Жаңа сабақтар

Жубатырова Райхан Утегеновна

Атырау облысы, Құлсары қаласы «Айналайын» бөбекжай-бақшасы

«Балбөбек» ерте жас тобының тәрбиешісі Жубатырова Райхан Утегеновна

Тақырыбы: «Күзгі Ханшайым мен Ханзада» Ата-анамен жұмыс

Мақсаты: Күз туралы балалардың дүниетанымындарын арттыру, күз мезгілінің қоршаған ортаға әсерін таныту, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл — күй сыйлау. Әр баланың бойындағы қасиеттерін ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ қызымен жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
Өзіңсің жер дүниенің гүлдендірер,
Сап — сары алтындай боп айналамыз
Алтын күз мерекесі күз айының
Береке боп орнықсың арамызда.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата — аналар мен балалар! Ел байлығын арттырған, берекелі күз айы да келді. Күз бізге жемістерімен, көкөністерімен егістіктегі астығымен келеді. Бүгінгі « Күзгі Ханшайым мен Ханзада» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Армысыз асыл халқым ақ жүректі,
Баласына арналған ақ тілекті
Сыңға түсер достары арасында,
Ер намысты ер жүрек ұлдар кепті
Жас ұлан ғой ертеңі ел мақтаны
Қырандар ғой тәңірі көк аспаны
Арта берсін абырой мен атақ даңқы
Қарсы алайық құрметпен қыздарымызды
Ұстанған қазағымның ата — салтын
Жансың лайым бәрінің жұлдыздары -, дей келе Ханзада мен Ханшайымдарымызды ортаға шақырайық! Қарсы алыңыздар!(Байқауға қатысушылар кезекпен ортаға шығады)
Куанышбекова Тумар, ата- анасымен.
Барақбай Нұрсезим,ата-анасымен.
Бакытбек Дамир, ата-анасымен.
Қалдыбек Мирас, ата-анасымен

Жүргізуші:
Күз келіп хан мен ханшайым
Өткізді күзгі бал айын
Ханшайым тапқыр қыз болады
Ағызар сөйлеп сөз майын
Ал, ханымыз ақылды
Барша жұртты шақырды
Би де билеп ән айтты
Қуаныштан шалқыды.
Жүргізуші:
Кімдер жүйрік өнерпазды білейікші
«Ханзада мен Ханшайым» деп жүрейікші
Әділқазы алқасынан әділдікті
Ал балаларға сәттілік тілейікші — дей келе сайысымызға әділ бағасын беріп, төрелік жасайтын әділқазы алқасымен таныстырайық
Балабақша меңгерушісі:
Тәрбиеші:
Ата — ана
Жүргізуші:
Қайсы әнші, кім биші,
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық!- деп өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
1 — бөлім: «Тегімді менің сұрасаң…» (өзін таныстыру)
2 — бөлім: «Өнерлі бала – елдің көркі» (өнер сайысы)
3 — бөлім: «Сұлулық сыры» (сән үлгісі)
4 — бөлім: «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (Жумбақтар шешу,ата-анаменбала).
5 — бөлім: «Дарумендер денсаулық сақшысы» (Салат жасау,ата-анамен бала).
6-болім: «Күз сыйы» корме (көкөністер мен жемістерді жарнамалау,ата-анамен бала).

Жүргізуші:
Есте қалар бұл күндер,
Бал — бұл жанған жыр күндер
Бүгін өнер көрсетпек
Оза шапқан дүлділдер
Ойнап, тойлап күлейік
Жеңімпазды білейік
Талапкердің бәріне
Шалқар шабат тілейік.
Жүргізуші:
Ақыл — көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді — деп сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң…» деп аталады. Сайысқа қатысушыларымыз өздерін таныстырып өтеді.
Дамир:
Ассалаумағалейкум халқым, жерім,
Кіші жүз Қаракесек елім менің
Нүрсеитов Асланбектің бел баласы,
Нұрыммын Жетпіспайдан шыққан тегім
Үйің мықты болады,
Тандай білсең ағашын
Орта жүздің ішінде
Қыпшақ болады нағашым
Болашағы қазақтың
«Тоғжан» балабақшамыз
Әлемді таң қалдырған
Тобым менің «Көгершин»
Бірі – әнші, бірі — ұшқыш,
Бірі болар өнер тапқыш
Ел қорғайтын қол басшы,
Мүмкін шығар ел басшы
Тумар:
Қорқыт бабам жатқан,киелі елім
Қорқыт бабамыздың тұяғы едім
«Тоғжан» балабақшам үкілеген
Сәлемін дүйім жұрттың ала келдім
Атым – Тумар болады сұрасаңыз
Тілеу деген кешегі бір атамыз
Аққанат пен Айгерімдей әкем — анам
Пана болып біздерге жүз жасаңыз
Көп айтып өз жайымды не қылайын
Одан да өнеріммен таң қылайын
Кішіге үлгі үлкенге өнеге боп
Сахынаның төрінде сән құрайын
Жүргізуші:
— Балалар жылдың қай мезгілі
— Балалар күз мезгілінің ерекшеліктерін ата?
Б: Жапырақтар сары, қызыл болып, шөптер қоңыр, сарғыш түске боялды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн бірте қысқарады. Жаңбыр жауады. Адамдар жылы киім киеді.
Т: Күз айларын атаңдар?
Б: Қыркүйек, қазан, қараша
Бауыржан:
Алтын,сары қызыл көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзги бақта күлимдеп,
Коз тартады жалбырап.
Қ.Айша:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Ансар:
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген
Гүлфаруз:
Күзім-ау,күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау.
Жүргізуші:
2 — бөлім: «Өнерлі бала – елдің көркі»
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би — билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі сайыста бәйге алуға
Сайыскерлер аянбай жан салыпты,- деп өнер сайысына кезек береміз.
Қуанышбекова Тұмар — өзбек биі.

