Жаңа сабақтар

Сәметова Ұлдай Жақыпқызы

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын «Құлыншақ» балабақшасы

Өткізген: Сәметова Ұлдай Жақыпқызы

Тексерген: Танжарикова Жаннат Таяубайқызы

«Жарқырайды шыршамыз»

Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы түсінік бере отырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлау.

Көрнекілік: Әдемі безендірілген зал, ортада көркем шырша

Балалар жаңа жыл әнімен залға кіреді. Шеңберге тұрады.

Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, Құрметті ұстаздар мен ата-аналар. Біз сіздерді келе жатқан Жаңа 2019 доңыз жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда жаңа табыс, бақыт тілейміз.

Жаңа жылдық таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді

Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін

Бәрімізге мына жыл арайлы

Құтты болсын ағайын!

Жаңа жылың тағы да

Қол соғып қарсы алайық

Шақырайық ортаға

Ертеңгілік басталсын

«Қошақан» тобында! (балалар келіп шеңберге тұрады)

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, айнала қандай әдемі. Мына ортада тұрған шыршаға қараңдаршы, әдемі безендірілген екен. Балалар сендерге ұнадыма?

Біздер бүгін жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық. Мерекелерің құтты болсын. Бүгінгі мерекеге байланысты балаларымыздың әнін тамашалайық

Ән: «Шырша жыры»

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балаларендеше, орындықтарға жайғасайық. Балаларымыздың шыршамызға арнаған тақпақтарын тыңдайық

1.Нұрсезім: Тауда туып, тауда өсіп

Шырша келді ортаға

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

2.Мейрамбек: Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

3.Кәусар: Базарлықты баршаға

Әкеліпті ол тағы

Қарасын деп тамсана

Безендірдік шыршаны

Осы кезде музыка әуенімен залға Аққала кіреді:

Аққала: Менің атым Аққала

Ән саламын шаттана

Аққаланы айналып

Кел, ойнаңдар, шаттана

Жүргізуші: Сәлеметсіңбе Аққала!

Аққала: Балалар, сендер мені таныдыңдар ма? Мұрным менің сәбізден, көзім менің көмірден, басымда шелегім, қолымда сыпыртқым бар, қардан жасалған Аққаламын. Балалар, сендер менің қасымда тоңып тұрған жоқсыңдарма?

Балалар: Жоқ

Аққала: Ал егер қолдарың тоңып қалса не істейсіңдер?

Жүргізуші-балалар: Біз шапалақтаймыз

Аққала: Ал егер аяқтарың тоңса ше?

Жүргізуші-балалар: Біз топылдатамыз.

Аққала: Жарайсыңдар. Балалар сендер ойын ойнағанды жақсы көресіңдерме?

Балалар: Ия

Аққала: Әрине, жақсы көреміз, ендеше бойымызды сергітіп ойын ойнайық.

Ойын: «Аққала құрастыру»

Жарайсыңдар балалар ойынды жақсы ойнайды екенсіңдер. Тамаша.

Жүргізуші: Аққала әрі қарай бізбен бірге бол. Бірге көңіл көтерейік. Балалардың әліде өнерлері көп.

Осы кезде көңілді музыкамен Буратино билеп кіреді:

Буратино: Ой, неткен әдемі шырша! Сәлеметсіңдерме, балалар! Менде сендермен жаңа жылды тойлауға келдім. Қанекей бірге билейік.

«Gumi-gumi» биі

Жүргізуші: Жарайсыңдар, Буратино әрі қарай бізбен көңіл көтер. Балалардың өнерлерін тамашала.

Балалар бір дауыс естігендей болдым. Осы Аяз ата мен Ақшақар адасып кеткен жоқпа екен? Қане, шақырайықшы А я з а т а , а я з а т а, а я з а т а

( Музыка әуенімен залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді)

Аяз ата: Армысыңдар қарақтарым,

Армысыңдар, құлындарым

Жаңа жылды алып келдім

Ақ шырақты жағып келдім

Сендерге мына балаларым

Тәтті сыйлық алып келдім!

Ақшақар: Жаңа жылдың жаршысы

Ақшақармын мен аппақ

Кім би билеп, ән салып

Кім айтады тақпақ?

Жүргізуші: Қош келдіңіз Аяз ата, қош келдіңіз Ақшақар төрлетіңіздер.

Аяз ата: Балалар мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Ақшақар қызым, қане, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!

