Жаңа сабақтар

Утелова Жанар Куанышбековна

Түркістан облысы, Кентау қаласы, Әл-Фараби атындағы № 14 мектеп-гимназия

Бастауыш сынып мұғалімі Утелова Жанар Куанышбековна

Тақырыбы: Жыл мезгілдері

Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдерімен таныстыра отырып, жыл мезгілдерінің ерекшеліктері жайлы түсіндіру.

Әдісі: ой қозғау,әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Жыл мезгілдерінің суреттері, жыл мезгілдеріне сай киімдердің суреттері, гүлдер.

Сабақтың түрі: ертегі, аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

II.Үй тапсырмасын талқылау.

-Үй тапсырмасын электронды сабақ арқылы қорытындылау.

Кіріспе. Осылардың барлығы сезім мүшесі. Оларды біз күтуімііз керек. Әр жыл мезгілге сай киініп жүру керек. Мысалы бүгін күн суық. Біз не істеуіміз керек?

Суық, қай мезгіл. Иә, қазір күз. Жаз болса жылы болады. Олай болса балалар

біздің бүгінгі жаңа сабағымыз осы жыл мезгілдеріне байланысты болмақ.

Сендер мұхият тыңдап біліп алдыңдар.

Электронды оқулықпен жұмыс.

ПI. Жаңа сабақты түсіндіру.

3.2. — Балалар, қазір мен сендерге бір оқиға оқимын. (слайд)

Ормандағы кішкентай үйде әпкесі мен інісі өмір сүріпті. (слайд)

Ал үйдің қабырғасында біздің сағатқа ұқсамайтын ерекше сағат ілулі тұрыпты (циферблатқа сандардың орнына «жаз, күз, қыс, көктем» сөздер жазылған). (Сол сағат балаларға көрсетіледі). Оның 1 ғана тілі бар екен. Бірде сол тілі көктемге келгенде әпкесі інісіне:

— Алпамыс, тұр, көктем келді,- дейді.

-Тұрғым келмейді,- дейді інісі.

-Тұр,тұршы көктем келді деймін, деп әпкесі інісін жұлқылай бастады. Ал інісі оған: Тұрғым келмейді- деп керіліп қалғанда, қолы сағатқа тиіп, сағат жерге түсіп, сынып қалады. (слайд)

Сол сәтте бөлмеде, біресе күз, біресе қыс, біресе жаз, біресе көктем ауыса бастайды. Ал орманда біресе қар жауады, біресе найзағай жарқылдап, күн күркіреп, жаңбыр жауды.

-Бұған кінәлі мына сағат, -деп інісі сағаты алып, терезеден лақтырып жібереді, әпкесі сағатты мүлде сынып қалды деп ойлап:

— Енді мәңге қыс болады, сағатты тезірек тауып, жөндеу керек,- деді.

-Балалар, егер жер бетінде үнемі қыс болса, не болар еді?

(қар жауады, мұз қатады, аяз болады, т.б.)

Сондықтан қорқып кеткен Алпамыс: — сағатты табу керек!- деді.

Ал сағат болса «көктемде»- көктемге, «жазда»-жазға, «қыста»-қысқа, «күзде»- күзге домалап кетті. (слайд)

Алпамыс жүріп келе жатып жазды жолықты.

— Жаз еліне кіру үшін, біз мынандай тапсырманы орындауымыз керек, қалай, балалар, Алпамысқа көмектесеміз бе?

-Иә

Олай болса тапсырманы орындаймыз.

Мәтінді оқу. Сөйтіп Алпамыс жазға кіреді. (слайд)

Сергіту сәті

Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

  • Шешуін тауып, Алпамыс әрі қарай жүреді. Көп пе әлде аз ба, жүріп келе жатып, ол өсіп тұрған ағашты көрді. Алпамыс ағаштан бір жапырақ жұлып алады, ал жапырақта мындай тапсырма жазылған.
  • Ал балалар,тағы бір рет Алпамысқа көмектесеміз бе?

