Жаңа сабақтар

Шиндалинова Ажар Ғаппасқызы

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы «Алтын Бала» шағын орталығының
психологы Шиндалинова Ажар Ғаппасқызы

Баланың қорқыныш сезімін қалай женуге болады?

Баланың қорқыныш сезімін түсіну дегеніміз – оның сол қорқыныштан құтылуына көмектесіп, өзіне деген сезімін ояту.

Көптеген ересектердің баланың қорқыныш сезімін ойдан

шығарылған не қыңырлығы деп есептейтін белгілі. Сол себептен оған жеткілікті көңіл бөлмей, көзіне де ілмей, қарамай қояды .

Баланың қорқыныш сезімі неше жасында пайда болады

және ол неден қорқады ?

4 айлығынан бастап-ақ нәресте өзіне жақын адамдарының

жанында бар-жоғына көңіл аудара бастайды .

7 айлығында анасының жанынын кетіп қалғанын сезіп ,

алаңдап , тынышсызданып , жылый бастайды .Себебі ол

жалғыз қалудан қорқады.Анасының кең құшағында сәби

өзін жайлы сезінеді, өзін жақын адамы қауіп-қатерден

қорғайтынын біледі, анасының жұмсақ алақаны мен жылы

сөзі өзіне деген сенімді оятады, ал оның жанында жоқтағы

оған үлкен соққы болып тиеді.

Егер анасы сәбиінің бойындағы осындай үрейіне «еркелігі»,

«балалығы» деп салғырттықпен қараса, бұл баланың

бойында келешекте жалғыздықтың алдындағы немесе жанына

жақын адамынан айырылып қалу қорқынышын тудырады.

Жалғыздық алдындағы қорқыныш не себепті туындайды

Нәресте дүниеге келсе де , ол әлі анасымен кіндігі арқылы

эмоцианалдыды жағынан тығыз байланысты болады . Анасы

мен өзін сәби бөлінбейтін , біртұтас дене –деп қабылдайды.

Сол себепті анасының кетіп қалғанын біле бастасымен –ақ,

қамқоры мен мейірімін сезіне алмай қалады . Осының салда-

рынан баланың бойында аландаушылық пайда болып, бара-

бара ол қорқыныш сезімге ұласады.

Қорқыныш қалай пайда болады?

Пайда болу себептері өте көп. Зерттеу нәтижесінде ер балалардың

қорқыныш сезімі қыз балаларға қарағанда аз байқалатындығы

дәлелденді. Оған қоса, әкесі не шешесі жоқ отбасында өсіп келе жатқан ер балалардың қорқыныш сезімі отбасы мүшелері толық ортада өскен ер балаға қарағанда, басырмақ.

Түндегі қорқынышты түстер.

Балалардың барлығы да түнде қорқынышты түстен шошып оянады. Оның себебі, өңінде болған оқиғаларға байланысты: қоқынышты фильмдер, ертегілер, ұрыс-керіс, қатты соққы. 2 жастағы баланың қорқынышты тус көруіне баланың анасынан айырылуы, ата-анасының тым қаталдығы, махабаттың жетіспеушілігі себеп болады. Оны жақсы түсіну үшін өзіңіздің балалық шағыңызды есіңізге түсіріңіз: қараңғыда төсектің астынан бір құбыжық шыға келеді.

Баланың түнде ұйқысы тыныш болсын, шошымасын десеңіз, төмендегі кеңестерге назар салыңыз:

  • Ең алдымен, үйде тыныштық сақтаңыз. Теледидардың дауысын басыңыз, ақырын сөйлесіңіздер.
  • Ұйықтар алдында бала психикасы тынығу қажет. Ойыншықтармен ойнатыңыз, суреттер қызықтаңыз, ертегі айтып беріңіз, сурет салғызыңыз.
  • Егер баланың інісі (ағасы) не қарындасы болса, онда олар бір-біріне ұйықтағанда кедергі жасамауды үйренуі керек. Болмай бара жатса, бөлек бөлмелерге жатқызыңыз.
  • Баланың төсегі ыңғайлы, үлкен болсын, өте жұмсақ болмасын, бұл омырқасының қисаюына алып келеді. Бөлме іші қапырық және өте жылы болмасын, Шамды бала түнде оянса, төсектен тұрмай-ақ өзі жаға алатындай етіп орнатыңыз.
  • Әдетте бала сүйікті ойыншықтарын құшағына алып жатса, тез ұйықтайды. Сіздің төсегіңізде ұйықтауға рұқсат бермеңіз.
  • Тамағын жатардан екі сағат бұрын беріңіз.
  • Бесік жырын айтыңыз, соңы жақсылықпен аяқталатын ертегі оқыңыз, оны жақсы көретіңізді білдіріңіз.

Баланың қорқыныш сезімін бейтараптандыруға (залалсыздандыру) арналған бағдарламалар.

Барлық бала сурет салуды жақсы көреді. Бұл үш жастан кішкентайыңыздың сүйікті ісіне айналады. Психологтардың айтуынша, сурет арқылы ол өзінің сезімдері мен көңіл күйін, қызығушылығын, тілегін, арманын, мінез-құлық ерекшелігін, ішкі жан дүниесінің күйзелісін бейнелейді.

Қорытынды ретінде «Мен кім болғым келеді?» тақырыбын таңдаңыз. Бұл баланың өзіне деген сенімен арттырады, қиндықтарды жеңе білуіне көмектеседі. Ол өз болашағын салады, ал онда қорқынышқа орын жоқ.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.