Жаңа сабақтар

«Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы»

Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы, «Нұрсая» жекеменшік балабақшасы

Балабақша тәрбиешісі Көжекова Ардақты Табылдықызы

Шығармашылық жұмыс тақырыбы: «Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы»

«Мектепке дейінгі кезеңде қол еңбегі шығармашылығы

арқылы балалардың ұсақ моторикасын даму жұмысының

жүргізілуі өте тиімді әрі өзекті мәселелердің бірі.

Балалардың қабілеті мен дарындылығының қайнар көзі –

олардың саусақтарының ұштарында»

В.А.Сухомлинский

Мен мектепке дейінгі ұйымда тәрбиешімін.Маған бұл салада жұмыс жасаған қатты ұнайды. Өйткені менің жұмысым баланың балғын қуанышына,тәтті қылығына толы жер.

Тәрбиешінің басты мақсаты — тәрбиеленушілеріне сапалы да,саналы білім беріп, адамгершілікке баулу. Себебі тәрбиесіз,білімсіз адам әрқашан ел дамуына, адамзаттың өркендеуіне кедергісін келтіретіні қақ. Сол себепті де алдыма келген әрбір балаға сапалы білім мен тәрбие беру менің басты міндетім деп білемін.

Менің педагогикалық ұстанымым балаларды денсаулығы мықты адам етіп қана өсірмей,сонымен қатар кең пейілді,ақылды, жауапкершілігі мол адам етіп тәрбиелеу. Тәрбиеші баланы жан тәнімен сүюі керек. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең жағдайда сырласу,оның мүмкіндіктеріне сену тәрізді қасиеттері арқылы өз мәртебемді көтере аламын. Балаға үнемі қолдау көрсету-менің ізгі ұстанымым.

«Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал ұрпақтың тағдыры тәрбиешінің қолында». Балабақшаға келген балалармен жұмыс жасау әр тәрбиешінің жауапкершілігін талап етеді.

Осы мақсатта ұлттық құндылықтардың жойылмай, ұрпақтан ұрпаққа жалғасуына қазіргі жаңа заман талабана сай жаңа технологиялармен үйретуді қолға алдым. Оның бірден-бір дәлелі «Тәй-тәй» технологиясы және Монтессорий әдісі. 2018 жылы «Ерсай» компаниясының қолдауымен «Тәй-тәй» технологиясының арнайы курстарынан өтіп жұмыс жасап келемін. Балабақшамыздың алдына қойған мақсаты «Мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту арқылы ұлттық тәрбиеге баулу»болатын. Осы мақсаттың айқын орындалуына өз үлесімді қосып келемін. 2019-2020 оқу жылына «Тәй-тәй» технологиясы бойынша аптасына 2 рет оқу қызметі жүргізіледі. Осы технология негізінде әрбір орталықтың мақсат, міндеттеріне сай ұлттық салт-дәстүр,ұлттық ойындар, ұлттық ою-өрнектерді үйретудемін.

(ұйымдастырылған оқу-қызметінен мысалдар келтіру)

Бала өзінің саусақтары арқылы жасаған жұмыстарын қаншалықты басқаратын болса, соншалықты жасалып жатқан жұмысының есінде сақтап қалуы және оны қалай жасағанын әңгімелеп айтуы оның одан әрі қарай дамуына дұрыс әсерін тигізеді. Яғни, баланың қол ұшындағы саусақтарының епті қимылдауы оның тікелей миымен байланысты. Бала жасап жатқан дүниесін өз миында ойлау арқылы епті әрекет жасап, көзбен көру арқылы есінде сақтап қалып, оны өзі қалай жасағаны туралы әңгімелеп айтып бере алады. Демек, ұсақ қол моторикасымен бірге балалардың есте сақтау қабілеті мен зейіні тұрақталып, сөздік қоры да молая түседі.

Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды деп ойлаймын. Себебі, балабақшаға ерте жастан келген балалармен құрастыру, мүсіндеу, жапсыру, сурет салу оқу қызметтерін жүргізу кезінде кейбір балалардың қол икемділіктерінің үйлесімді жұмыс жасамауын байқадым. Балалардың қол икемділіктерінің епті қимыл қозғалыс жасауы үшін не істеу керек деген ойлармен өзіме сұрақтар қойып, іздене бастадым.

