Жаңа сабақтар

Қуатқазина Марал Қуатқазықызы

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы «Алтын бала» шағын орталығының
музыка жетекшісі Қуатқазина Марал Қуатқазықызы

Тақырыбы: «Тәуелсіздік — ел тірегі »

Мақсаты: Бүлдіршіндерге еліміздің тарихы туралы түсінік беру. Рәміздерімізді қастерлеуге үйрету. Өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет – ғұрпы, салт – дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға. Ұлтжандылыққа, достыққа, саналылыққа тәрбиелеу .

Көрнекілік:Шарлар, суреттер, гүлдер.

Әдемі әуен қосылады, ортаға жүргізуші шығады.

Жүргізуші: құрметті қонақтар, сүйікті балалар бүгінгі біздің ертеңгілігіміз Отанымыздың Тәуелсіздік күніне арналады.

-Балалар, Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алды және егеменді ел болды.

Тәуелсіздік — ата-баба арманы

Тәуелсіздік жеңіс елді шарлады

Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы!

Жүргізуші:Ал енді ортаға балабақшамыздың бүлдіршіндерін шақырайық!

Үнтаспадан Р. Рымбаева орындауында «Қазақ елі» әні естіледі.

Балалар әдемі әуен ырғағымен қолдарына жалауша ұстап залға кіреді, би қимылдарын көрсетеді.

Жүргізуші:Барша халық таныған, Біздің үміт тілекті.Шырқалғанда әнұран, Шаттық кернеп жүректі .

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады. Балалар орындарына отырады.

Жүргізуші:

Рәміздерім елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы ең кіші.

Рәміздерім -әнұран, ту, елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

1бала: Тамирлан

Айналайын аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

2бала: Ясмин

Елтаңбасы елімнің,

Неткен көркем әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

3бала: Айсұңқар

Отанымның гүлі көп,

Өсіп, баулап, баптаған

Бақытты елдің ұлы боп,

Жүргеніме мақтанам!

Ән «Тәуелсіз ел ұланы» орынадйтын «Бәйтерек» тобы.

Жүргізуші:Бәрі де сенің ОтаныңБойыңды биіктететін.Рухына балап атаның Өлгенше сүйіп өтетін.

Би «Айгөлек» орындайтын «Айгөлек» тобы.

Жүргізуші: Балалар ,«Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары:

-Отан дегеніміз елім, жерім, бауырым, табиғатым.

Жүргізуші: Ал, біздің балалар Отанға деген жылы сөздерін тақпақпен жеткізеді.

Тәуелсіз ерікті ел болдық,Сүйікті Отаным ардақты.Бақытты балдаурен баламыз.Мың алғыс өзіңе , Отаным!

Көгінде күн нұрын төккен,Жерінде гүл жұпар сепкен,Неткен сұлу, неткен көркем,Осы менің туған өлкем.

Отанды біз атамекен

Деп аялап атаймыз,

Өйткені оны мекен еткен,

Бабамыз бен атамыз.

Отаным – өзегім сен,

От алдым өзіңнен мен.

Жаралдым топырағыңнан

Нәр алдым өзеніңнен.

Жүргізуші:Отан туралы,ел жайлы кім мақал –мәтел біледі екен?

1 бала: Отан елдің анасы,

Ел — ердің анасы.

2 бала:Отан оттан да ыстық.

3 бала: Туған жердің күні де ыстық,

Үні де ыстық.

4-бала:Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.

5-бала: Отанды сүю — от басынан басталады.

6-бала:Ел іші — алтын бесік.

7-бала:Пәлен жерде алтын бар,
Өз жеріңдей кайда бар.

Ән «Менің отаным» орындайтын «Айгөлек» тобы.

Жүргізуші: –Бүгін бізде үлкен той – Қазақстан Республикамыздың Тәуелсіздік күні. Балалар, бір сәт тарих қойнауына үңіліп, біздің қастерлі белгілеріміз не дейді екен, тыңдап көрейікші.

Алтын адам:

Жас ұрпақ, сенің сақ бабаң,

Алтынға мені ораған.

Өйткені, оның ең қымбат,

Тәуелсіздігін қорғағам!

Барыс:

Таулардың мекендеген қарлы шыңын,

Киелі Азияның барысымын.

