NIS

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕПТЕ ҚАРЖЫГЕРЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАРЖЫ САҒАТЫ ӨТТІ

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектепте Қаржыгерлер күні қарсаңында «Астана» Халықаралық Қаржы орталығының ұйымдастыруымен арнайы танымдық қаржы сағаты өтті. Халықаралық Қаржы орталығы Елордамыздағы мектептерде «Қаржы күні» жобасын іске қосып, жоғары сынып, оның ішінде 10-12 сынып оқушыларына әңгімелесу, интерактивті ойындар форматында кездесу өткізуді жоспарлаған болатын. Нәтижесінде, Халықаралық Қаржы орталығы бизнесті дамыту тобының менеджері А.А.Жармаханбетов Халықаралық мектептің 10 сынып оқушыларымен арнайы жүздесуге келді, — деп хабарлайды «Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалының баспасөз хатшысы Сандуғаш Кожина.

Қаржы сағаты аясында Халықаралық Қаржы орталығы бизнесті дамыту тобының менеджері А.А.Жармаханбетов білім алушыларды болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ұйытқы болатын қаржы сауаттылығының негіздерімен таныстырды. Сонымен қатар, кіріс пен шығыс, шығындарды азайту, кәсіби мамандардың кеңестері, дұрыс ойлау және әрекет ету және т.б. тақырыптар төңірегінде қосымша ақпарат пен білім берді. Оқушылар Халықаралық қаржы орталығының менеджеріне өздерін қызықтырған сұрақтары мен сауалдарын жолдап, қаржы жинақтаудың тиімді жолдарына қатысты ой өрбітті.

«Бүгінгі қаржы сағаты біз үшін өте қызық болды. Қазіргі таңда қаржылық тұрғыдан сауатты болу адамзат үшін негізгі қажеттіліктердің қатарында тұр. Себебі кәсіпкерлік пен бизнес қарқындап дамыған уақытта, біз де заман ағымына сай бәсекеге қабілетте бола білуіміз шарт. Қаржы сағатында кәсіби маманға түрлі сұрақтар қойып, толыққанды жауап алдық. Біз үшін арнайы уақыт бөліп келгеніңізге рахмет айтамыз», — деп оқушылар бірауыздан жылы лебіздерін білдірді.

Танымдық сағаттың соңында Халықаралық Қаржы орталығы бизнесті дамыту тобының менеджері А.А.Жармаханбетов оқушыларға Қазақстанда шығатын бірден-бір ғылыми-көпшілік «OYLA» (ОЙЛА) журналын сыйлық ретінде табыстап, естелік суретке түсті. Бізде өз тарапымыздан, оқушыларымыздың қаржылық білімін, дүниетанымын кеңейтуге бағытталған танымдық сағат ұйымдастырғаны үшін «Астана» Халықаралық Қаржы орталығына алғысымызды білдіреміз!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.