Жаңа сабақтар

Тағылымды тәлімгер – жас маманның зергері

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі арнайы пән оқытушысы Тоқсанбаев Рахметолла Мұханбетқалиұлы

Бүгінгі таңда білім саласындағы ең маңызды мақсаттардың бірі оқытудың сапасын арттыру, оны халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, сондай-ақ жұмыс берушілердің талаптарын ескеру, олармен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстарды сапалы жасау болып табылады.

Еңбек қызметінің алғашқы тәжірибесінің қаншалықты табысты болуы маманның кәсіптік қалыптасуына байланысты болады, бұл ұйым дамуының перспективаларынан көрініс табады. Тәлімгерлік – бұл білікті маманмен жүзеге асырылатын білім мен тәжірибені беру мақсатында жас ұжымға (не болмаса жеке тұлғаға) басшылық ету.

Жұмысын жаңа бастаған студенттің (стажер) өзінің колледжі емес, қызу жұмыс жасап жатқан кәсіпорынның ішінде жүруіне байланысты өз мінез-құлқы бағытын құруда қиыншылықтарға кез болуы; теориялық білімнің бәрін бірдей іс-тәжірибеде қолдана білмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда тәлімгердің мінез-құлқы студенттің (стажер) қабылдайтын мінез-құлықтың бірден-бір моделіне айналуы мүмкін. Бұл кезеңде тәлімгер өз тәрбиеленушісінің «қорғаушысына» айналады .

«Мұғалім ісі қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі». Тәлімгер деген құрметті атаққа ие болудың өзі — бір бақыт. Тәлімгер-өмірлік тәжірибесі мол, нағыз еңбекқор, ізденімпаз, ұшқыр ойлы маман. Нағыз мықты тәлімгер ғана салауатты да, саналы, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыра алады. Тәлімгер – тәлім-тәрбие беріп, бағыт-бағдар көрсетуші, бар адами қасиеттерді бойына жиған талантты адам. Бүгінгі таңдағы тәлімгердің жан-жақты дамыған, жеке тұлға қалыптастыруда атқарып жатқан еңбектері ұшан-теңіз. Ұлы тәлімгерлердің жолын жалғастыра отырып, жаңашыл тәлімгер болмысын сомдар болсам, біріншіден, тәлімгер-үздіксіз ізденуші. Кез келген тосын сұраққа жауап беріп, кез келген ситуациядан шыға алатын білімдар жан. Ізденіс негізінде ол әрқашан теориялық білімін кеңейтіп, методикалық шеберлігін арттырады. Тәлімгер – еркін шығармашылық иесі. Оны үйрете жүріп үйренуші деуге әбден болады. Өз бетінше іздене жүріп әрекетіне сараптама, талдау жасаумен қатар шығармашылығын да шыңдай түседі. Шығармашылықпен айналысатын өзге тәлімгерлер еңбегімен таныса жүріп, өзінің де шығармашылық, ізденіс жұмыстарымен бөліседі. Тәлімгер –жетелеуші, алға ұмтылдырушы.

Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер – тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. Біздің облысымызда осындай ізгілікке ізденіс пен ерен еңбектің арқасында көптеген жетістікке жетіп, көзге көрініп жүрген Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің «Пісіру ісі» мамандығының арнайы пән оқытушысы Карабасова Жамиланы мақтанышпен айтуға болады.

Мен, аталған оқу орнында еңбек жолымды 2013 жылы оқытушылық қызметтен бастадым. Мұғалімдік қызметті бастағанымда Жамила Джанабаевна менің тәлімгерім ретінде бекітілді. Жамила апай тәлімгерім ретінде маған мұғалімдік мамандықтың қыр сырымен жете таныстырып, қызығушылығымды арттырды. Ұстаз бала алдында өзінің жүріс тұрысымен, сөйлеу шеберлігімен, дауыс ырғағымен яғни барлық жағынан үлгі болуы қажет. Сондай қасиеттердің барлығы осы мұғалімнің бойынан табылады. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын» демекші үлгі тұтар Жамила Джанабаевнаны ұстаздық жолда жеткен жетістіктерін мақтанышпен, тізбектеп айтқым келеді:

Карабасова Жамила Джанабаевна Маңғыстау политехникалық колледжінде еңбек жолын 2000 жылы бастаған.

