Жаңа сабақтар

Колегенова Нургуль Ахметовна

Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті

163 жалпы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі

Колегенова Нургуль Ахметовна

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мектеп: №163 орта мектеп
Сабақтың тақырыбы Су ресурстарының экологиялық проблемалары
Күні: Мұғалімнің есімі: Колегенова Нургуль Ахметовна
Сынып: 9 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаты: 9.3.3.4. Су ресурстарының экологиялық проблемаларын талдап, шешу жолдарын ұсынады(жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде)
Сабақтың мақсаттары:
  • Су ресурстарының экологиялық проблемаларының түрлерін атап, оларды жіктейді
  • Су ресурстарының экологиялық проблемаларынан болатын сақтану шараларын анықтап , талдау жасайды.
  • Жергілікті жердің су ресурсының экологиялық апаттарынан болатын аймақтардағы сақтану жолдарына жоба ұсынады
Ойлау деңгейінің дағдылары: талдау,жинақтау
Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

  • Су ресурстарының экологиялық проблемаларының түрлерін біліп , оларды анықтай алады
  • Су ресурстарының экологиялық проблемаларынан болатын сақтану шараларын анықтап , талдау жасай алады.
  • Жергілікті жердің су ресурсының экологиялық апаттарынан болатын аймақтардағы сақтану жолдарына жоба ұсына алатын болады
Тілдік мақсаттар Тілдік дағдылар:

Оқылым:

Су ресурсының экологиясына байланысты терминдерді пайдаланып, ауызша, жазбаша пайдалана алады

Тыңдалым: Мұғалімді тыңдайды, жұптарда, топтарда

оқушылардың келтірген пікірлерін тыңдайды.

Айтылым: оқушылар сөйлеу нормаларын сақтай отырып, өз ойларын жинақы және логикалық түрде жеткізе алады, географиялық терминдерді дұрыс айтады,сұрақтарға толық жауап бере алады.

Жазылым: экономикалық инфрақұрылымға қатысты географиялық терминдерді дұрыс жазады,үш тілде сөздерді жаза алады. ауызша, жазбаша сөйлеу нормаларын сақтай отырып

өз ойларын жеткізеді.

Терминология:

Өзеннің сулылығы, су тасқыны, сел, көшкін, сырғыма

Сөз тіркестері:

Өзеннің сулылығы – дегеніміз…..

Су тасқыны–дегеніміз…..

Сел дегеніміз….

Диалог:

Көшкіннен қалай қорғануға болады ….

Сырғыма қалай пайда болады …….

Құндылықтарды дарыту Сыни тұрғыдан ойлауға қалыптастыру, өзара сыйластық, өмір бойы оқуға дайын болу, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы, қоршаған ортадағы проблемаларды шешу жолдары негізінде.
Пəнаралық байланыс Физика,математика
АКТ қолдану дағдылары Интерактивті тақта, интернет https://youtu.be/83I46jPU0T0
Алдынғы оқу / Бастапқы білім 8.3.3.7.Су апаттарының алдын алу шараларын ұсынады(жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде)
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басталуы

Ұйымдастыру

кезеңі

(2 мин)

1.Білу «Қайталау –білім анасы»

«Ақылды доп» әдісі (2мин)

II.Түсіну

Жаңа сабақ

(3минут)

Сабақтың ортасы

III.Қолдану

Топтық жұмыс.

(11мин)

(2минут)

Жұптық жұмыс

(3минут)

IV.Талдау.

(10 минут)

Бекіту

( 4 минут)

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу

Ынтымақтастық атмосферасын құру.

Сыныпты топқа бөлу

Оқушылар шеңбер жасап ортада парта үстінде тұрған құрлық суларының қиындыларын алып , суретке қарай топқа бөлінеді

«Ақылды доп» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрап,бағалау

1. Қазақстанның өзендері қандай мақсатта пайдаланылады ?

2. Ертіс зенінде салынған СЭС —

3. Қазақстанның кеме жүзуге жарамды өзендерін атап картадан көрсет

4. Трансшекаралық өзендерге сипаттама бер —

«Мадақтау » арқылы бағалау

Ой қозғау

Интербелсенді тақтадан https://youtu.be/83I46jPU0T0 видеоролик көрсетіледі.

(Оқушылар өз идеяларын бір-бірлеп айтады) «Олай болса ,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Су ресурстарының экологиялық проблеммалары»

Енді осы Су ресурстарының экологиялық проблеммалары қалай пайда болатындығын білу үшін топтық тапсырмалар беріледі.

1 тапсырма Топтық жұмыс:«Мәтінді игеру » әдісі ( белсенді оқуға негізделген)

Мұғалім оқушыларға конверт таратып, жаңа тақырыпты меңгеру үшін топтарға өз мәтінін топта талқылап, ортаға салуды тапсырады. Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды.

Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

1-топ Су ресурстарын қорғау шараларын ұсыну

2-топ Ауыл шаруашылық саласында –өзен суларының ластануы

3-топ Жергілікті жердің су тасқыны болатын аймақтардағы сақтану жолдарын ұсыну

Топтық бағалау: » Бағалау парақшасы » арқылы бағалау

3балл 2 балл 1 балл Жалпы балл
Тақырыптың ашылу мазмұндылығы
Спикердің жүйелі түсіндіруі, өзін — өзі ұстауы
Эстетикалық талғамға сай безендіруі

Кері байланыс.

Оқушылар «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі арқылы сабақта нені білді? не түсінікті болды? деген сұрақтарға жауап береді.

