Жаңа сабақтар

Минашов Жусип Шарханович

Түркістан облысы, Кентау қаласы Т.Рысқұлов атындағы № 24 жалпы орта
мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Минашов Жусип Шарханович

Тақырыбы: Допты жоғарыдан және төменнен қабылдау.
Мақсаты:
Волейбол ойынының әдіс-тәсілдерін, қимыл тқозғалыстарын, ойын тактикалық меңгерту. Ойыншыларды ұйымшылдыққа, татулыққа, тиянақтылыққа, батылдыққа тәрбиелеу. Үйлесімді дене қимылын, ептілік қасиеттерін, спорттық ойындарға қызығушылығын дамыту.

Қажетті құралдар:доптар, ысқырық.

Дайындық бөлімі Сапқа тұрғызу, сәлемдесу.

Жүріп орындалатын жаттығулар:

  • Екі қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру.
  • Екі қол белде, аяқтың сыртымен жүру, ішімен жүру.
  • Екі қол алда, жартылай отырып жүру.
  • Екі қол белде, толық отырып жүру.
  • Осы бағытта оңға бұрылып отырып жанға секіру (осы бағытта солға).

Жүгірісте орындалатын жаттығулар:

  • Екі қол белде, оң жақ иықпен және сол жақ иықпен жүгіру.
  • Екі қол алда, тізені қолға тигізіп жүгіру.
  • Змейка әдісімен жүгіру.
  • Оң қол алда, артпен жүгіру.
  • Екі қол төменде, тізені бүгіп, аяқты артқа сілтеп жүгіру.
  • Екі қол желкеде, аяқты артқа тіке сілтеп жүгіру.

Бір орында тұрып орындалатын жалпы дамытқыш жаттығулар:

  • Б.қ. аяқ иық деңгейінде, қол белде, мойынды айналдыру, 1-8-оңға , 1-8 солға.
  • Б.қ. аяқ иық деңгейінде, қол иықта, 1-8-алға айналдыру, 1-8-артқа айналдыру.
  • Б.қ. оң қол жоғарыда, сол қол төменде, аяқ иық деңгейінде, 1-2-сермеу, 3-4-келесі бағытқа.
  • Б.қ. қол кеуде алдында, аяқ иық деңгейінде, 1-2-алға сермеу, 3-4-жанға сермеу.
  • Б.қ. оң қол жоғарыда, сол қол белде, аяқ иық деңгейінде, 1-2- оң жанға иілу, 3-4-сол жанға иілу.
  • Б.қ. қол белде, аяқ иық деңгейінде, белді 1-4-оңға, 1-4-солға айналдыру.

7..Б.қ. қол белде, аяқ иық деңгейінде, 1-4-алға еңкею, 1-4-артқа шалқаю.

8.Б.қ. 1-екі қол жоғарыда, 2-қолды еденге тигізе еңкею, 3-қол алда, толық отыру, 4-б.қ.

Б.қ. қол белде, аяқ алшағырақ ашылған.

1-2-оңға отыру, 3-4-б.қ.

1-2-солға отыру, 3-4-б.қ.

Б.қ. оң аяқ алда, сол аяқ артта, екі қол тізеде.

1-3-серпілу, 4-оң жаққа.

1-3-серпілу, 4-сол жаққа.

Негізгі бөлім: Допты жаттығушы екі қолмен төменнен жоғары лақтыруды немесе бір жақ бүйірге жоғары, орын ауыстыру арқылы төмен түсіп келе жатқан допқа жақындап барып допты жоғарыдан беруді орындайды. Жаттығушы әртүрлі жағдайда допты жоғары лақтырады, ойыншылардың бастапқы қалыбымен допты төменнен қабылдап, қайта береді.

Қорытынды бөлім. Саптағы тыныс алу жаттығулары, сапқа тұрғызу. Жаттығуды белсенді орындаған оқушыларды мадақтау.

Үйге тапсырма беру. Сабақты аяқтау


Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.