Жаңа сабақтар

Асылбекова Дидар Касымбековна

Түркістан облысы, Кентау қаласы, Әл-Фараби атындағы № 14 мектеп-гимназия
Бастауыш сынып мұғалімі Асылбекова Дидар Касымбековна

Пәні: Дүниетану
Сабақ тақырыбы: Жануарлардың мекен ортасына бейімділігі
Сабақ мақсаты: 1. Оқушыларға жануарлар әлеміндегі сырлы құпиялар мен адам өміріндегі жануарлардың маңызы, мекен ортасы жайлы мағлұмат беру.
2. Ізденістерін дамыту, түсініктерін қалыптастыру, сөздік қорын дамыту, сабақтың негізгі түйінін тауып, білім сапасын арттыру.
3. Топтасып жұмыс істеуге , ұйымшылдыққа , белсенділікке , жауапкершілікке, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас Сабақ типі: Жаңа білім беру сабағы. Әдісі: сұрақ, жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: жануарлар суреті, слайдтар, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі.
Сабақ барысы:
І . Ұйымдастыру кезеңі . Психологиялық сәт.
Бүгін қай күн ? ( Жұма ) Қайырлы күн балалар,
Ертең қай күн ? (Сенбі ) Қайырлы күн, мұғалімдер
Оятыңдар Жұманы, Тыныш болып түніміз
Оятыңдар Сенбіні, Ашық болып күніміз,
Сабағынан қалмасын. Сәттілікке толсын бүгінгі күніміз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақ -жауап
1.- Cүтқоректілерге нелер жатады ?
— Неге олар сүтқоректілер деп аталады?
— Жыртқыш сүтқоректілерге нелер жатады?
-Олардың аяқтары қалай дамыған?
-Суда тіршілік ететін сүтқоректілерге нелер жатады?
— Ұшатын сүтқоректілерге не жатады?
2. Сүтқоректілердің адам өміріндегі маңызы тақырыбында әңгіме жазу.
Бұғы жайлы , үй жануарлары жайлы айту.
ІІІ . «Ой қозғау»
1. Жануарлар топтары :
1. Құстар
2. Сүтқоректілер
3. Жорғалаушылар
4 . Бунақденелілер
5 . Балықтар

  1. Оларға тіршілік ету үшін не керек ?
    Ауа, су, жылу, жарық, қорек
  2. Тірі табиғат: Өсімдіктер, жануарлар, адамдар
    Өлі табиғат: Тас, ауа, күн

ІҮ. Жаңа сабақ.
1 . Жануарлардың алуан түрлі ортада тіршілік ететінін айтып түсіндіру.
2 . Оқулықпен жұмыс
— Жекелей оқу
— Тізбектеп оқу
3. Дәптермен жұмыс
Ү. Сергіту сәті
Ормандағы аюдың ,
Құлпынайы көп екен.
Теріп –теріп алайық ,
Қалтамызға салайық.

ҮІ . Тест тпасырмалары :
1 Жануарлар табиғаттың қандай бөлігі ?

А) Тірі маңызды бөлігі.
Б)Ортаңғы бөлігі
В) Ең кіші бөлігі
2. Жабайы аңдардың тіршілігі.
А) Табиғатта өздігінен тіршілік етеді.
Б) Дайын тамақпен қоректенеді.
В) Адам қолда өсіріп қоректендіреді.

  1. Қос мекенді жануар.
    А) Жылан
    Б) Бақа
    В) Кесіртке
  2. Қыста ұйықтайтын жануар.
    А) Қоян, қасқыр, түлкі.
    Б) Тиін, тышқан, ақкіс
    В) Борсық, аю, кірпі
  3. Қандай құстарды жыл құстары дейді ?
    А) Ұша алмайтын құстар.
    Б) Қыстап қалатын құстар.
    В) Күзде жылы жаққа ұшатын құстар.
    ҮІІ . Жаңа сабақтан алған білімдерін тексеру.
    Камбала деген балық жайлы не білдік ?
    Камбала деген балық теңізде тіршілік етеді. Ол өзіне қажетті қоректі теңіз түбінен ғана табады, сондықтан ол су түбінен көтерілмейді.
    Тиін қайда мекен етуге бейімделген ?
    Тиін – құрлықта мекен етуге бейімделген. Бірақ ол құрлықтың кез келген жерінде айталық, ағашы жоқ, жазық жерді таңдамайды. Тек өзіне бүр, саңырауқұлақ сияқты қорек табылатын ағаштарды тіршілік етеді.
    -Аққу, қаз, үйректер қайда мекен етеді?
    Ұзын мойынды құстар қаз, үйрек,аққу судан қорек тауып жеуге машықтанған.Аяқтарындағы бармақ арасындағы жалғасып тұрған тері суда жақсы жүзуге көмектеседі. Ұзын да жалпақ тұмсығы аулаған азығын ұстап жеуге қолайлы.
    Сонымен жануарлар өздеріне қолайлы жерде тіршілік етуін мекен ортасы деп атайды.
  4. Жануарларды мекен ортасына қарай сәйкестендіру.
    Сурет бойынша
    ҮІІІ. Сабақты бекіту.
  5. Жұмбақ шешу.
    Жел –боранда жел болып ескен,
    Шекесіне сексеуіл өскен. (Бұғы )
    Ауаға шықса ауырады,
    Су ішінде сауығады. (Балық)
  6. «Ойы ұшқырлар» ойлануға жетелеу.
    Жануарлар сөзінен сөздер құрастыру.
  7. 2050- дің біз барысымыз,
    Жетістікке бастайды әр ісіміз.
    Өркениетті елімді көркейтетін,
    Табиғатты аялау парызымыз.
    Х . Үйге тапсырма.
    Мәтінді оқу.
    Сен айналадағы табиғатқа қандай қамқор жасар едің ?
    Эссе жаздыру.
    ХІ . Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.