Жаңа сабақтар

Сергетаева Роза Касымбековна

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

«Толғауы тоқсан қызыл тіл»

Мектеп : Түркістан облысы Түлкібас ауданы Жаскешу ауылы С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі
Күні:16.11.18 ж Мұғалімнің аты-жөні: Сергетаева Роза Касымбековна
СЫНЫП: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» өлеңі
Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын оқу

мақсаттары

7. А/И3 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері; эпифора, анафора, аллитрация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау.
Сабақ мақсаттары Шығармадағы көркемдегіш құралдарды табады.
Шығармадағы көркемдегіш құралдардың түрлерін ажыратады.
Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі Талдау, қолдану
Бағалау критерийі 1.Шығармадағы көркемдегіш құралдарды табады.

2. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың түрлерін ажыратады.

3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды.

Тілдік мақсаттар Оқушылар тақырыпты түсініп, сабақ барысында берілген тапсырмаларды орындайды.
Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Кек, заманақыр, қоңсы, қайыр, пара, азулы, кәпір, жарлы

Сыныптағы диалог /жазылым үшін пайдалы тілдік тіркестер :зар заман, тар заман, хал кету, пара алу, тәубеден жаңылу.
Талқылауға арналған сұрақтар:

1 ) Шортанбай зар заман ақындары қатарына қосылу себебі неде деп ойлайсың ?

2 ) Шортанбай шығармаларының басты тақырыбы

3) Бүгінгі заманның Шортанбайларына кімдерді жатқызасыз?

Құндылықтарға баулу Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық.
Пәнаралық байланыс Қазақстан тарихы : ХІХ ғасырдағы тарихи оқиғалар, қазақ тілі
АКТ қолдану дағдылары презентация, сілтемелер
Алдыңғы оқу Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы.Зар заман, зар заман ақындары туралы білетіндері сұралады.
Жоспар
Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуға тиісті іс-әрекеттер Ресурстар
Басы

10 мин

2мин

8 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал.Аффирмация арқылы оқушыларды жігерлендіру.

Рефлексия жүргізу.

Балалар,қандай көңіл-күйдесіздер?

Бүгінгі сабақты табысты түрде меңгереміз бе?

Ізденіс пен белсенді әрекеттерге дайынсыздар ма?

Топқа біріктіру

Оқушылар Шортанбай Қанайұлы шығармаларының атауларымен топтарға біріктіремін.

1-топ-«Тарихшылар» тобы

2-топ- « Әдебиетшілер» тобы

3-топ-«Зерттеушілер» тобы

Ш.Қанайұлы туралы бейнебаян көрсету.

Ортасы

20 мин

«Зар заман» өлеңінен үзінді тыңдату

1-тапсырма

І топ.

Ақынның айтпақ ойын үзіндіден тауып, өз пікіріңді білдір. Шортанбай заман өзгерісін қалай түсінді және қалай жырлады? .Заманды бұзған кімдер?

ІІ топ.Ақынның айтпақ ойын үзіндіден тауып, өз пікіріңді білдір

Бұл асылық,асқан заманда

Ұл туады атаменен егесіп,

Қыз туады анаменен теңдесіп

ІІІ топ. Ақынның қорқу себебін көрсететін үзіндіні тауып, өз пікіріңді білдір.

Қос жазба күнделігі

Үзінді пікір

Дескриптор

-Үзінді арқылы заман бейнесін ашады.

-үзіндідегі ойға сыни тұрғыдан баға береді.

ҚБ:Кері байланыс. «Бутерброд» әдісі

2-тапсырма ЖЖ.

Жұптарға өлең жолдары бөлініп беріледі. Олар өлең жолдарынан көркемдегіш құралдарды ( эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) тауып, төбесіне көркемдегіш құрал түрін жазып қояды.

3-тапсырма ТЖ.

Оқушылар топқа бірігеді. Мәтіннен тапқан көркемдегіш құралдарды талқылап, «Фишбоун» әдісі арқылы сызбаға түсіреді. Сынып алдында қорғайды.

Орындалу барысы:

басы – тақырыптың мәселесі;

үстіңгі сүйектері – көркемдегіш құрал түрлерін жазу;

астыңғы сүйектері – көркемдегіш сөздерге мәтіннен

тапқан мысалдарды жазу;

құйрығы – шығарманың көркем тілі жайлы түйінді сөз.

Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек. Олар тірек сөздерден немесе тақырыптың негізгі ойын ашатын фразалық сөздерден болуы мүмкін.

Дескриптор:

оқушылар тақырыптың негізгі мәселесін анықтайды;
— мәтіндегі көркемдегіш құрал түрлеріне кемінде 5 мысал келтіреді;
— көркемдегіш сөздердің түрлерін үзінді арқылы дәлелдейді;
— шығарма жайлы түйінді ой қорытады.

ҚБ:Бағдаршам. «Топаралық бағалау»әдісі

Оқулық

Оқулық

Тапсырма жазылған парақтар

Соңы

10 мин

  1. мин
1.Бекіту тапсырмасын орындату.Тест

«Bilimland»порталы тапсырмасын орындатамын.

Дескриптор:

1.Дұрыс жауапты сәйкестендіреді.

2.Дұрыс жауапты белгілейді.

3.Тест орындайды

ҚБ:Бағалау кестесі

Сабақ соңында қойылатын сұрақтар

Оқушыларды рефлексияға шақыру үшін және кері байланыс беру мақсатында оларға мынадай сұрақтарға жеке және бірлесе жауап беруді тапсырамын:

— Сабақтың мақсатына жеттік пе? Неліктен олай ойлайсыздар?

— Сабақтан кейінгі көңіл-күйіңіз қандай?

— Сабақта ең маңызды не болды?

— Өз жұмысыңызға қанағаттанасыздар ба?

— Өзіңізді не үшін мақтар едіңіз?

— Сабақ қорытындысы бойынша кімді мақтар едіңіз? Неліктен?

— Кімнен жақсы көмек алдыңыз?

2.Рефлексия.Өзін-өзі бағалау

«Зерде» әдісі

Білім Эмоция Баға Сын Идея
Бүгінгі

сабақтан

не алдым?

Көңіл- күйім қандай болды? Өз жетісті

гімді қалай бағалаймын?

Өз бойымда әлі нені дамытуым керек? Тапсырма орындау кезінде қандай жаңа ой келді?

3.Үйге тапсырма:«Зар заман»өлеңінен үзінді жаттау. «Шортанбай поэзиясынан алар тағылым»(ойтолғау жазу)

«Bilimland»сайты
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын сақтау

Әр оқушының танымдық қабілетіне байланысты «Қос жазба күнделігі», «Фишбоун», «Қос диаграмма»

әдістерін таңдадым.

Қабілеті жоғары оқушылар шығармадағы көркемдегіш құралдарды тауып талдайды, білімдерін шығармашылық тұрғыда қолданады, проблемаларды шешеді, өз көзқарастарын дәлелдейді.

Әр тапсырмаға дескриптор құрамын. Оқушылардан кері байланыс алу арқылы білімдерін толықтырып отырамын. Мадақтаулар айтып, «Бағдаршам» әдісі арқылы өздеріне бір-бірін бағалату арқылы олардың әдебиет пәніне деген қызығушылығын арттырамын. Бүгінгі сабақта әдеби шығарманы Қазақстан тарихы пәнімен байланыстырдым, себебі қазақтың ақыны Ш.Қанайұлы өмірде болған және қазақ елінің басына түскен ауыр күнді жанайқайымен жырлаған.
Рефлексия

Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.