Жаңа сабақтар

Балова Бакыт Умирбековна

Арқалыққаласы «А.Байтұрсынов атындағыжалпы білім беретін
бастауыш гимназиясы» ММ Бастауыш сынып мұғалімі Балова Бакыт Умирбековна

Математика Уақыты: Сынып 4 «А» Мұғалім: Балова Б.У.
Сабақтың тақырыбы Жылдамдық, уақыт және қашықтықты табуға берілген өзара кері есептер. Формула S=v·t
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор
Сабақтың жабдығы суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.
Жалпы мақсаттар

Оқыту нәтижесі

1) Бір — біріне қарама — қарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер шығару әдістерімен таныстыру, жақындау жылдамдығы деген ұғым беру.
2) Оқушыларды қозғалысқа қатысты есептерді шығару дағдыларын, ақыл – ойын, ой — өрісін, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз
ойын қорытындылай білуге баулу.
3) Өз Отанын, елін сүйетін, білімді де, саналы, нағыз патриоттарды тәрбиелеу. Өзіндік бағалауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: топтық — аралас
Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту
Әдістері: түсіндіру, «Ой ашу» стратегиясы, сұрақ — жауап, топтық жұмыс, логикалық тапсырма, көрнекілікпен жұмыс, графикалық тест жұмысы.
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Бағалау парақшасымен таныстыру
Топқа бөлу Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылардың оқу құралдарын толық алуын қадағалап, назарын сабаққа аударамын.
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен,
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.
Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Үй тапсырмасын пысықтау Көбейту кестесін еске түсіру

1. Жылдың бесінші айын ата. / мамыр /
2. Бүгін аптаның қай күні? ( бесінші)
3. 320 мен 1 — дің көбейтіндісі. ( 320 )
4. Шаршы, тік төрт бұрыш, үшбұрыш нелер? (геометриялық фигуралар)
5. 513 пен 515 — тің арасында қандай сан бар? (514)
6. Есік қандай геометриялық фигура? (тік төрт бұрыш)

Оқушылар ауызша орындайды
Жаңа сабақ — Бүгінгі сабағымызда бір — біріне қарама — қарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер шығарып үйренеміз. Сызбаға қарайық. Автокөліктер бір — біріне жақындап келеді.
V¹=40 км/сағ

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.