Жаңа сабақтар

Қолжетімді болу – басшының ең басты міндеттерінің бірі

Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, халықпен тиімді жұмыс жүргізуді тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев «еститін мемлекет» тұжырымдамасына көшу қажеттігін ерекше атап өткен болатын.
Шын мәнінде, тұрғындар үшін қолжетімді болу – басшының ең басты міндеттерінің бірі болып саналады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізі — мемлекеттік орган мен басшының ашықтығын қамтамасыз ету деп айтсақ, бүгінгі таңда аталған бағытта айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде.

☝🏻Біріншіден, бүгінде қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша азаматтардың пікірі ескеріліп, оңтайлы шешімдер қабылдануда. Осы ретте, ашықтық қағидаты шеңберінде ҚР БҒМ-нің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына https://www.facebook.com/edugovrk немесе министрліктің қызметкерлеріне білім және ғылым саласына қатысты тікелей сауал жолдауға болады.
Білім және ғылым вице-министрлерінің Фейсбуктегі парақшалары да Сіздер үшін әрдайым ашық және қолжетімді.
Жақыпова Фатима Надырқызы — білім және ғылым вице-министрі https://www.facebook.com/profile.php?id=100005176186537
Асылова Бибігүл Амангелдіқызы – білім және ғылым вице-министрі https://www.facebook.com/profile.php?id=100003382555676
Биғари Рүстем Айдарбекұлы – білім және ғылым вице-министрі https://www.facebook.com/rbigarin

☝🏻Екіншіден, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде (87172) 742411 нөмірі бойынша call-орталық халыққа қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар, өңірлердегі білім басқармалары басшыларының Facebook-тегі аккаунттары мен білім басқармаларының call-орталықтары да тұрғындар үшін қолжетімді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=10214261398105122&id=1120704037

☝🏻Үшіншіден, жұмыстың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында жуырда ҚР БҒМ-не қарасты фронт-офис іске қосылатын болады. Көзделген басты мақсат — білім саласына қатысты келіп түсетін сұрақтарға мардымды жауаптар қайтарып, күрмеуі қиын мәселелердің шешілуіне үлес қосу.

☝🏻Төртіншіден, өңірлердегі білім беру басқармаларына БАҚ тарапынан келіп түсетін сауалдарға уақытылы жауап беріп, білім беру тақырыбын кеңінен жариялайтын баспасөз қызметін құру тапсырылды.

Жалпы көздеген мақсатымыз – халыққа қызмет көрсету барысында жеке және әкімшілік кедергілерді жою. Себебі, азаматтарға ыңғайлы жағдай жасау және ашық жұмыс жүргізу өте маңызды.

Глава государства поручил госслужащим проводить эффективную работу с населением, используя социальные сети. Президент Касым-Жомарт Кемелевич Токаев особо отметил тот факт, что необходим переход на концепцию «слышащего государства».
Ведь быть доступным для населения — одна из главных задач руководителя.
На сегодняшний день в данном направлении проводится определенная работа.

☝🏻Во-первых, принимаются оптимальные решения с учетом мнения граждан по актуальным вопросам общества.
При этом, в рамках принципа открытости, по вопросам образования и науки в МОН РК можно обратиться через официальную страницу в социальных сетях https://www.facebook.com/edugovrk или написать сотрудникам министерства.
Хочу особо отметить, что страница вице-министров образования и науки на Facebook также всегда доступны и каждое поступившее обращение не останется без внимания.
Жакыпова Фатима Надыровна — вице-министр образования и науки https://www.facebook.com/profile.php?id=100005176186537
Асылова Бибигуль Амангельдиевна – вице-министр образования и науки https://www.facebook.com/profile.php?id=100003382555676
Бигари Рустем Айдарбекович – вице-министр образования и науки https://www.facebook.com/rbigarin

Во-вторых, при Министерстве образования и науки Республики Казахстан функционирует call-центр по номеру (87172) 742411. Аккаунты руководителей управлений образования регионов на Facebook и call-центры управлений образования также доступны для населения. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=10214261398105122&id=1120704037

В-третьих, в целях обеспечения прозрачности и открытости будет запущен фронт-офис при МОН РК. Главная цель — дать ответы на вопросы, касающиеся сферы образования, внести свой вклад в решение проблемных вопросов.

В-четвертых, управлениям образования регионов было поручено создать пресс-службы, которые будут своевременно отвечать на запросы СМИ и широко освещать тему образования.

Главная цель — устранение индивидуальных и административных барьеров при оказании услуг населению. Потому что, очень важно вести открытую работу и создавать удобные условия для граждан.

Ақпарат https://www.facebook.com/askhat.aimagambetov/posts/10214262065001794 парақшасынан көшіріліп басылды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.