Жаңа сабақтар

Кеимова Баян Бурхамбаевна

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы

№157 жалпы білім беретін мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Керимова Баян Бурхамбаевна

Дөңгелек үстел тақырыбы: «Табиғат біздің ортақ үйіміз»

Мақсаты: Оқушылардың ғаламшар, табиғат жалпы жер әлемі туралы білімдерін тиянақтау. Шығармашылық ойлау, әңгімелеу, сөйлеу процесін дамыту. Табиғат құбылысының әсемдігін көре білуге, қабылдауға оған қамқорлық аяушылық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ғаламшар, табиғат көріністері, қабырға газеті, табиғат бұрышы, табиғат туралы мақал-мәтелдер, слайд, видеоролик.

Түрі: Дөңгелек үстел

Әдісі: Сұрақ-жауап, талдау, іздену

Дөңгелек үстел барысы:

Кіріспе сөз.

Мұғалім өлең оқу. /Музыка әуені жүріп тұрады/

Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің

Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным

О, туған жер, тамашасың, көркемсің!

Кең дала көремісің сонау жатқан,

Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан

Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,

Әне сол анам еді мені тапқан.

Ойласаң табиғатпен адам егіз

Жылдың сол мезгілінен өзге неміз?

Табиғатсыз қоғам жоқ, болған емес,

Ал қоғамсыз, табиғаттың өзі де өлі

Табиғаттың бауырысың , досысың

Аянбау да керек шығар дос үшін

Екеуінің араңдағы байланыс

Өмірбақи үзілмесін, қосылсын.

1.Мұғалім сөзі

Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Табиғат біздің ортақ үйіміз» атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер! Бүгін біз Табиғат жайлы, оны қорғау мен аялау, сүйіспеншілік көрсету жайлы әңгіме өрбітетін боламыз.Табиғат – сұлулықтың таусылмас көзі. Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз. Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын қайталайық.

Шаттық шеңбері

Қайырлы күн, күнім, далам, орманым

Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім

Қайырлы күн өсімдіктер жәндіктер

Қайырлы күн бар тіршілік иесі!

-Өте жақсы орындарымызға жайғасайық.

2.Дөңгелек үстелді бастамас бұрын «Табиғаттты аялайық» тақырыбына арналған слайд-шоуға назар аударайық.

3. Дөңгелек үстелдің мақсаты мен сұрақтарына тоқталып өту.

Оқушыларға табиғат адамзаттың өмір сүріп, еңбек етіп отырған ортасы екенін айтып өту, табиғатқа қамқорлық жасауға аялап қорғай білуге тәрбиелеу. Табиғаттың әрбір бөлшегі, адамзат баласы үшін асқан байлық, қазына екенін адам өмірінің қорғаушысы денсаулықтың кепілі екенін балаларға кеңінен толық ұғындыру.

Бүгінгі дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар.

Табиғат дегеніміз не?

Судың қандай қасиеттерін білесің?

Ауа бізге не үшін керек?

Табиғаттан алынатын тағамдарға нелер жатады?

4.Әр сұрақтан кейін сыныптағы оқушылардың да жауаптары, пікірлері тыңдалады.

5. Қорытынды сөз

Видеоролик көрсетіледі. Талқылау

Сен табиғатты қорғау үшін қандай үлес қосар едің?

Әр оқушы өз ойын білдіреді.

Соңында стикерлерге табиғатқа тілектерін жазып глобусқа жабыстырады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.