Қатысқан ғылыми-конференциялар мен семинарлары:

  • 2015 жылы Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің ұйымдастыруымен өткен «Дуальды оқыту — сапалы білім негізі» атты облыстық семинар-практикумда «Дуальді оқыту жүйесі бойынша тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбындағы баяндама;
  • 2015 жылы «Жаңа білім кеңістігін қалыптастыру» тақырыбындағы облыстық семинар-практикумда «Применение интерактивного тренажера виртуальной сварки в процессе обучения» шеберлік сабақ;
  • 2016 жылы М. Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжінде өткен «Сабақ барысында оқытудың жаңа технологияларын қолданудың тиімді жолдары» облыстық әдістемелік семинар-практикумда «1114000-«Пісіру ісі» мамандығы бойынша «Курстық жұмысқа мамандықтар бойынша әдістемелік көмек» тақырыбындағы баяндама;
  • 2018 жылғы 26-28 сәуір «Автоматтандырылған СІS «Worldskills Aktau» өңірлік чемпионаты құзыреттіліктері бойынша өнірлік сарапшылардың жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар-тренинг қатысушысына сертификат.

Шығармашылық жетістіктері:

  • 2015 жылы 1114000 «Пісіру ісі» мамандығы студенттері үшін «Методические указания по выполнению лабораторных работ для студентов специальности 1114000 «Сварочное дело» атты орыс тілінде Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінің 2015 жылы №1/2-ші хаттамасымен бекітіліп, облыс көлемінде таратылды.
  • 2015 жылы 1114000 — «Пісіру ісі» мамандығы бойынша «Пісіру конструкцияларын есептеу және жобалау» пәнінен курстық жобаны орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінің№3/5-ші хаттамасымен бекітілді.
  • 2016 жылы 1114000 — «Пісіру ісі» мамандығы бойынша «Пісіру жұмыстарының арнайы технологиясы» пәніне арналған электрондық оқулығы жасақталды.

Шәкіріттерінің жетістіктері:

  • 2015 жылы «World skills Kazakstan» ұлттық чемпионатына белсенді қатысқаны үшін студенті Ж. Ізтөре Алғыс хатқа ие болды.
  • 2016 жылы «World skills Kazakstan» өңірлік чемпионатында «Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігі бойынша студенттері Е. Ізтөре I-ші орынды және Ж. Ізтөре II-ші орынды иеленді.
  • 2017жылы «World skills Kazakstan» өңірлік чемпионатында «Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігі бойынша студенттері Қалманов Әділет I-ші орынды иеленді.
  • 2017 жылы «Batysskils» аймақаралық чемпионатында «Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігі бойынша студенті Ізтөре Ерғазы I-ші орынды иеленді.
  • 2019 жылы «Worldskills Aktau» өңірлік чемпионатында «Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігі бойынша студенті Нурлыбаев Ақылбек I-ші орынды иеленді.

Марапаттары:

  • 2015 жылы «World skills Kazakstan» ұлттық чемионатын ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін Алғыс хаты;
  • 2015 жылы Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «Кәсіпқор Холдингі» КЕАҚ Дипломы;
  • 2015 жылы халықаралық «За вклад в развитие технического и профессионального образования в Республике Казахстан» медалі;
  • 2015 жылы Білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін Маңғыстау облысының Білім басқармасының Алғысы;
  • 2016 жылы жұмысшы мамандығының «World skills Kazakstan» кәсіптік шеберліктің Ұлттық чемпионатының өңірлік кезеңін ұйымдастыруға және өткізуге қосқан зор үлесі үшін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Алғысы;
  • 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Маңғыстау облысы әкімдігінің Алғыс Хаты;
  • 2016 жылы «Үздік педагог-2016 » облыстық байқауының 1орын иегері;
  • 2018 жылы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хат .

Колледжімізде беделді әріптесіміз, отбасында бір үйдің түтінін түтетіп, ата мен енеге қызмет етіп, адал жар атанып, үш бірдей қызды, алтын асықтай ұлды тәрбилеп отырған аяулы ана.

Оның қайсар мінезі, қазақи аржарқындығы мен қызметіне деген адалдығы жас мамандар үшін үлгі боларлық.

Самалы бол Отанның салқындаған,

Сандуғаш бол, сайратсын алтын далаң.

Семсері бол Отанның қынабында,

Сертке ұстаса, селт етпей жалтылдаған — деп, Мұқағали Мақатаев айтқандай қорыта келгенде айтарым, қазіргі заман тәлімгері — заман талабына сай, жан-жақты, білім мен тәрбиені ұштастыра білген, жаңа технологиялармен қаруланған жас маманның бағбаны.

Алдағы уақытта да әріптесім, әрі тәлімгерім Жамила Джанабаевнаға шығармашылық табыс, рухани байлық, ұстаздық шабыт, білімді де, білікті шәкірттерінің көп болуын тілеймін!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.