Осыларды ескере отырып, өз жұмысымның мақсатын анықтадым:

мектеп жасына дейінгі балаларды ұсақ қол моторикасын дамыту арқылы ұлттық тәрбие баулу және қол қызметін үйлестіру арқылы тиянақты жұмыс жүргізу.

Өз жұмысыма төмендегідей міндеттер қойдым:

  • қол және көз, қолдың ептілігі, қозғалысын үйлестіру және нақтылығын жақсарту;
  • саусақтар және қол буынының ұсақ қол моторикасын жақсарту;

  • жалпы қимыл- қозғалыстық белсенділікті арттыру;

  • әңгімелеу,сөз бен сөзді байланыстыруға көмектесу;

  • баланың қиялын, логикалық ойлауын, еркін назарын, көру қабілеті және есту қабылдауларын, шығармашылық белсенділіктерін одан әрі қарай дамытуды жалғастыру;

Осы айтылған сөздердің нәтижесі ретінде жаңа оқу жылына құрылған арнайы жоспарыммен бөліскенді жөн көрдім. Жұмыстың алғашқы жылы болғандықтан жоспар 2 бөлімнен тұрады.

1. Ұлттық ойындар арқылы дамыту

2. Салт –дәстүрлер арқылы дамыту

«Бекітемін»

«Нұрсая» жекеменшік

балабақшасы директоры

__________________ А.Надирова

«_____»________________2019 жыл

«Мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту арқылы ұлттық тәрбиеге баулу жылдық жұмыс жоспары

Бөлім атауы Апталық тақырыбы Сағат саны
1 «Мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ қол моторикасын ұлттық ойындар арқылы дамыту» Ұлттық ойындармен танысу 2
2 Асық ату 2
3 Бес тас 2
4 Ләңгі 2
5 Ақсерек-көксерек 2
6 Сақина салу 2
7 Арқан тарту 2
8 Тоғызқұмалақ 2
9 Тобық тығу 2
Барлығы 18
1 «Салт –дәстүрлер арқылы дамыту» Салт-дәстүрлермен танысу 2
2 Ши орау 2
3 Киіз басу 2
4 Ұлттық тағамдар 2
5 Ою-өрнек 2
6 Киіз үй жабдықтары 2
7 Ұлттық аспаптар 2
8 Ұлттық киімдер 2
9 Қолөнер бұйымдары 2
Барлығы 18

Қазіргі заман педагогы «жаңашыл» болуы керек. Балалармен жұмыста жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, бала дамуындағы басты құндылықтарды дамыту. Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарға жан-жақты қалыптасқан өте білімді тұлға қажет. Ол үшін біздер тоқтамай білім алып, оқып, курстар мен семинарларға қатысып тәжірибе жинақтауымыз қажет.

Тәрбиешінің жұмысы — қиын, бірақ қызықты. Үлкен жауапкершілікті талап етеді. Себебі баланың кішкентай жүрегі осы тәрбиешіден жылулықты, қамқорлықты сезіп, қамқоршы ретінде қабылдап, әрі өзінің досындай сырласа алады.Тәрбиешіге қарап бой түзейді.Сондықтанда педагог деген атқа лайықты болуымыз керек. Қазіргі таңда елімізде балабақшалар саны көбейіп,сонымен бірге жаңа техналогия түрлері қалыптасуда.Заман ағымына қарай дамып келеді. Педагогтердің сапалы білім алуынада жағдайлар қалыптасқан. Қазіргі заман талабына сай ғаламтордың көмегімен оқу іс-әрекетіңді жаңаша әдістерге өзгертіп,балалардың қызығушылығын арттыруға болады. Балабақшада балалармен уақытты тиімді өткізу үшін тәрбиешінің шеберлігі мықты болу керек. Балалармен жұмыс жасағанда бар қиындықты ұмытамыз.

Сөзімді қорытындылай келе, қазіргі заман педагогы — рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген,педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман,өзін-өзі ардайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Қазіргі білім берудің басты мақсатыда сол жан-жақты дамыған,рухани бай жеке тұлға болып қалыптасады.

Заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,шығармашылықпен жұмыс істеп,оқу мен тәрбие ісіне еніп,оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады деп ойлаймын.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.