Жаңа сабақтар

«Отбасы – тәрбиенің басы, мектеп – тәрбие жаршы сы»

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2019 жылы 25 қазан күні сағат 12:00-де республиканың барлық мектептерінде «Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Шара Бала құқықтары туралы конвенцияның БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылдануының 30 жылдығы, Қазақстан Республикасында ратификациялануының 25-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылады.

Сабақтың мақсаты – отбасы тәрбиесі мәселелерін талқылау, оқушылардың отбасы туралы білімдерін кеңейтуге ықпал ету, отбасының әрбір адамның өміріндегі маңыздылығын анықтау, баланың жеке тұлғасын қалыптастырудағы отбасының рөлін және оның патриоттық дүниетанымын арттыру.

Сынып сағаттары облыс және қала, аудан әкімдерінің, мемлекеттік органдар басшыларының, өнер және саясат қайраткерлерінің, еңбек ардагерлерінің, ата-аналардың қатысуымен өтеді.

Сынып сағаты «Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» интернет-акциямен жалғасатын болады оқушылар әлеуметтік желілерде өз отбасы туралы 1-2 минуттық бейне-роликті жариялайды.

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.