Ақшақар:-Қуант бізді,таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)

Жүргізуші: Аяз ата, АқшақарЕндігі кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік.

4. Ж.Раяна: Тақпақтарды жаттадық

Би биледік көрсін деп

Аяз ата қуанып

Бізге риза болсын деп

5.Әмірхан: Қалып едік сағынып

Күтіп алдық жабылып

Жолын қойдық жарық қып

Шыршаларға шам іліп

6.С.Ақниет: Жаңа жыл келгенде

Қуанып қарсы аламыз

Аяз ата келгенде

Билейміз ән саламыз

7.Алина: Сказка новогодняя

В двери постучит

Дед мороз с подарками

В гости к нам примчит

8.Лайық: Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын Жаңа жыл

Ата-әже, әке-шеше

Құтты болсын Жаңа жыл

9.Айлан: Жасыл желен жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

10.Қ.Ақниет: Аяз ата сыйлығын

Алайық айтып жаңа жыр

11.Дидар: Жаңа жылды қарсы алдың

Мініп алып күймеге

Менде бүгін ән салдым,

Араластым биге де

12.Амира: Дала нұр, қала нұр

Құтты болсын Жаңа жыл

13. Асылтас: Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына

14. А.Аян: Кел жаңа жыл біздерге

Кел жаңа жыл, жаңа жыл

15.Ақбаян: Оралдың өлкеме

Жаңа жыл армысың

Оранды ақ көрпеге

Асқар тау, қарлы шың

Ақшақар: -Өте тамаша, балалар өнерлерің өрге жүзсін. Меніңде, сендерге арнаған өнерім бар. Менің ұлпа қыздарым қайда қанекей бірге би билейік.

Би: «Ұлпақарлар»

Жүргізуші: Жарайсыңдар, қыздар. Енді балаларымыздың тақпақтарын жалғастырайық

16.Зарина: Новогодний Дед Мороз

Нам подарки принес

Расскажу ему стишок

Пусть подарит весь мешок

17.Нұртас: Бақша іші мереке

Ойын күлкі асқақ ән

Жақсы әпкелер жаңа кеп

Мерекені бастаған

18.Өркен: Әкелсін жыл ырыс құт

Әлемде болсын тыныштық

19.Малика: Будет очень весело

Будем танцевать

В новый год, всех радостно

Дружно-поздравлять

20.З.Аян: Келді,келді жаңа жыл

Қуанып қарсы ала біл

21.Ясмин: Жылдың әнін бастайын

Аяз ата кеп қалды

Майысады жас қайың

Көтере алмай көп қарды

22.Сұлтан: Жаңа жыл, Жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр

23.Үміт: Аққырауға малынған

Ақша қардай сақалы

Көптен күтіп сағынған

Көрдік Аяз атаны

24.Шахкерім: Жаңа жылым мол болсын

Баскан кадам он болсын

Төрле, төрле Жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын

25. Н.Раяна: Қызыл ала шапаны

Сағындым Аяз атаны

26.Айдын: Жүзімізге күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Ендігі кезекті балаларымыздың биіне берейік. Қане, тамашалайық

Би: «Елочка стояла»

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Қане орнымызға отырайық. Балалар ортамызға бізбен бірге бір жыл болған ит жылын шақырайық.

Ит жылы: 12 ай болдым сіздермен

Кеткелі тұрмын қоштасып

12жыл өткен соң

Қайта келем қуанып

Қане енді келгелі тұрған жыл доңызды шақырайық

Доңыз жылы: Армысыңдар халайық

Бармысыңдар халайық

Өткен жылға өкпем жоқ

Жаңа жылды қарсы алайық

Жүргізуші: Балалардың орындауында ән

Ән: «Жаңа жыл»

Аяз ата: Ал жаңа жыл, қадамыңа нұр бітсін. Қош келдің төрлет. Балаларға сыйлықтарын беретін кез де келді, қане сыйлықтарын берейін балалардың.

Балалар, бүгін мені бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарыңа рахмет. Ал енді біз жолға шығайық. Басқада балалар өнерін тамашалайық. Қош сау болыңдар!

Жүргізуші: Кірді міне, есік қағып жаңа жыл

Ала келді айтылмаған жаңа жыр

Ескі жылмен қоштасамыз әндетіп

Шыршаларды түрлі түсті сәндетіп

Құрметті қонақтар осымен бүгінгі біздің «Жарқырайды шыршамыз» атты мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға бақыт пен қуаныш алып келсін! Сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.