ҚР БҒМ - МОН РК

PIAAC зерттеуінің нәтижелері жарияланды

15 қараша күні ересектердің дағдыларын бағалау жөніндегі PIAAC халықаралық зерттеуінің үшінші раунды нәтижелері жарияланды. Зерттеу нәтижелерін ресми жариялау үшін 18 қараша күні ҚР Білім және ғылым вице-министрі
Ш.Каринованың қатысуымен брифинг өтті.

Ауқымдылығы мен жоғары әдістемелік стандарттарға байланысты PIAAC зерттеуінің бірінші циклі 39 ел мен аймақтың қатысуымен үш раундта өткізілді. Әр раундтың мәліметтері әр жылдары жиналды. Дегенмен, барлық раундтардың нәтижелері өзара салыстырылады.

ЭЫДҰ-ның халықаралық есебінде көрсетілгендей, PIAAC үшінші раунды мүше елдердің көпшілігі (алтауының төртеуі) кіріс деңгейі орташадан жоғары елдер болып табылатындығымен ерекшеленеді. Жалпы алғанда, PIAAC мүше елдердің көпшілігі — табыс деңгейі жоғары елдер. Үшінші раунд осылайша Қазақстан ересектерінің дағдыларын табыс деңгейі ұқсас елдермен салыстыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан, өз кезегінде, табыс деңгейі орташа ел болуына қарамастан, 3-ші раундтағы елдердің осы екі тобының бел ортасында. Оқу, математикалық сауаттылық, сондай-ақ проблемаларды шешу дағдыларының ең жоғары деңгейін алған ересектердің үлесі Венгрия мен АҚШ-қа қарағанда төмен, бірақ Эквадорға, Мексикаға және Перуге қарағанда жоғары. Сонымен қатар, Қазақстан табысы жоғары бірқатар елдердің деңгейіне жетіп отыр, мысалы, математикалық және оқу сауаттылығы бойынша Испанияның, оқу жағынан – Италиямен тең.

PIAAC оқу, математикалық және жоғары технологиялық ортада есептерді шешу дағдыларын бағалау бойынша толық халықаралық салыстырмалы зерттеу болып табылатынын атап өткен жөн. Бұл дағдылар кез келген адам үшін күнделікті өмірде де, еңбек қызметінде де маңызды болып табылатын «ақпаратты өңдеу бойынша негізгі құзыреттілік» болып саналады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.