Жаңа сабақтар

Токаева Гульнара Алибековна

Алматы қаласы,Наурызбай ауданы

№157 жалпы білім беретін мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Токаева Гульнара Алибековна

Сабақтың тақырыбы: Ана – аса қымбатты жан
Мақсаты: Балалардың аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту.
Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ертеңгіліктің тақырыбы жазылған плакат. Суреттер, шар, гүл суреттері.
Мұғалім: — Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке!
Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару — ана, Ару — асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару — өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, қыздарға арналған, классымыздың ер балаларының дайындаған «Ана — аса қымбат жан!» кешімізге қош келіпсіздер!
Балалар бәрі: Құттықтаймыз анашым, 8 — ші Наурызбен!!!

Мұғалім: Уа, ағайын, ағайын.
Көктем келді жайнаған.
Бау — бақшада бүгін той.
Қош келдіңіз ағайын.
Раушан гүлдер жайнаңдар.
Гүлдей жайнап тұрыңдар.
Құттықтаймыз сіздерді.
Мерекеңмен бүгінгі.

Тақпақтар

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.