Жаңа сабақтар

Муратай Айна

Ақмола облысы, Шортанды ауданы, В.П.Кузьмин атындағы

Дамса орта мектебінің, бастауыш сынып мұғалімі Муратай Айна

Пәннің аты Дүниетану: 4 сынып
Сабақтың атауы Дала өсімдіктері мен жануарлары

Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын

жеткізе білуге үйренеді, тпсырмаларды дұрыс құруға, ойын

тиянақтай білуге дағдыланады

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық

«Жүректен — жүрекке» шеңбері

– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

Топқа бөлу Геометриялық фигуралар үлестіріледі
Қызығушылықты ояту І топ. Шалғын түрлерін топтастырады. Улы шөбін.
ІІ топ. Экологиялық орталығы: Шалғынды қорғау мақсатында қандай үндеу тастар едің?
ІІІ топ. Шалған жануарларын топтастырады.

Жаңа сабақ тақырыбы: Дала өсімдіктері мен жануарлары.
Дала өсімдіктер, жануарлар көрсетіледі.
Жоспар:
1. Дала түрлері
2. Қуаң даладағы өсімдіктер
3. Қуаң даладағы жануарлар
Дәптермен жұмыс 1 — бөлім

Бұл не? (дала)
Даланың түрлері: Шалғынды, Қуаң, Егістік
Шалғынды. Шөптекті өсімдіктер жыл бойы жайқалып өсетін ылғалы жеткілікті шалғын үлескілерді әдетте – көгал, ал аумағы жағынан үлкендерін – шалғын дейді
Егістік. Егістік дегеніміз – егін егетін алқапты айтамыз. Еліміздің солтүстік және орталық аймақтар оның топырағы ылғалды, әрі құнарлы келеді. Сондықтан арнайы суармай – ақ өсірілетін егістік алқабы. Ол жерде бидай, сұлы, арпа сияқтылар мол өнім береді.
Алғашқы егістік алқаптар:
Мексика
Қытай
Египет
Жерорта теңізі
Солтүстік Индия Еліміздің солтүстік және орталық аймақтарындағы далалардың топырағы ылғалды әрі құнарлы келеді. Сондықтан арнайы суармай – ақ өсірілетін ондай егістік жерлер бар. Онда бидай, сұлы, арпа сияқты дақылдардан мол өнім алуға болады.
Қуаң дала. Қуаң даланың сәнге де бөленетінін кезі – көктем. Топырағы көктемге қар суымен ылғалданып, шөбі көкмайса болып, көз тартады.

Сергіту сәті «Халықтар» биі
Жаңа сабақ 2 — бөлім. Бұл өсімдіктер сабағының топырақ арасындағы бөлігінде қоректік заттар жинақталған жуашықтар бар. Жер кеуіп, құрғақшылық басталған кезде өсімдіктердің жер бетіндегі мүшелері қурап қалады. Ал жуашықтары топырақ арасында құрғақ күйінде жаз, қыс бойы сақталып қалады да, көктемде тағы да көктеп гүлденді.
Осы шырынды тышқан, қосаяқ, саршұнақ сияқты кеміргіштер сүйеніп жейді.
Сортаң жерінде:
Қуаң дала өсімдіктері: Көкпек, Қара Жусан, Теріскен
Далада көп өсетін: Боз, Мыңжапырақ, Ботакөз, Қазжуа, Бетеге
Қуаң дала да көбінесе мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
Қосымша дерек: (өз облысымыз жайында)
Ақтөбе облысы бойынша өсімдіктің түрлері өте көп. Мұнда тамыр түрлері өсімдіктердің 417 түрі, 92 тұқымдасына жататын 1057 түрі шығады. Шөп текті екі түрмен сипатталады. Далалықта – дақылдың, қуаң далада – жусанды өсімдіктер.
Облыстың солтүстік құрақ далалығында дақылдық бетеге, ақ сексеуіл шөбі өседі. Сортаң жерлерінде ақ және қара жусан өседі.
3 — бөлім: Дала жануарлары
Ақбөкен, Түлкі, Суыр, Тасбақа, Тышқан, Ор қоян, Бозторғай, Бүркіт, Сарышұнақ, Қарсақ
Суреттер арқылы түсіндіріледі;
Қосымша дерек:
Облысымыз бойынша дала жануарларының құстардың көптеген түрлері кездеседі.
Сүтқоректілер – 62
Құстардың – 214, оның 187 түрі ұя салады.
Сүтқоректілердің 10 және құстардың 35 түрі Қазақстан Республикасының «Қызыл Кітабына» енгізілген.
Тұяқтылар ішінде ең көп тарағаны киік. Жаз айларында Шалқар, Ырғыз, Байғанин, Темір, Мұғалжар ауданында кездеседі.
Қыс қатаң болса, одан әрі оңтүстікке көшеді. Бұрын киікті аулау аңшылық кәсіп болып, кейін тоқтатылды. Облыс жерінде киік саны 1000-ға жуық.
Жер – жерде борсық, түлкі, қасқыр мекендейді. Бұлардың саны тұрақты. Бұларға аңшылыққа рұқсат берілген.
Облыстың солтүстік бөлігінде Әйтеке би, Мәртөк аудандарында суыр мекендейді. Оның саны – 35 – 40 мың, ал кәсіптік ауланатын аң барлық аудандарда ор қояндар, оңтүстікте құм қояндар бар.
Құстардың 27 түрі қыстайды. 80 түрін аулауға рұқсат берілген. 35 түрі сирек және жойылуға қалған санатқа жатқызылып, Қазақстан Республикасының «Қызыл Кітабына» енгізілген.
Дала құстары: Үкі, Тырна, Дала қыраны, Бүркіт, Дуадақ

