Жаңа сабақтар

Мемлекеттік рәміздер

Жамбыл облысы, Талас ауданы, «Еркетай» бөбекжай бақшасының бейін бойынша оқытушысы Жанатаева Динара Есенбековна

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер.
Сабақтың мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен таныстыру. Туды, Елтаңбаны және Гимнді бір — бірінен ажырата білуге үйрету. Балаларға рәміздерді құрметтеуге, қастерлеуге рәміздерді бәрінен биік ұстауға, рәміздердің әр элементтерін, бөлшектерін атауларын жатқа білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері. (Ту, Елтаңба және Гимн)
Сабақтың байланысы: Тіл дамыту, музыка
Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты
Сабақтың әдіс — тәсілі: Әңгімелеу, өлең жолдарын қайталату, рәміздерді сурет бойынша таныстыру, сұрақ — жауап т. б.

Сабақтың барысы:
Балаларды оқу іс — әрекетіне дайындау. Сабаққа деген зейінін психологиялық ойындар арқылы оятып, қызығушылығын арттыру.
Кіріспе:
-Сәлеметсіңдер ме балалар! Көңіл күйіміз қалай?
-Жазғы демалыста жақсы демалдыңдар ма?

-Енді біздер жаңа оқу жылына біздің балалар бақшаға жаңадан қосылған балалар бар екен, бәріміз танысып та алған болармыз.
-Балабақша сендерге ұнады ма?

Жаңа сабақ:
-Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?

  • Әрине Қазақстан Республикасында тұрамыз?
  • Біздің ұлтымыз қандай? Қазақ.
    -Біз қай тілде сөйлейміз? Әрине қазақ тілінде.
  • Ал, сендер біздің елді басқарып отырған Президентіміздің есімін білесіңдер ме? Әрине,Қасым Жомарт Тоқаев.(Суреттен көрсету)
  • Сендер мына суреттерден не көріп тұрсыңдар?
    -Балалар кейбір жаңадан келген балалар танығанымен толық білмеулері мүмкін, мен сендерге таныстырып өтейін.
  • Мына бірінші суреттегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы.
    Балалар тудың түсі көк. Көк түс болудың себебі адам бойына адалдық пен тазалық пен үміт сияқты қасиеттеріне сәйкестенуі тегін емес, көк түс әрқашан бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі. Яғни аспанымыз ашық болсын дегеннің белгісі екен. Тудың қақ ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз және оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы әрқашан күндей нұрымыз жарқын болсын деген ниетпен, дала бүркіті Қазақстандықтар ұғымында дархандық пен қырағылық, биіктік пен бейнеленген. Тудың оң жағында оюдың бейнеленуі біздің қазақ екенімізді білдіретін қазақтың ою — өрнегі бейнеленген. Ал түстерінің сары болуының себебі сары түс молшылықтың байлықтың белгісі.

-Келесі суреттен біз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының ортасында елтаңбаныі негізі ретінде шаңырақ бейнеленген. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.
Шаңырақ еліміздің біртұтастығын, мемлекеттік бастауы, отбасы ошағын бейнелейді. Екі жағындағы қанатты тұлпар мәңгілік өмір, болашаққа үміт артқан сендер сияқты балалардың арманы, самғау биігі.
Шекесіндегі бес жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағына жол көрсетер жұлдызы. Елтаңбаның астында «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіретін айырықша белгі екен.

Біздің рәміздеріміздің бірі Қазақстан Республикасының Менлекеттік Гимні. Балалар ҚРМ Гимнінің сөзін Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз және Жұмекен Нәжімеденов атамыз жазған. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов атамыз.
Балалар Мемлекеттік Гимнді қалай болса солай орындауға болмайды, оны барлығымыз орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүрек тұсымызға қойып, бойымызды тік ұстап орындау керек.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,
Нұрсұлтан Назарбаев.
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

  1. Алтын күн аспаны,
    Алтын дән даласы,
    Ерліктің дастаны,
    Еліме қараашы!
    Ежелден ер деген,
    Даңқымыз шықты ғой.
    Намысын бермеген,
    Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін елім!
Туған жерім менің Қазақстаным!

  1. Ұрпаққа жол ашқан,
    Кең — байтақ жерім бар.
    Бірлігі жарасқан,
    Тәуелсіз елім бар,
    Қарсы алған уақытты,
    Мәңгілік досындай.
    Біздің ел бақытты,
    Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін елім!
Туған жерім менің Қазақстаным!

Қорыту:
-Балалар бүгінгі іс — әрекетімізде біз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы білім алдық.

  • Кәне маған кім рәміздерді атап береді?
  • Ту және Елтаңба жайында өлең жолдарын қайталату.
    -ҚР Мемлекеттік Гимнін орындаумен аяқталады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.