Барақбай Нұрсезим –Sing a rainbow әні.

Бақытбек Дамир – Жау-жау жанбыр әні.

Қалдыбек Мирас – Тоғжан балабақшасына арналған әні.
Жүргізуші: — Ал енді тағы да тақпақтарымызға кезек берейік.
Диас:
Опять осенная пара!
Но, мягкой свежисти полна
Мне сердце веселит она-
Люблю я это время года!
С.Айша:
Осень,осень,
В гости просим!
С листопадом и дождем.

По устрам морозы

В рощах желтый листопад.

Листия около березы

Золотым коврам лежат.
Гүлдана:
Мауе пісип балбырап,
Маужыраган коңыр күз.
Алма пісіп албырап,
Коз тартқанын көриниз.
Сары жапырақ төгілген
Тоғайды да кордим мен.
Қайрулла:

Жайдарлы күз,жарқын күз.

Аяулы күз,алтын күз.

Дәнге толы ен дала

Дариядай шалқар күз.

Айдана:

Қуандырып біздерді

Өлкемізге күз келді

Келді бізге алтын күз

Кемелденді халқымыз.

Елнұр:

Молдіретіп жүзимдерін

Келді алтын күзім менің

Молшылық күз-береке күз

Береке күз – мерекеміз.

Азамат:

Здраствуй Осен!

Здраствуй Осен!

Хорошо что ты пришла,

У тебя мы,осень спросим

Что в подарок принесла?

Ақылбек:

Жетти желмен алтын күз

Жемис жинау салтымыз

Жиып-терип болган соң,

Той жасайды халқымыз.

Нұрәлі:

Күз ұсынып егисімен жемісин

Әкелипти халыққа бір молшылық

Сары жапырақ алтындай боп төгілсін

Елімізде болсын әр кез молшылық.
3 — бөлім: «Сұлулық сыры»
Сынбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын
Өнеріне сай келіп, дайын тұрған
Қыздарымызбен, ұлдарымызға қызығып қарасатын
Сіздерге жаңаша сән үлгісін ұсынамыз!

Кішкентай бүлдіршіндеріміз де бүгінгі біздің сайысымызға келіп сән үлгісін көрсетпекші, ортамызда балдаурен тобы бүлдіршіндері қарысы алыңыздар!
4 — бөлім: «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (Жұмбақтар шешу)
Білім жолы сара жол,
Білімді адам бастар қол
Жұмбақтарды тыңдап ал,
Жауап беруге дайын бол.
1. Жиын- терін болатын,

Қамбаға астык толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгелгіл деп ойлайсын? (Күз)
2. Қос құлағы қалқайып,

Су ішкен сайын марқайып,

Күн ысыса тон жинайды,

Доп болғанда ел жинайды. (Қырыққабат)
3. Аласы бар,жасылы бар, көгі бар,

Ішин ашсан кара молдір дәні бар.(Қарбыз)
4. Қызыл жасыл кемелер

Су бетіне қалқиды.

Соқса егер салқын жел

Ырғалады толқиды.(Жапырақ).
5. Қауын,қарбыз дей алмасын,

Піскенменен жей алмасың.

Жарғанменен қап-қатты,

Ал,асқанда тәп-тәтті. (Асқабақ).
6. Алтын сары тоны бар

Қойнында дәні бар. (Бидай).

7.Көк аланы когенде көрдім,

Көгеннен қиып жегенде көрдім. (Қауын).

8.Қалың киімұнатады,

Шешіндірсен жылатады.(Жуа).

Алдарыңызда бүлдіршіндеріміздің «Балапандар»бинін тамашалаңызыздар.
5 — бөлім: «Дәрумендер денсаулық сақшысы».(Салат жасау).
Шеберлері өнер тамған қолынан,
Жаңылмаған ата — баба жолынан
Шебер қолдар өз — өнерін көрсетсін
Біз айтайық төрелігін соңынан.
Ата — анасымен біріге отырып, салат жасауға кезек береміз.

Ән «Күз келгенде».
Жүргізуші:
Қазағымның жігіттері мен қыздары жұп болып сынға түсті,
Салт — дәстүрлер жаңарып еске түсті
Ханшайым мен Ханзада анықталып сын сағатта,
Бұл сағатты ата — ана көптен күтті.
Қуаныш бүгін мынау құтты болсын
Қыздарымыз бен ұлдарымыз өсе берсін болып мықты!

6-бөлім: «Куз сыйы»корме. (Көконістер мен жемістерді жарнамалау).

«Куз» әні.

Жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпазды білейікші,
Әділқазыларға төрелік берейікші
Жеңіп шыққан аруға,
Құттықтап сәттілікті тілейікші.

Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

Жүргізуші:

Жүзден жүйрік күшімен
Мыңнан тұлпар мықты шың
Құттықтаймыз ал енді
Ханзада мен ханымды
Өрге жүзіп өнері
Тауға өрлесін талабы
Шоқтай болып жанады
Қуанышпен жанары,- деп «Күз ханшайымы мен ханзадасын» шын жүректен құттықтаймыз.
Бүгінгі мерекелік іс — шарамыз аяқталды. Келесі кездескенше күніміз нұрлы болсын.


Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.