылы ережені өз бетінше айтады. Оқы.Салыстыр.Мәтінді көшіріп жаз.

1.Қай қатарда сөздер берілген?

2.Қандай сөйлемдер мазмұндық жағынан байланыспаған?

3.Қай сөйлемдердің орынын ауыстырып айтуға болмайды? Неліктен?

Дескриптор:

— мәтінді оқиды

-сөйлемдерді салыстырады

-көшіріп жазады

Қ.Бмадақтау сөздері арқылы кері байланыс

М.К

Ереже: Мәтін мазмұны жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтін құрамындағы сөйлемдер ортақ тақырыппен бірігеді.

Тыңдалым, айтылым, жазылым

2 – тапсырма: МК.Жұптық ж «Сәйкестендіру» әдісі

Сұрақтарға жауап жаз. Мәтін мазмұнына сәйкес келетін тақырып таңда.

1.Сыныпта қанша оқушы бар?

2.Оның нешеуі ұл бала, нешеуі қыз бала?

3.Сыныптастарың бір-бірімен тату ма?

Дескриптор:

Сұрақтарға жауап береді, жазады.

-Жауаптарынан мәтін құрастырады;

-Сәйкес тақырыпты таңдайды;

Қ.Б «жұлдызшалар»әдісі арқылы жүргізіледі.

Сергіту сәті

«Бұзық телефон» ойыны

Оқушыларды дұрыс айтуға, тындауға ынталандырады.

Оқылым, айтылым,тыңдалым

3-тапсырма Ұ.Ж «Дауыстап ойлау» әдісі

Мәтін тақырыбына сәйкес келетін бөлікті тауып, мәтінді түсініп оқу.

Дескриптор:

-Мәтінді түсініп оқиды;

-Мәтін тақырыбына сәйкес келетін бөлікті табады;

Қ.БЖарайсың! Өте жақсы! арқылы кері байланыс

Оқылым,жазылым, тыңдалым, айтылым

4-тапсырма М.К Т.Ж «INSERT» әдісімен жүргізіледі.

1-топ: алдымен

2-топ: сонан соң

3-топ: сонан кейін

4-топ: ең соңындасөздерін пайдаланып, суреттер бойынша «Мен кезекшімін» тақырыбында мәтін құрап жазады.

Дескриптор:

тірек сөздер арқылы мәтін құрап жазады.

ҚБ: топтар бір-бірін смайлик арқылы бағалау

Оқулық

71- бет

Жұмыс дәптері

54-бет

Оқулық

72-бет

Оқулық

72-бет

Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс (Ұ.Ж) арнайы дайын сурет бойынша алынады.

  • Бүгінгі сабақта маған қызықты болды.
  • Маған қиындық туғызды.
  • Менің көңіл күйім.

Үйге тапсырма 5-жаттығу. Оқулық

72-бет

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
1-тапсырмада саралаудың «Дереккөздер» тәсілі арқылы Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда күрделі мәтінмен жұмыс істей алады.

2-тапсырмада

«Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы кейбір оқушыларға мәтіндерді салыстыруда жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.

3-тапсырмада

«Қарқын» тәсілі бойынша негізгі тапсырмаларды түсіндіруде біршама уақыт берілді.

4-тапсырмада

«Бағалау» тәсілі

арқылы оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызмет пен саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отыруы мүмкін.

Ауызша мадақтау, смайлик, әдісі, жұлдызша арқылы бағалау. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып,

жүйелі дұрыс бағалауға, бағыт- бағдар беруге ынталандырады.

Оқу құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуын ескертемін.
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.