Жаңа сабақтар

Алибекова Сапура Низанкызы

Қызылорда облысы Жаңақорған кенті №169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектебінің педагог-психологі Алибекова Сапура Низанкызы

Сабақтың тақырыбы: Өзімді-өзім танумен өсіп келемін

Құндылық: адамгершілік

Қасиеттер: Мейірімділік, ізеттілік, бірлік, ынтымақ т.б

Сабақтың мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Ресурстар:Мультимедиялық тақта, оқулық ,дәптер, мақалмәтел,дәйексөз,маркер,аққағаз,гүл,жүрек,көбелек суреттері
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ә) оқушылар назарын сабаққа аударуСабақ тақырыбына тарту мақсатында сұрақтар арқылы әңгімелесу өткізіледі:

Жазғы демалыстарыңды қалай өткіздіңдер?

б) Тыныштық сәті

-Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз…Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін…

Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар…Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз.

Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік.

Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында
2. Үй тапсырмасын тексеру
Әңгімелесу мәтінді әңгімелеп беру Мәтінмен жұмыс Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.
Дәйексөз туралы айта кету Халық мақалы
Шығармашылық жұмыс: Оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып, сабақты түсіндіру. Оқушылар тапсырмаларды орындайды
Топпен ән айту Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды
Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып түсінік айту Күнделіктеріне жазады.
Соңғы тыныштық сәті:

— Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.

Оқушылар көздерін жұмып демалады.

Қызылорда облысы Жаңақорған кенті
№ 169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектеп
2 «Д» сынып оқушысы Болатхан Ерасыл Нұрланұлы
жетекшісі: педагог-психолог Алибекова Сапура Низанкызы

Менің отбасым.Эссе

Менің отбасым-анам,әкем,мен. Отбасы — адам өміріндегі ең маңызды, аяулы жандар. Олар сенің қуанышыңмен бөлісетін асыл жандар. Отбасының тірегі — сүйіспеншілік, бірлік және сенім. Отбасы жоқ адам, қанатсыз құспен тең. Ал бірін — бірі сыйлап, бірін — бірі сүйіспеншілікке бөлеп, отырған отбасы бар адам өте бақытты жан. Мен бақыттымын! Себебі менің отбасым қасымда. Мен өз отбасымды үлгі тұтамын және мақтанамын. Менің асқар таудай әкем мен алтын анам бар. Біз үлгі тұтарлық отбасымыз. Мен жанұямды өте жақсы көремін.Олар да мені жақсы көреді Бұлай деуімнің себебі, біз әрдайым сыйластықпен және бауырмашылдықпен бірге қиындықты жеңеміз. Мен отбасымның осы қалпынан тоймай, бақытты ғұмыр кешкенін қалаймын!

Қызылорда облысы Жаңақорған кенті
№ 169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектеп
3 «Д» сынып оқушысы Өтеген Нұрсезім
жетекшісі: педагог-психолог Алибекова Сапура Низанкызы

«Менің арманым» эссе

Әр бір адамда да арман болады. Анам маған «Армансыз адам- қанатсыз құс» секілді болады, кішкентай күніңнен үлкен нәрселерді армандап үйрен деп айтады… Мен қазір 8 жастамын. Бірақ кішкентай болсам да, өзімнің ойымда жүретін арманым бар. Мен ең бірінші тезірек өссем екен деймін. Сонан кейін мектепті өте жақсы бітіріп, дәрігер болғым келеді. Ол үшін көп-көп оқу керек. Дәрігер болсам, ауырған науқас адамдарды емдеп жазар едім. Арманым тезірек орындалса екен….Мен жер бетінде еш адам ауырмаса екен. Барлығы да қуанып, күліп, бақытты болып жүрсе екен деп армандаймын.

Қызылорда облысы Жаңақорған кенті
№ 169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектеп
3 «Д» сынып оқушысыШаменова Аруна

жетекшісі: педагог-психолог Алибекова Сапура Низанкызы

Менің аннам.Эссе

Анам –өмірімнің маңызды бір бөлігі. Мен үшін бәрін істеуге дайын жан. Менің анам-менің ақылшы ұстазым.Әлемдегі ең мейірімді қамқоршым.Егер мен бұзықтық жасасам, анам маған ренжімейді.Оның орнына қателігімді айтып, түсіндіреді.Түзеуге көмектеседі.Өз жағдайынан бұрын менің жағдайымды ойлайды.Ауырып қалсам,ұйықтамай менің жанымда болады.Менің жақсы көретін тамағымды істейді.Мені сабақтан күтіп алады.Мен үлкен болғанда менің жақсы адам болғанымды қалайды.Мен де өскенде аннам секілді болғым келеді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.