Жаңа сабақтар

Лепесова Зульфия Әлиқызы

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы

МКҚК «Құлыншақ» балабақшасы

Тәрбиеші: Лепесова Зульфия Әлиқызы

Тақырыбы: Алтын күз.

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме ата-аналар, ұстаздар , кішкене ғана менің бүлдіршіндерім. Бүгінгі «Гүлдер» тобының «Жомарт күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Балалар қазыр қай мезгіл?

Балалар:Күз мезгілі

Жүргізуші: Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Балалар: Көктемде шашқан дәндерімізді күзде жинаймыз, күн суытады жаңбыр жауады жапырақтар сарғайып жерге түсе бастайды.

Жүргізуші: Күз дегеніміз балалар байлық молшылық , қаптаған астық картоп қарбыз қауын алма жүзім, осының бәрі күзде пісіп жетіледі. Әне қарандаршы далада, талдарда бәрі сап сары. Сондықтанда халық күзді «Жомарт күз» деп атаған. Сол кезде есік қағылады.

Жүргізуші: Балалар бізге кім келді есікті кім қағып жатқан кәне көрейікші ( күз кіріп келеді) ой балалар бізге Күз Ханшайымы келіпті. Қош келдің күз ханшайымы.Жаңа ғана сіз жайлы айтып жатыр едік

Күз ханшайымы: Сәлем өрен достарым

Алақанды тос бәрің

Қызығыма қараңдар

Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Би билейік ойнайық

Балалар: Күзге сәлем!

Бүкіл әлем сары алтындай жапқан кілем

Сәле сәлем алтын күз

Жаны жомарт жарқын күз!

Жүргізуші: Қош келдің «Алтын күз» Өзіңмен бірге береке байлық мол ырыс әкелгеніңе біз қуаныштымыз. Енді балалардың өзіңе арнаған өнерін тамашала. Біздің балалардың өзің туралы ән тақпақ ойындарыда көп. Сіз бізге қосыласызба «алтын күз»?

Алтын күз: Әрине балалар мен сендерге қосыламын әнде айтамын биде билеймін ойында ойнаймын.

Жүргізуші: Қәне балалар «Алтын күзге» арнаған тақпақтарыңды айта қойыңдаршы.

Айлин: Келді міне күз

Айнала сары түс

Керемет тамаша

Қандай әсем күз

Айару: Жеміс жидек пісті

Қамбаға астық түсті

Қызу жұмыс басталып

Жинап алды тан салып

Иманғали: Көктем көзін бір алмай

Қызғылт тартты сары күз

Жер қызығын қия алмай

Маужырап тұр сары күз

Ерасыл: Қуандырып біздерді

Көп жемісті алтын күз

Өлкемізге күз келді

Кемелденсін халқымыз

Алтын күз: Ой жарайсындар балалар сендер мен туралы тақпақтарың өте керемет екен. Қанекей балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Кім менімен ойын ойнайды қолдарынды көтеріңдерші. (ортаға балалар шығады)

Ойын: Үстел үстінде тұрған жемістердің дәмін ажырата білу

Алтын күз: Жарайсындар балалар сендер жемістердің дәмін жақсы ажырата білесіңіз екен.

Жүргізуші: Балалар бір нәрсенің дыбысы естіледі, бізге қонаққа біреу келген келе жатқан сияқты. Бұл кім болды екен? Біз жапырақтың астына тығылып қалайық

(Осы кезде найзағай дауысы естіліп залға бұлт кіреді)

Сұр бұлт: Мен қара бұлтпын. Қаласаңдар осы жерге жаңбыр жаудырамын, қарда жаудырамын. Осында мен алтын күздің бар екенін естіп келдім. АААА Бәлем сен мұнда жүр екенсіңғой. ( Бұлт алтын күздің қолынан ұстап алып кетіп қалады.)

Жүргізуші: Балалар бұлт алтын күзімізді алып кетті. Алтын күз болмаса мерекеде болмайды. Сондықтанда біз алтын күзді іздеп табайық. Алтын күздің мына сиқырлы жапырағы бізге жол көрсетеді. Қане балалар орнымыздан тұрып көзімізді жұмайық, сиқырлы сөзді айтайық Кап кап тик так. (Балалар көздерін ашады, музыка ойналып ішке Орманшы атай кіріп келеді)

Орманшы атай: Орманның ішін жинастыруым керек, жапырықтар толып кетіпті. Мен орман ішін сыпырғыммен жинап тазалаймын. Бұл кезде балалар ортаға шығып жапырақтармен желпіп тұрады тұрады.)

