Жаңа сабақтар

Алагозова Нурлыкан Булекбаевна

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы

Мұнайшы ауылы № 7 орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Алагозова Нурлыкан Булекбаевна

Пәні: әдебиеттік оқу
Күні:
Сынып: 2 Қатысқандар саны Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Менің оқулықтарым

Мәтін :Н. Айтов Оқулық

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 2.1.5.1 — өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу

2.2.9.1 — сұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан, жинақтардан, сөздіктерден табу және ақпаратты берілген үлгі кестеге салу

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Кітапхана ережесін құрады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.Тақырыпты болжайды, анықтамалық кітаптармен жұмыс жасайды, берілген ойды жалғастырады.
Кейбір оқушылар:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.Анықтаманың бірнеше нұсқасын табады.
Бағалау критерийлері 1. Берілген сұрақтарды түсінеді;

2. Сұрақтарға дұрыс жауап береді;

3.Тірек сөздерді қолданады;
4.Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.;
5.Ортақ ой, шешім шығара алады;
6. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік мақсат Кітап – книга –
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Тірек сөздердің айтылуын ,есте сақтау дағдысын қалыптастыру; тірек сөздерді сабақ барысында қайталату.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Не себепті……деп ойлайсыз

1.Кітапхана дегеніміз не?
2.Кітапханаға не үшін барамыз?

3. Біздің мектебіміздегі кітапханашы апайымыздың аты кім?
4. Қандай кітаптарды оқығанды жақсы көресің?

Алдынғы оқу Менің сыныптастарым
Ишара Жасыл-түсіндім; қызыл-сыныптасымның көмегімен түсіндім;
сары-көмек қажет түсінбедім;
Жоспар
Жоспарланған уақыт есебі Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз) Ресурстар
«Шаттық шеңбер»

Балалар бір-бірімен амандасып, танысады, жылы тілек тілейді.

Балаларды бейджиктеріндегі суреттің ретімен үш топқа бөлемін.
1 тапсырма: ҰЖ
Нақыл сөзді түсіндір.

Кітап – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.Дескриптор:

1. Нақыл сөзді дауыстап және қатесіз оқиды;

Сары ,қызыл ,
жасыл , житондар
Басы

Ортасы

2.Нақыл сөздің мағынасын анықтайды;3.Нақыл сөз бойынша қойылған сұраққа жауап береді;

Кері байланыс: «Житондар»

ҚБ « Жұлдызшалар»

2 тапсырма: ӨЖ
Өлеңді түсініп оқы. Жаттап ал.
«Оқулық»
Автор: Несіпбек АйтовДескриптор:

1.Өлеңді мұқият тыңдайды;

2. Өлеңнің мазмұны не туралы екенін анықтайды
3. Өлеңнің авторын атайды;
Кері байланыс: «житондар»
ҚБ «жұлдызшалар»

Сергіту сәті

3 тапсырма: ЖЖ

Сызбаға сүйеніп әңгімеле.
(Автор туралы мәлімет жинақтау)

Несіпбек Айтов — 1950 жылы 22 қыркүйекте Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданына қарасты Теректі Ауылының Апиынды бұлақ деген жерінде дүниеге келген. Ақын «Бөрітостаған», «Құланойнақ» т.б. кітаптары бар.

Дескриптор:

1. Автор жайлы мәліметтер айтады;
2. Бір-бірін толықтырады;
Кері байланыс: «житондар»
ҚБ «жұлдызшалар»

4 тапсырма: ТЖ

Мектепте қандай пәндерді оқисың?

Дескриптор:

1.Өзі оқитын оқулықты атайды;
2.Жиналған ақпаратты кестеге түсіреді.

3. Кестемен жұмыс жасайды;
Кері байланыс: «житондар»
ҚБ «жұлдызшалар»

5 тапсырма:ТЖ

Өлең жолдарындағы ақынның ойын жалғастырып көр.

Дескриптор:

1.Кестедегі өлең жолдарын оқиды;

2. Өлең жолдарын жалғастырып айтады;

3.Бір-бірін толықтырады;

Кері байланыс: «житондар»
ҚБ «жұлдызшалар»

6 тапсырма:ӨЖ

Оқулығың туралы әңгімеле.

Дескриптор:

1.Оқулық туралы әңгімелейді;

2. Оқулық туралы зерттеулер жүргізеді;

3.Бір-бірін толықтырады;

Кері байланыс: «житондар»
ҚБ «жұлдызшалар»

іс-қимылмен көрсетеді.

түрлі-түсті маркерлер

Сабақтың соңы Ой қорыту

Ауызша оқушыларға кері байланыс беру.

Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз қандай?

Сіздерге сабақ несімен ұнады?

Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдіңіздер?

Үй тапсырмасы:
Несіпбек Айтовтың « Оқулық» өлеңін жаттау
Дәптермен жұмыс.

Кері байланыс: «Білім ағашы»

Білім ағашы парақ

шасы стикер

Қосымша мәліметтер
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Қабілетті оқушыға қосымшакарточка

лар беремін. Барлық оқушылар орындай алады:Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Кейбір оқушылар орындай алады:

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Жұптық, топтық, өздік жұмыста жұлдызша,житондар арқылы бағалаймын. Мадақтау, марапаттау арқылы бағалауды жүзеге асырамын. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Ауызбіршілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.