2 тапсырма Жеке жұмыс (Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары)

(Сараланған тапсырма: жеңілден күрделіге негізделген)

1.Тапсырма .Суреттерге қарай отырып,су апаттарының экологиялық түрлерін анықтау.

2тапсырма .(Жж) «Сәйкестендіру» әдісі арқылы жүргізіледі.

Тасқынның масштабына әсер етуші түрткіжайттарды сәйкестендіру

Тасқын түрі Су деңгейінің ең жоғары деңгейде көтерілу шамасына әсер етуші түрткі жайттар
Сел тасқыны Тау жыныстары массасының төмен қарай сырғуы
Су тасқыны Таулы беткейлерден құлаған қар массасы
Көшкін өзендердегі уақытша және тұрақты емес су деңгейінің көтерілуі
Сырғыма Таулы өзендердің су тасқынынан пайда болады

Жұптық бағалау«көршіңе бір пікір таңда» әдісі бойынша

3тапсырма

Қорғану шаралар жобасын ұсынады

Мақсаты: Оқушылар жеке жұмыс жасай отырып Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу, маңыздылығы, адам өмірі мен құндылығын ұғыну.

Ресурстар:оқулық,атлас,дербес компютер,интернет.

Тапсырма: Су ресурстарының экологиялық проблемалары.

Жұмыс жоспарын құру.

1.Апатты құбылыстардың атауы.

2.Олардың себеп салдары мен ,әсері

3.Олардан қалай қорғану керек,

4.Қазақстандағы су тасқынынан жиі ұшырайтын аймақтарға сипаттама беру.

Саралау.(Ж)

Апатты жағдайды болдырмау және одан сақтану бойынша өз ұсыныстарыңды ортаға салып,оны нақты мысалдармен дәлелдей аласыз ба? Өз болжамыңызды ұсыныңыз.

Критерий Дескриптор
Су ресурстарының экологиялық проблемаларынан болатын сақтану шараларына анықтап , талдау жасай алады
  • Су ресурсының экологиялық түрлерін анықтап,сипаттама береді

− Су ресурсының экологиялық проблемаларының шаруашылыққа, адам өміріне келтіретін кері әсерін сипаттайды;

Жергілікті жердің су ресурсының экологиялық апаттарынан болатын аймақтардағы сақтану жолдарына жоба ұсына алатын болады -Еліміздің қай аймақтары су тасқынына жиі ұшырайтынын анықтап, себебін түсіндіреді;

− Су ресурстарының экологиялық проблемаларын болдырмаудың алдын алу шараларына жоба ұсынады.

Кері байланыс: «Түймедақ» әдісі

Оқушыларға түймедақ күлтелеріне жазылған Сұрақтарға жауап беру арқылы түймедақ құрастыруын тапсырамын.

  1. Қарапайым сұрақ. Өзің орналасқан жерге ең жақын орналасқан өзенді ата?
  2. Тәжірибелік сұрақ. Теңіздің жоқтығына қарамастан, Қазақстанның қай өңірлерінде судың экологиялық проблемасын тудыратын апаттар болуы мүмкін.
  3. Анықтаушы сұрақ. Қазақстанның қандай өңірлері су тасқынынан көп зардап шегеді?
  4. Шығармашылық сұрақ. Неліктен таулы аумақтарда сел басуға және жолында кездескен нысандардың қирауына немесе зақымдануына әкелетін көшкін түзіледі ?
  5. Бағалаушы сұрақ. Сел тасқыны қайтқаннан кейін тұрғындарды қорғау бойынша қандай іс –әрекеттер қолданасыңдар
суреттер

Интербелсенді тақта,

Топ ережесі,

таратпа қағаздар,

маркер,

стикер

Д.ж физикалық

қартасы,

Қазақстанның физикалық картасы

Суреттер

Кестелер

Төтенше жағдайлар болуы мүмкін аудандардың карта сызбасы

Сабақтың соңы

(3 минут)

Рефлексия
«SMS»әдісі

Стикерге сабақтың қалай өткендігі туралы, өзінің қалай жемісті жұмыс істегені туралы хабарлама жазу ұсынылады.

Уйге тапсырма: Жергілікті жердегі су ресурсының экологиялық проблемаларына байланысты хабарлама жасау

Қосымша ақпарат
Саралау — Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

1.Топтық, жеке жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

2. Оқушыларға су ресурсының экологиялық проблемалары туралы мысал келтіру, оларды анықтау себептерін білу тапсырмалары беріледі. Сынып оқушыларына суретпен жұмыс және сәйкестендіру тапсырмасы ұсынылса, қабілеті жоғары оқушыларға қорытынды жасау, саралау тапсырмалары бойынша олардың білімдерін кеңейту.

Бағалау – Оқушылардың үйренгенің , материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

1. Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі.

2 Кері байланыс (ауызша)

4. Әр оқушының ОМ жеткендігін білу үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану

5.Кері байланыс орнату.

« SMS » әдісі. (жазбаша)

1. Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, топтық бағалау «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі бойынша жетістіктерін айқындау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ақуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Оң бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақ мақсаттары мен тақырыптары түрлі әдісті пайдалана отырып оқушылардың логикалық ойлау тапсырмалары арқылы өздері ойлап табуларына мүмкіншілік жасалды. Сабақ мақсаты шынай және қолжетімді болуы керек .

Сабаққа саралау тапсырмалары дұрыс құрылған, себебі Блум таксономиясына салынған.

Сабақ кезеңдеріне уақыт тиімді құрылған.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) ?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі , неге көңіл бөлу керек?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.