Жаңа сабақтар

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

TALIS-2018: қазақстандық мұғалімдердің басым бөлігі өз мектептерін жақсы жұмыс орны ретінде ұсынуға дайын.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі — ЭЫДҰ) TALIS-2018 зерттеуінің нәтижелері бойынша халықаралық есептің бірінші томын жариялады. 48 мемлекет қатысқан зерттеуге Қазақстан алғашқы рет қатысты.

Қазақстаннан зерттеуге 331 мектептен 6 мыңнан астам мұғалім мен директор іріктелді. Осы ретте Қазақстан бойынша анықталған негізгі нәтижелерге тоқталғымыз келеді.
Мұғалімдердің басым көпшілігі (91%) өз жұмысының нәтижелеріне көңілдері толады және өздері жұмыс істейтін мектепті жақсы жұмыс орны ретінде ұсынуға дайын (88%).
Қазақстан мұғалімдерінің 75%-ы үшін кәсіп таңдауда мұғалім мамандығы бірінші орында тұрды (ЭЫДҰ елдерінде 67%). Мұғалімдердің басым бөлігі — жоғары білімді мамандар. Магистр дәрежесі бар мұғалімдердің үлесі – 3,5%-ы құрайды. Қазақстанда мұғалімдердің 76%-ын әйелдер құрайды (ЭЫДҰ елдерінде − 68%). Қазақстандық мұғалімнің орташа жасы — 41 жас (ЭЫДҰ бойынша – 44 жас), ал директордың орташа жасы – 48 жас (ЭЫДҰ елдерінде – 52 жас). Қазақстан мұғалімдерінің көп бөлігі (54%) 36 мен 49 жас аралығында, ал 30 жасқа толмаған мұғалімдер 18,4%-ды құрады.

Қазақстандық мұғалімдер шет елдік әріптестеріне қарағанда белсенді оқыту әдістерін жиірек қолданатынын және сабақта тәртіп сақтау мәселелері бойынша көңілдері сирек бөлінетінін хабарлады.

Қазақстандық мұғалімдердің бір апталық жұмыс уақыты TALIS-ке қатысушылар арасында ең ұзақ елдер қатарында (орташа есеппен 48,8 сағат). Жалпы қазақстандық мұғалімдердің кәсіби дамуына көңілдері толады.

Мұғалімдердің 86%-ы кәсіби даму шараларына қатысу олардың тәжірибесіне жақсы әсер еткенін мәлімдейді (ЭЫДҰ елдерінде – 82%). Орташа есеппен алғанда қазақстандық мұғалімдер жаңартылған оқу бағдарламалары мен оқулықтарға байланысты (36,6%), критериалды бағалау (30,5%), оқытуда АКТ-ды қолдану (30,2%), оқушыларды бағалау әдістері (27,9%) бойынша кәсіби дамуды аса қажет деп белгіледі. Қазақстан мұғалімдер жалақыны көтеру мәселесін ең өзекті деп белгіледі.

Халықаралық есеппен ЭЫДҰ-ның ресми сайтында http://www.oecd.org/education/talis/ толығырақ танысуға болады.

Зерттеу нәтижелерінің толығырақ талдамасы тамыз айында Ұлттық баяндама http://www.iac.kz сайтында жарияланатын болады.

Анықтама. Халықаралық TALIS сабақ беру мен оқыту зерттеуі мұғалімдер мен мектеп директорларына бағытталған әлемдегі ең ауқымды әрі беделді зерттеу болып табылады. ЭЫДҰ қатысушы елдердің педагог кадрларын дамыту және білім беру ортасын жақсарту мақсатында әртүрлі елдердің оқытушылары мен директорларынан ақпаратты әрбір 5 жыл сайын жинайды және халықаралық талдау жүргізеді.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.