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Дәптермен жұмыс

Ой толғаныс Әр топ жаңа сабақ бойынша түсінгендерін топ атына байланысты қорғап шығады.
Ой қорыту:
Сандар сөйлейді.
І топ
1. Пішен шабу қай кезеңде басталды.
А) жаздың басы мен ортасында.
Ә) күздің ортасында
Б) көктемнің ортасы мен жаздың басы
2. Жанғыш пайдалы қазбалар – бұл ең алдымен….
А) тыңайтқыш
Ә) отын
Б) дәрі алатын құрал
3. Әктастың ең қатты түрі:
А) бор
Ә) мәрмәр
Б) ұлутас
4. Мыстың ірі кен орны:
А) Жаңаөзен, Құмкөл
Ә) Жалғызтөбе, Қаламқас
Б) Жезқазған, Қоңырат (Сарыарқа)
5. Жердің ¾ бөлігін не иеленіп жатыр?
А) орман
Ә) сулар
Б) таулар
ІІ топ
1. Бұл тасқа айналған өсімдік материалының қатайған массасы:
А) Алюда
Ә) Кварц
Б) Көмір
2. Шалғандағы жануарлар әлемінің негізгі өкілі бұл –
А) Жәндіктер
Ә) Шөптер
Б) Қасқырлар
3. Жер бетінде неше мұхит бар?
А) 2
Ә) 3
Б) 4
4. Атмосфера құрамына кіретін, Жерді зиянды сәулеленуден қорғайтын газ:
А) Оттегі
Ә) Азон
Б) Азот
5. Тыныс алу үшін адам өміріне қажетті…
А) ауа
Ә) Су
Б) топырақ
ІІІ топ
1. Атмосферада жанып кететін метеориттерді біз былай айтамыз:
А) жұлдыздың ағу
Ә) Жұлдызды жаңбыр
Б) Тастың жаууы
2. Қар неден пайда болды?
А) қатқыл судан
Ә) Мұздан
Б) Су буынан
3. Қазақстанның ең ірі өзені –
А) Ертіс
Ә) Жайық
Б) Сырдария
4. Темір қорытылады:
А) полиметалды кенінен
Ә) түсті металдар кенінен
Б) Қара металдар кенінен
5. Бұл көмір жергілікті отын ретінде қолданылады;:
А) Кәдімгі көмір
Ә) Қоңыр көмір
Б) антрацит

БББ кестесі бойынша жеке жұмыс:

Білем Білдім Білгім келеді
Үйге тапсырма Мазмұндау. Дала өсімдіктері мен жануарлар суреттерін салып келу.
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Кері байланыс

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.