Жаңа сабақтар

Сұлтанбекова Гүлзада Ғайнеденқызы

Атырау қалалық № 24 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сұлтанбекова Гүлзада Ғайнеденқызы

Сабақтың тақырыбы:«Жомарт күз»

Мақсаты:Балаларды суретті пайдалана отырып күз мезгілімен таныстыру.

Білімділігі:Жыл мезгілдері туралы түсінігін кеңейтуге, жыл мезгілінің ерекшелігін түсіндіре отырып, тіліндамы- туға, күздегі табиғат сұлулығына назар аударту. Балаларды күз сыйы көкөністермен, жемістермен таныстыру. Үлкендердің еңбегін құрметтеу, олардың еңбегінің нәтижесіне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру.Ауызекі сөйлеуге үйрету.

Тәрбиелік: Балалардың жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік әңгімелер жүргізу.

Сабақтың көрнектілігі:Егіс даласы, жылдың төрт мезгілі, күз туралы суреттер.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру, сурет бойынша әңгіме айту, күз туралы тақпақ айту

Қызығушылығын ояту

Балалар жылдың төрт мезгілі бар.Сурет бойынша әңгіме құрап айтайық. Мен сендерге жұмбақ айтайын, сіздер шешуін табыңдар.

Бой жаза алмай

Ойнай алмай

Денең мұздап барады.

Балалар айтыңдаршы

Бұл қай мезгілде болады?

-Күз

-Иә бұл күз мезгілі екен

-Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Күн суытады, жапырақтар жерге түседі. Жердің бәрі сап-сары болады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, күзде балалар адамдардың да еңбегі ерекше.

  • Егін орады, жеміс-жидектер, көкөністер жинайды.
  • Ал, енді балалар күз туралы кім тақпақ айтып береді?
  • Үш-төрт оқушы күз туралы тақпақ айтады.
  • Балалар біз неге алтын күз деп айтамыз екен?
  • Себебі ағаштар, шөртер, жапырақтар, түгелдей дерлік сап-сары болады. Күзде 3 ай бар қыркүйек, қазан, қараша.
  • Күз туралы тақпақтар:

Ал балалар біз қазір бау-бақшаға саяхатқа шығамыз.

Бізді бұл жақта ғажайып ағаш күтіп тұр екен.

  • Ғажайып ағашта нелер бар екен?
  • Алма, алмұрт т.б
  • Мен сендерге бір өлең оқып берейін.

Сары ала тон жамылған

Күз-атамыз секілді

Қойны толы дәмді нан

Тәттісі көп не түрлі

Қандай өзі береген

Алмасын-ай алмасын.

Жемісі көп не деген

Жеп тауыса алмайсың.

Өрік , шие балы бар

Қауын, қарбыз көбейді

Жегің келсе, бәрін ал

Неге алмайсың демейді

Балалар не туралы айтылған?

Күз туралы, жеміс-жидектер туралы айтылған. Бау-бақшада тек жеміс-жидектер ғана өспейді. Сонымен бірге көкөністер де өседі. Алма, алмұрт т.б. бұлар ағашта өседі екен. Ал көкөністерге қауын, қарбыз т.б. бұлар бақта өседі, яғни жерде өседі. Біз оларды суарып, түбін қопсытып, арам шөптерін жұлып, ағаштарға ұя салып, құрт құмысрқадан қорғау үшін баптайды екенбіз. Сонда ғана бұл жемістер пісіп, бізге жемісін береді. Сондықтан да біз жомарт күз дейміз.

Сергіту сәті: Алма баққа барамыз,

Алма теріп аламыз.

Ең үлкен алманы,

Анамызға силаймыз.

Балалар сендерге жемістер ұнай ма?

Ендеше жеміс туралы тақпағымызды айтайық:

-Балалар жеміс шырыны өте пайдалы, олардың құрамында витаминдер өте көп. Жемістерді ағаштан үзе сала жеуге болмайды. Оларды жақсылап ыстық сумен жуып, содан соң жеу керек. Міне мен сіздерге жемістер әкелдім.

Топпен жұмыс: Жемістерді жинату

Күз туралы тақпақ: Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Топпен жұмыс:Мозайка құрастыру

Балалар күз туралы мақал-мателдер білемізбе?

Екпей егін шықпас,

Үйренбей білім жұқпас.

Егіндікті күз суар.

Күз суарсаң, жүз суар.

Ағаш-жапырағымен,

Жер-топырағымен.

Мақал-мәтел біледі екенбіз енді жұмбақ шеше аласындарма?

Жұмбақ шешу: Жасыл ала дөңгелек,

Бақшада жатыр дөңгелеп. (Қарбыз)

Шықса жасыл,

Түссе сары. (Жапырақ)

Қорытынды:Себеттерге көкөністерді, жемстерді, ажыратып саламыз.

Бағалау жұлдызша кунде аламын,

Мектепке әйбат боламын.

Даналық пен балалық,

Мектеппен үйден табамын.


Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.