Жаңа сабақтар

Айтуреева Айжан Ержанқызы

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қайнар елді мекені, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің география пәнінің мұғалімі Айтуреева Айжан Ержанқызы

Сабақтың тақырыбы: Австралияның табиғат зоналары

Сабақтың мақсаты: Австралияның табиғат зоналарының қалыптасуы, органикалық дүнесінің таралу ерекшеліктері мен себептерін топпен талдау арқылы мазмұнын ашу.

Сабақтың міндеттері:

1. Бейне жазба арқылы тақырыпқа қызығушылығын ояту.

2. Мәтінді талқылау және постер дайындау арқылы мағынаны ашу

3.Зообақ әдісі арқылы ой тұжымдау.

Болжамдап отырған нәтиже: Австралияның табиғат зоналарын білуі.

Құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, мальверт,

Көрнекіліктер: жер шарының физикалық картасы, дүниежүзінің табиғат зоналар картасы, қосымша әдебиеттер көздері,суреттер ,бейне жазба,плакаттар,маркерлер

Оқыту технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдіс тәсілдері: ой шақыру әдісі,номенклатурамен жұмыс әдісі, Миға шабуыл, зообақ,колаж әдісі, сұрақ – жауап, топпен оқыту,постер дайындау,өзін – өзібағалау, ойлан,жұптас талқыла,картамен жұмыс.

Пән аралық байланыс: биология

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • сәлемдесу, түгендеу
  • оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақ-жауап.

Номенклатурамен жұмыс

Қорытындылау.

ІІІ.Қызығушылықты ояту сатысы

« Болжау » әдісі бойынша тақырыпты тану

ІV. Жаңа сабақ.

  1. Тақырыпқа байланысты бейне жазба
  • «Мағынаны ашу »

  • « Коллаж әдісі»

  • Қорытындылау.

    V. Жаңа сабақты бекіту.

    Зообақ әдісі арқылы

    VІ. Қорытындылау

    Сабаққа байланыстыбейне жазба

    VІІ.Оқушыларды бағалау.

    VІІІ. Үйге тапсырма беру.

    Сабақтың барысы:

    І. Ұйымдастыру кезеңі

    А)Оқушылармен амандасып,түгендеп зейіндерін сабаққа аудару. Ә)Сыныпты 3 топқа бөлу,топ басшысын сайлау, мақсат міндеттерімен таныстыру

    Б)Бағалау парағын үлестіріп бағалау критерилерімен таныстыру.

    1-топ. Кенгуру 2-топ. Эму түйеқұсы 3-топ. Ехидна

    Бағалау критерийлері

    25 – 20 ұпай «5» 19 – 15ұпай «4» 14-10ұпай «3»

    ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

    «Алма ағашы » ойыны (сұрақ-жауап)

    «Номенклатурамен жұмыс»

    1-топ. Кенгуру Эйр көлі

    2-топ.Эму түйеқұсы Муррей өзені

    3-топ. Ехидна Дарлинг өзені

    ІІІ. Қызығушылықты ояту сатысы

    « Болжау » әдісі бойынша тақырыпты тану

    ІV. Жаңа сабақ

    Австралия туралы интербелсенді тақтадан көрсетілетін бейне жазба көрсету.

    « Мағынаны ашу »

    1. мәтінді талқылау (ойлан,жұптас,талқыла)

    Тапсырмалар.( кітаппен жұмыс)

    1-топ. Кенгуру Тропиктік шөл мен шөлейт зонасы

    2-топ.Эму түйеқұсы Саванналар мен сирек ормандар

    3-топ.Ехидна Ылғалды тропиктік ормандар

    « Коллаж әдісі» арқылы жануарлар мен өсімдіктер суретін орналастыру

    1. постер дайындау, тақырып бойынша өз ойларын қағазға түсіру (сурет салу)

    Критерилері:

    1. Тақырыптың ашылуы -5
    2. Эстетикалық сапа — 5
    3. Уақытты тиімді пайдалану — 5

    Әр топ өздерінің жасаған жұмыстарын қорғайды.

    Қорытындылау.

    V. Жаңа сабақты бекіту Зообақ әдісі арқылы. Оқушылар кез келген жануар немесе өсімдік туралы қосымша мәлімет береді.

    VІ.Сабақты қорытындылау. Жаңа сабақ бойынша бейне жазба көрсету

    Кері байланыс парағын алу

    VІІ. Оқушыларды бағалау.

    Әр топ басшыларынын оқушыларды бағалағанын тыңдау және белсенді топты анықтап бағалау.

    VІІІ. Үйге тапсырма. Кескін картаға түсіру

    Аустралия мен Африканың табиғат зоналары және органикалық дүниесінің ұқсастығы мен айырмашылығына талдау жасау.


    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.