Оты бар кеудесінде ұл-қыздарды,

Жеңіске жетелейтін намысымын!

Пырақ:

Мен пырақпын, қанаты бар тұлпармын,

Көз талдырар биіктікке құштармын!

Ұста мықтап қанатымнан, мен сені,

Мекеніне жеткіземін құстардың.

Қыран:

Өр кеуде, алғыр қыранмын,

Биіктік мәңгі тұрағым.

Қиянды шырлап, самғаймын,

Еркіндік менің ұраным!

Би «Толғау» орындайтын «Бәйтерек» тобы ұлдары.

Жүргізуші:Туған жерге нұр шашып жарық берген,

Қуаныш пен мол бақыт алып келген.

16-желтоқсан шуақ болып,

Тәуелсіздік еліме алып келген.

Ән «Біз өмірдің гүліміз» орындайтын «Балапан» тобы.

Жүргізуші:Ендігі кезекті «Айгөлек» тобының туған жер туралы тақпақтарына берейік.

1-бала: Казахстан — мой любимый край!
Всё, что хочешь здесь выбирай:
Есть народ здесь, в нём есть душа,
Моя Родина так хороша!

2-бала:Всё что здесь — нигде не найти,
По какому ни шёл бы пути,
В этом крае краше земля
Казахстан, как люблю я тебя!

3-бала: Я люблю тебя за поля
Те, что нам подарила земля,
И закаты, и звёзды в ночи,
Солнца дар — золотые лучи!

4-бала:Пенье птиц тебя будет ласкать,
Лучше края тебе не сыскать.
В этом крае краше земля!
Казахстан, как люблю я тебя!

5 бала: Мой Казахстан – степей просторный край

Мой Казахстан – страна любви и дружбы.

Мой Казахстан! Ты мир для всех народов –

Расти, мой Казахстан, и процветай!

Ән «Бұлқынды жүрек» орындайтын «Бәйтерек» тобы қыздары.

Жүргізуші: Бауырласып бір туысқан,

Ұлттары көп — жүзден астам,

Тілі түлеп, діні оралған

Тәуелсіз ел – Қазақстан!

Ән «Туған елім» орындайтын «Бәйтерек» тобы.

Жүргізуші:-Еліміз үшін қасиетті болып саналатын осы белгілер бейнеленген Мемлекеттік рәміздеріміз туралы не білеміз?

Қазақстан туы. (С.Қалиұлы)

Көк аспандай көкпен бек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек

Елдің ашық қабағы

Ақ ниетті алтын күн

Асқақ арман –қ ыраны

Жалау бұл халқымның

Мәртебесі, мақтаны.

Елтаңбасы елімнің (С.Қалиұлы)

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі!

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі

Құт, береке-шаңырақ

орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.

Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте.

Бізддің Отан –Қазақстан,

Ел басамыз – Нұрсұлтан.

Орталығымыз –Астана —

Жаңа туған жас қала!

Би «Қара жорға» орындайтын «Айгөлек» тобы ұлдары.

Жүргізуші: Кең байтақ туған өлкем Қазақстан,

Мен сені арқашанда мақтан тұтам.

Алтын дән, мыс, мырышы, мұнайымен

Баршаны байлығымен таңғалдырған

Төбеңде көк байрақты желбіретіп

Жасашы, жасай берші, Қазақстан!

Ән «Тәуелсіздік тірегім» орындайтын «Бәйтерек» тобы қыздары.

Жүргізуші:Балалар сендер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарысыңдар. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға міндеттісіңдер. Саналы, білімді азамат болу үшін не істеу керек?

Балалар: Еңбек етуіміз керек .

-Біздің қазіргі еңбегіміз не ?

Балалар:Оқу!

Би «Домбыра» орындайтын «Айгөлек» тобы қыздары.

Жүргізуші: Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.
Көкорай белестері мақпал кілем,
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.

Қазақстан, замананың заңғарында,
Халқыма мекен болған жайлауың да.
Алатау ақ самайлы басын иген
Қайратты қарт Қаратау қойнауында.

Ән «Атамекен» орындайтын тәрбиешілер.

Жүргізуші: Бүгін, міне,Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз. Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін деп бүгінгі мерекемізді аяқтаймыз. Сау болыңыздар !

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.