Жаңа сабақтар

Серикбаева Турганкуль Еримбетовна

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қайнар елді мекені, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәнінің мұғалімі Серикбаева Турганкуль Еримбетовна

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика түрлері

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;

Оқушылардың компьютерлік графикамен

жұмыс ты үйрету арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;

Оқушыларды жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу;

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Техника қауіпсіздігін білесіңдер ме?

ІІ.Сұрақ – жауап кезеңі.

  1. Модель дегеніміз не?
  2. Модельдерді сипаттау әдістері?
  3. Сипатына қарай модельдер қаншаға бөлінеді?
  4. Модельдердің қасиеттері?
  5. Материалдық модель деген не?
  6. Бейматериалдық модель деген не?
  7. Модельдеу деген не?

ІІІ.Ой қозғау.

ІІІ.Жаңа тақырып.

Компьютерлік графика

Компьютерлік графика – бұл ЭЕМ көмегімен модельдерді және олардың кескіндерін құруға, сақтауға және өңдеуге арналған информатиканың бір бөлімі.

Компьютерлік графиканы қолданатын аймақтар:

  1. Ғылыми графика, зерттеу нәтижелері;
  2. Іс жүргізудегі графика, жоспарлық көрсеткіштер;
  3. Конструкторлық графика, жұмыс сызбалары;

-Видеосабақтар, Мультимедиялық презентациялар;

  • Компьютерлік анимация; — Компьютерлік ойындар;
  • Жарнамалық графика; — Интернет, WEB-парақты дайындау;
  • Медицинада, Компьютерлік томография;

  • Сән аймағында, Маталар мен киім үлгілерін модельдеу.

Компьютерлік графиканың түрлері:

  • Растрлік графика
  • Векторлық графика
  • Фракталдық графика

Растрлік графика дайын бейнелерді өңдеу үшін және Интернетте қолданылады.

Векторлық графика көбінесе жаңа бейнелерді жасау үшін, ал кейбір жағдайларда оларды өңдеу үшін қолданылады.

Фрактальдік графика математикалық есептеулер жолымен бағдарламала құрудан тұрады.

  1. Растрлік графиканың негізгі элементі нүкте болып табылады.
  2. Нүктелерден тұратын растрлік бейнелер үшін оның рұқсаттылығы аса маңызды.
  3. Рұқсаттылық дегеніміз ұзындық бірлігіндегі нүктелер саны.

Экрандық бейненің рұқсаттылығы. Бейненің экрандық көшірмесі үшін растрдің қарапайым нүктесін пиксель деп атаймыз. Пиксель өлшемі экрандық рұқсаттылыққа, түпнұсқа рұқсаттылығына және бейнелеу масштабына байланысты өзгереді

Растрлік графиканың артықшылықтары:

  • Сурет салу қарапайымдылығы және айқындылығы.
  • Масштабтау қажет болмаған жағдайда күрделі бейнені жылдам өңдеу мүмкіндігі.
  • Бейнені құру қарапайымдылығы – кез келген ұнаған бейнені сканерден өткізсе болғаны.
  • Бейнені оңай баспадан шығаруға болады.

Растрлік графиканың кемшіліктері: Бейнені айналдырудағы және басқа да түрлендірудегі қиындықтар, себебі растрлік бейне бір тұтас объект түрінде беріледі.

Масштабтаудағы, яғни пикселдеудегі қиындықтар, яғни бейнені үлкейткенде бейненің бұзылуы.

Растрлік бейне сақталған файлдың көлемінің үлкен болуы.

Векторлық графика

Векторлық графиканың негізгі элементі түзу болып табылады.

Ондағы бейне геометриялық фигуралардың жиынтығы түрінде беріледі. Әдетте нүктелер, түзулер, тіктөртбұрыштар, шеңберлер және т.б. фигуралар алынады

  1. Барлық бейнелер түзулерден құралады.
  2. Түзудің алатын жадыдағы көлемі түзудің өлшемінен тәуелді болмайды, себебі түзу формула түрінде беріледі.

Векторлық графиканың артықшылықтары:

  1. Көлемінің шағын болуы;

Оңай масштабтауға болады; Оңай түзетуге болады. Векторлық графиканың кемшіліктері:

  1. Шынайы бейнелерді құрудағы қиындықтар;
  2. Тұтас аймақты бейнелеу мүмкіндігінің болмауы, себебі объектілер «сым» қаңқа түрінде ұсынылады;
  3. Суреттеу алдында алдын ала өңдеуді қажет етеді.

Фрактальдік графика

Фрактальдік графиканың негізгі элементі математикалық формула болып табылады. Ондағы бейнелер теңдеулердің көмегімен құрылады. Сондықтан компьютер жадысына тек бағдарламаны ғана сақтаса жеткілікті.

Графикалық редактор – компьютердің көмегімен бейнелерді құру және өңдеу мүмкіндігін беретін бағдарлама.

ІV.Сергіту сәті.

V.Компьютермен жұмыс / деңгейлік тапсырма/

VІ.Бекіту тесті.

Компьютерлік графика қаншаға бөлінеді?
А/ 5 ә/ 4 б/ 3 в/ 2
2. paintқандай редактор?

а/ мәтіндік
ә/ сурет пішімдеуге арналған

б/ мәтін пішімдеуге арналған

в/ графикалық
3. Әртүрлі кескіндерді компьютер көмегімен алуды қарастыратын информатика саласы.

а/ мәтіндік редактор
ә/ мәліметтер базасы

б/ компьютерлік графика

в/ компьютерлік желі

  1. Пиксель сөзінің мағынасы:

а/ нүкте

ә/ сызық
б/ теңдік
в/ доға

  1. Растрлық графиканың негізгі элементі.

а/ нүкте

ә/ сызық
б/ теңдік
в/ доға

  1. Бағалау.

9. Үйге тапсырма. Компьютерлік графиканың ерекшеліктері мен кемшіліктері


Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.