Жаңа сабақтар, Жаңалықтар

Берекет Нұрай Нұрланқызы

Атырау облысы, Атырау қаласы, Ақсай селосы, Б.Момышұлы атындағы № 25 жалпы білім беретін орта мектептің 9 сынып оқушысы
Берекет Нұрай Нұрланқызы
Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бекбергенова Базаргүл Балтабайқызы

Фаризаға арнау

Өз алдына кемеңгер жан, дара тұлға
Өзгелерден ерекше боп жаратылған
Адамдарда сізге қарап бой түзеген
Ақындарда мына сізден шабыт алған.

Үлгі алатын сізден жас та, кәрі де
Мына сізге таңғаламын әлі мен
Кішіпейіл ақкөңіл жан болғансыз
Араласып құраласып бәрімен.

Фариза әже атың аян баршаға
Атыңды атап бар әлемге жар салам
Күндіз түні кітабыңды оқиды
Қанша сәби, қанша бала, қанша адам?

Қаламыңды жолдас қылдың жаныңа
Өр тұлғаңды еске аламыз сағына
Алла жазған шоқ жұлдызы сен едің
Қазағымның қазағымның бағына.

Айтсам өлең көңілім асып толды
Фариза ана арқылы ғашық болдым
Көңілі пәк,қарт Фариза арқылы мен
Сөзі терең өлеңге сәл ашық болдым.

Атыраудың төрінде тұр ескерткішің
Адамзатқа ақиқатты ескертіпсің
Поэзияның қақ таңбасын қалдырған
Қазағымның Фаризасы емеспісің.

Мақтан тұтар алашымның ақын қызы
Еліміздің жарқыраған шын жұлдызы
Қалдырған еңбектерің мәңгі есімде
Ана өмірде болсын серік жәннат құсың.

Шындық үшін туылған ақын едің
Ақиқат пен оң нәрсенің жақұты едің
Сол сөзіңді ұмытар кейбіреулер
Ешқашанда ұмытпас қазақ елің.

Оқимын өлеңіңді тағат таппай
Судан түскен ақбауыр шабақтардай
Оқымасам сөздеріңді сезінемін
Тоқтап қалған минуттар сағатындай.

Болашаққа аманат қып тастаған
Өлең-өнер өмірдегі бастамам
Көрсем егер ақындарды білмейтін
Терең ойлап,ұяламын жастанам.

Қазір менің асыл мұрат дәрежем
Мұрагерлік парызым бұл ережем
Ұлылардың бізге артқан мұрасы
Жүрегімнен бөлек болып тұрмасын.

Менде мына өлең жолды бастағам
Өлең жолда ешқашанда саспағам
Өлең жолды өмір жолмен тең қылып
Фаризадай жазу жолын қостағам.

Жерлесіміз Атыраудың перзенті
Көз жанарда тұрар мәңгі келбеті
Сол тұлғаны ешқашанда ұмытпау
Әр қазақтың өмірлік ол міндеті.

Әй халайық осыдан бір дерек шығар
Фаризадай алпауыттар сирек шығар
Еліктемей ҚЫЗЫЛ ШАШ 91-ГЕ
Фаризаға еліктеу керек шығар.

Ұстазым Есқалиева Алтынай Мақсотқызына арнау

Мектепке алғаш қадам басқанымда
Анамдай боп көріндің жас жаныма
Әліппені талмай оқып үйреткен
Алтынай апай сақталдыңғой ой жадыма.

Бар уақытын бізге бөліп арнаған
Біз білмеген ешбір сұрақ қалмаған
Бұл сөзімнің тереңірек белгісі…
Ұстазымның еңбегіғой талмаған.

Білім, сөзі мәңгі есте қаларлық
Даусы оның жүрекке үн саларлық
Ақыл айтып,дана болған бәріне
Жас жүрекке ізгі ойды салатын.

Ұстаз деген керегі-ғой заманның
Бастаушысы дәптер және қаламның
Оқушыға бар білгенін үйретер
Жарқыраған шам шырағы ғаламның.

Қанша ұрыс естісекте ренжімей…
Еркеледік, бұзық болдық кенжедей
Алтынайдай ұстазыммен мақтанам
Бар әлемге жар саламын мен сөйлей.

Әсем қала — Атырау

Қазақтың батысында орналасқан әсем қала
Әдемі боп өркендеді кеше ғана,
Гурьевтеп атау алған алғаш боп
Атырау деп атын қойды ғажап қып.

Халқы міне жетті мың бір сандарға
Өзбек,қытай,орыс деген жандар бар
Орталығы Исатай мен Махамбет
Иманғали мешітіде құр қалмас.

Мәдениет пен көркем өнер дамыған
Драма театр, филармония бәрі бар,
Зауыттар мен кітапхана жетерлік
Медицина мықты жұмыс етерлік.

Ескерткішпен толып кеткен қаламыз
Әлі көп қып ғимараттар саламыз
Бауырлас боп Ақтау, Орал, Ақтөбе
Шетелмен де байланыс құрамыз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.