Алтын сары қызыл көк,

Алуан алуан жапырақ ,

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Мына жапырақтар маған бағынбай жатырғой. (Балалар отырып қалады) Мына жапырақтар менімен ойнағылары келіп тұрғой. Мен оларды қуайын. (Балалар қашып орындарына отырады)

Орманшы атай: менімен ойнап жүрген балалар екенғой . Сәлеметсіңдерме балалар. Менің орманыма қош келдіңдер, орманнан не іздеп жүрсіңдер.

Жүргізуші: Сәлеметсізбе орманшы атай , біздің мерекеге Сұр бұлт келіп Алтын күзімізді алып кетті. Сіз бізге көмектесесізбе?

Орманшы атай: Әрине көмектесемін балалар: Бірақ алдымен ойын ойнап көңіл көтеріп алсақ қалай?

Ойын: «Ата-ана өз баласын табу»

Ойын шарты: ата-ана көзін лентамен байлап балалрды сипап ұстап сезу арқылы өз баласын табу керек.

Орманшы атай: Жарайсыңдар балалар ойынды да жақсы ойнадық, орманыдыда жинадық. Мен қазыр сұр бұлтты ертіп алып келемін. Ол сендерден кешірім сұрап Алтын күзді қайтарып береді.

Орманшы атай: Сұр бұлт сен алтын Алтын күзді қайтарып бер. Балалардың мерекесін бұзба

Сұр бұлт: Балалар сендер маған ән айтып би билеп берсендер Алтын күзді қайтарамын.

Ән: Күз жомарт( хормен айтылады)

Би: Тентектер биі.

(балалардың әнін тыңдап биін тамашалап болғаннан кейін Сұр бұлт Алтын күзді әкеліп береді) Орманшы атай алтын күзді алып келеді

Жүргізуші: Рахмет сізге орманшы атай. Алтын күзді табуға көмектескеніңізге. Енді біз мерекемізді жалғастырайық.

Орманшы атай: менде орманға барып жұмыстарымды жасап, орманды тазалауым керек. Сау болыңдар балалар.

Алтын күз: балалар сендерге коп рахмет.

Жүргізуші: Ерте ерте заманда өсіріп бау бақшаны

Еңбеек сүйген адамға Адал тауып ақшаны

екі қолға бір күрек Күнелтіпті бір бағбан

Табылыпты әмәнда Мәпелеп өсіп баққаны

Сұлтанбек: Алма кетті домалап

Көше бойын жағалап

Кім алманы ұстаса

Сол ойыннан шығады

Әмине: Өрік алма шие алша

Жидек жеміс піседі

Қауын қарбыз піседі

Дүкендерге түседі

Диас: Мен шиемін шиемін

Күннің көзін сүйемін

Қышқыл шырын менде бар

Төмен басты иемін.

Бағбан: таласпаңдар қойыңдар

Араздықты жойыңдар

Бәрің қымбат мен үшін

Бағбанмын ғой мойындар

Қане балалар енді біздер Олжастың орындауындағы Күзгі вальс Әнін тыңдап қыздарымыздың биін тамашалайық .

Би: Күзгі вальс

Жарайсыңдар балалар өте керемет екен

Жүргізуші: Алтын күз, Орманшы атай сізге балаларымыздың өнері ұнап жатырма?

Алтын күз: Иә Әрине ұнады. Өте өнерлі ақылды балалар екен. Балалар Бағбанның сіздерге әкелген сыйлығы бар екен

Бағбан: Иә әрине балаларға өзімнің бау- бақшамнан жинап әкелген жемістерім бар, соларды балаларға ұсынсам деп едім

Жүргізуші: балалар күз арқылы білеміз

Жомарттықтың салтын біз

Біз өзіңді сүйеміз

Рахмет саған «Алтын күз»

Алтын күз: күзгі бақта қонақтар!

Айналайын балалар ,

Мерекеңіз бүгінгі,

Естен кетпес күн болды.

Бақыт тілеп бәріңе

Аман саулық тіледім.

«Сау-болыңыздар» балалар

Жүргізуші: Осымен «Гүлдер» тобының «Алтын күз «атты ертеңгілігі аяқталды

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.