Жаңа сабақтар

Кемелбекова Бакжан Коржинбаевна

Түркістан облысы, Кентау қаласы, Әл-Фараби атындағы № 14 мектеп-гимназия
Бастауыш сынып мұғалімі Кемелбекова Бакжан Коржинбаевна

Тақырыбы: Цирк. Ц дыбысы мен әрпі. 1 сынып

Мақсаты: Ц дыбысы мен әрпімен , ц дыбысының ерекшелігімен, дыбыстық талдау жасату арқылы дауыссыз дыбыс екенін ажырату, сөздер, сөйлемдерді жылдам оқуға үйрету. Байқампаздығын, ойлауын, сөйлеуін, практикалық іс- әрекетін дамыту. Әсемпаздыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кеспе әріптер,суреттер, буындар, сайқымазақ т.б.

Барысы: Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Қонақ күту салтымыз,

Оқып біліп жатырмыз

Келген қонақ сіздерге

Сәлем бердік жалпымыз.

Бір, екі, үш,

Сынып іші тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз

Ой қозғау.

  • Балалар, қай сабақты бастаймыз? — Сауат ашу сабағы бізге не үйретті?
  • Әріп дегеніміз не? — Дыбыс дегеніміз не?

  • Дыбыс нешеге бөлінеді? — Дауысты дыбыстар қалай аталады?

  • Дауыссыз дыбыстар қалай аталады?

Үй тапсырмасын тексеру.

-Қандай дыбыспен таныстық? -Щ қандай дыбыс, қалай оқылады? -Қандай сөздерде келеді?

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі? Щетка – буынға бөлу. Дыбыстық талдау жасау.

Сергіту сәті.

Біздер тату баламыз

Гүл-гүл жайнап жанамыз

Жаттығулар жасасақ

Жақсы сергіп қаламыз

Біздер бүгін баламыз

Өсіп алға барамыз

2030 шы жылдары

Біз де азамат боламыз.

Жаңа сабақ. Сайқымазақ сыныпқа келеді.

  • Бұл кім?
  • Не істейді?

  • Қай жерде жүреді?

  • Қандай дыбыс естіп тұрмыз?

  • Ц дыбысы қалай оқылады?

  • Сөздің қай жерлерінде кездеседі?

  • Суретпен жұмыс. Мәтінді оқу. Мәтінді талдау

    Сұрақ- жауап әдісі Доппен ойнау

    -Мұғалім допты лақтырады, қағып алған оқушыға сұрақ қойылады.

    Допты алған оқушы сұраққа жауап береді.

    Дәптермен жұмыс. Ц ц ауада жазу.

    ЦИРК – дауысты, дауыссыз дыбыстарды белгілеу.

    «Адасқан буындар » ойыны.

    Шах фут ка мент

    Щет тер бол

    Це кон церт

    Сергіту сәті. Парақшалар тарату Қай әріп жоқ?

    Ци р бор кон ерт шахт р а тобус В,е,ф,щ,ц

    Сабақты қорытындылау. Шарларды жару арқылы сұрақтарға жауап береді.

    -Бүгінгі сабақта қандай әріппен таныстық?

    -Ц қандай дыбыс? -Неліктен дауыссыз?

    -Қандай сөздерде кездеседі? -Сөздің қай жерлерінде кездеседі?

    -Цех сөзіне дыбыстық талдау жаса

    Бағалау. Мен бүгін сабағымызға келген сайқымазаққа қуанып рахметімді айтамын.

    Ал, сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға еліміздің тұғыры биік болып, көк байрағымыз желбірей берсін деген мақсатта жалаушалар бергім келіп тұр.

    Үйге тапсырма. Мәтінді оқу.


    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.