Тапсырма: Сөзі толықтыр. (сұраулық шылауларды )

(оқушылар оқиды, толықтырады)

Ø көл (ма? ме?)

Ø дала (ма? ме?)

Ø жұлдыз (ба? бе?)

Ø өзен (ба? бе?)

Ø табиғат (па? пе?)

Ø көп (па? пе?)

Ø күз (ба? бе?)

Ø жаз (ба? бе?)

-Тапсырманы орындай отырып, Алпамыс ағаштың ең басына шығып, ондағы сағаттың сынығын алып жерге түседі. Жаздан қуанышты қайтқан Алпамыс күзге жақындайды.

Күзге келу үшін балалар күз туралы өлең оқуы керек.

(Балалар күз туралы өлең оқиды). (слайд)

Күз елінде «Күз патшасы» билеген Ханшайым өз елі туралы білім сайысын ұйымдастырып отыр екен.

-Кәнеки, біз де Алпамысқа көмектесеміз.

Сөзжұмбақты шешейік: (слайд)

v Күзде не жауады? (жаңбыр)

v Күзде ағаштардан сусып жерге түседі?(жапырақ)

v Қысы -жазы жасыл ағаш? (шырша)

v Күз айлары: (қыркүйек, қазан,қараша)

Күз Ханшайым бізге риза болды да, Алпамысқа сағаттың сынығын берді. Ал Алпамыс қайтадан жолға шықты. Ол қатты тоңды.

-Қалай ойласыңдар, алпамыс қай жыл мезгіліне келіп жетті?

-Қыс.

-Дұрыс. (слайд)

Алпамысты Аяз қарсы алады.

-Қайда бара жатырсың?- деп сұрады ол. Алпамыс жағдайды айтты.

  • Иә, сағаттың бір сынығы менде, ол үшін жазбаша тапсырманы орындауларың керек.

Жазбаша тапсырманы орындалғаннан кейін, көктемді қалай табуға болатынын айтамын депті-қыс.

Жұмбақ шешейік.

  • Бұлтты/айдап/желдеткен,
    Нөсерлетіп селдеткен.

Жаңбырлатып ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Көктем)

  1. Қойның толы жеміске,

Көк майсалы еңісте.

Көбелек қуып ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Жаз)

  1. Шанамен зырғып желдетіп,

Шаңғы, коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)

  1. Жиын-терін болатын,

Қамбаға астық толатын.

«Қызыл қырман» ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?(Күз)

Қыс әдетте қаһарлы келеді ғой, ол ерегісіп Алпамысқа қосымша сұрақ қойыпты.Біз Алпамысқа тағы да көмектесуге тура келіп тұр.

-Мына сұрақтарына жауап беріңдер, көктемді табасыңдар-депті. (слайд)

Сұраққа сендер жауап беріп көмектескеннен соң Алпамыс соңғы сағат сынығын тауып, біріктіреді де қабырғаға қыстырады.

-Балалар, міне осылай күзді-қыс, қысты- көктем, көктемді- жаз алмастырып тұрады. Бұл- биологиялық сағат.

-Сабақта бәріміз де Алпамысқа көмектестік.

Енді сабағымызды қорытындылайық.

4-мезгіл жайлы түсінгендерін ортаға салады.

Сабақты бекіту.

Балалар сонымен қатар Абай атамыздың осы 4 мезгілге байланысты өлеңдері бар, соның біреуінен үзінді тыңдайық.

Шығармашылық тапсырма:

Балалар, бүгінгі сабақтан білгенімізді қағазға түсіреміз. Әр топ өзатаулары бойынша сурет салады.

1-топ. Жаз 2-топ . Күз 3-топ.Қыс 4-топ. Көктем

4-мезгілге сурет салады, түсіндіреді.

-Сабақ сендерге ұнады ма?

  1. Үйге тапсырма беру

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.