Жаңа сабақтар

Литвада алғаш рет тоғызқұмалақтан жарыс өтті

2019 жылғы 16-18 маусым аралығында Литваның астанасы Вильнюсте Қазақстанның Литвадағы Елшілігі, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы және «Санторос» астаналық гимназиясының әкімшілігімен бірлесе отырып, осы елде алғаш рет қазақтың логикалық ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан мастер-классы пен жарыс ұйымдастырды.
Жарысқа 23 спортшы, оның ішінде гимназия оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Жарыс жеңімпаздары, сондай-ақ ойынның барлық қатысушылары Қазақстаннан естелік сыйлықтарды алды.
Жеңімпаздарды марапаттау кезінде, ҚР Литвадағы Елшісі В.Темірбаев оқушыларға ойын тарихымен, өздерінің Қазақстандағы құрдастарының өмірі туралы айтып, сондай-ақ оларға тоғызқұмалақ ойнау дағдыларын ересек өмірде пайдалы болатынын тіледі.
Жарыс күндері барысында, тоғызқұмалақтан әлемнің бірнеше рет дүркін чемпионы С.Ақатаев ойының стратегиялар мен жедел жеңістерінің құпияларымен таныстырып қана қоймай, қатысушыларға осы көшпелі ойынға байланысты қызықты әңгімелерді де айтып берді.
Елшіліктің және Дүниежүзілік федерацияның осы жарыстарды жыл сайынғы негізде өткізу туралы жоспары бар. Қазірдің өзінде, бірнеше мектептің ойын негіздерін меңгеруге қызығушылығын танытты.
Литвадағы тоғызқұмалақ ойынының бойынша секциясы, Қазақстан Елшілігі мен Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының орындау негізінде құрылған.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.