Абиддулаева Инабат Абиддулақызы
Алматы қаласы № 198 жалпы білім беретін мектеп
Кез келген өркениетті елдерде қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жояды. Еліміздегі саясаттың бірі осы жемқорлықтың жолын алу. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл әрбір азаматтың міндеті.
Мен шәкірт тәрбиесімен ұрпақ тәрбиесімен айналысатын ұстазбын. Әр шәкіртті жақсылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу – ұстаздың борышы. Мұғалімнің әр күнгі сабақ жоспарының үшінші бөлімі осы тәрбиеге арналады. Адамгершілік, елін, ұлтын сүюге арналған әр сөз, әр тақырыпта күнде қайталанып отырады. Әр сөзі өнеге Абай атамызды айтып өтуде мақтаныш. «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол! Алдама, өтірік айтпа» — деген Ұлы Абай атамыз. М.Гюге «Жер бетінде адал адамнан өткен тамаша ештеңе жоқ» — десе Қазағымыз ежелден «Ала жіпті аттамағанның абыройы биік» деген. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» — деп айтқан бабаларымыз. Әділдікті ту еткен бүгінгі ұрпақ соладами қалпын парасаттың биігінен көріге болады. Жас ұрпаққа құқық бұзушылықтың себептерін түсіндіру, жеке бас мүддесін қорғап өз құқыңды дәлелдепберудіүйрету біздің міндетіміз.
«Адам бір жылын ойласа – дән себеді, бар ғұмырын ойласа – ағаш отырғызады, ал ғасырлық болашағын ойласа – ұрпақ тәрбиелейді» — деп, ақиқат пен даналықтың нақ төрелігін айта білген бабаларымыздың сөзінің жаны бар.
Елдің абыройын асқақтатып, мәртебесін өсіретін, мәңгілік елдің адал ұрпақтарын қалыптастыратын, ел болашағын тәрбиелейтін ұстаздарымыз, заманның ағымына іліскен ұлы мамандарымыз арта берсін! Биіктен көрін, Тәуелсіз елдің сөнбес нұры, шамшырағы, мәңгілік елдің – АДАЛ ҰСТАЗДАРЫ!
Қазақ елі байтақ болсын десеңіз,
Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз.
Сонда ғана гүлденеді еліміз,
Сонда ғана шарықтаймыз өсеміз.