Жаңа сабақтар

Суттибаева Ляззат Пернебеккызы

Жамбыл облысы Шу қаласы № 49 негізгі мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Суттибаева Ляззат Пернебеккызы

Сабақ тақырыбы Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» әңгімесін қорыту
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 8.Т/Ж4 — көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.
Сабақтың

мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады: көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: көркем шығарманы қорыту кезінде өз көзқарасын білдіріп, шығармашылық жұмыстар жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:өз көзқарасын дәлелдеуде үзінділерді орынды қолданады, дәлелдер келтіреді.

Тілдік

мақсат

Оқушылар орындай алады: көркем шығарманы түсінеді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: көзқарас,әңгіменің ұсынар идеясы

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:Меніңойымша,«Себебі, мен оны былай түсіндіремін…»

Талқылауға арналған сұрақтар:

«Әңгіме неліктен «Ұшқан ұя» деп аталған?»

Құндылықтар

ды

игерту

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Елжандылық, толеранттық, ұлтжандылық тәрбие.
Пәнаралық байланыс Тарих, қазақ тілі
Бағалау критерийі · өз көзқарасын дәлелдеуде үзінділерді орынды қолданады, дәлелдер келтіреді.

· Шығармадағы үзінділерді әр түрлі тапсырмалар орындау барысында орынды қолданады.

·

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану, жоғары деңгей дағдылары
Алдыңғы білім көркем шығармадағы кейіпкерлер бейнесі
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Уақыты Сабақтағы жоспарланған жаттығу Ресурс
Сабақтың басы 1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

2.Психологиялық ахуал

3. Ширату. Доп лақтыру»

«Доп лақтыру» сұрақ-жауап жүргізу әдісі бойынша оқушылар үлкен шеңберге тұрады. Ойынды мұғалім бастайды. «Мен «Бауыржан Момышұлының »әңгімелерін оқыдым деп допты қарсы жақтағы оқушыға лақтырады.Оқушылар доп лақтыру арқылы бір-бірлеріне сұрақ қойып, кезекпен айналым жасап шығады. Сыныптың барлық мүшелерін қамтиды, барлық оқушылар сұрақтарға жауап беруге ұмтылады. Үй тапсырмасын еске түсіреді.

«Конверттегі сұрақ»

1. Бауыржан туылғанда берген көпшіліктің, атасының батасы қабыл болды ма? Ойларыңмен бөлісіңдер.

2. «Даланың дарқан балабақшасы» дегенді қалай түсінесіңдер?

3.«Ертексіз өскен бала – рухани мүгедек» дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Бауыржанның қандай марапаттарын білеміз?

Интербел

сенді тақта

Сабақтың ортасы 1-тапсырма Топтық жұмыс

– Әңгіме неліктен «Ұшқан ұя» деп аталған?

«Ойлаудың алты қалпағы» тәсілі

Топтағы әр оқушыға бір қалпақтан беру немесе алты топқа бір қалпақтан беру. Ақ қалпақ: өлеңдегі фактілер мен нақты ақпараттарды айтады. Сары қалпақ: жағымды тұстарын айтады. Қара қалпақ: ұнамаған жағымсыз тұстарын айтады. Қызыл қалпақ өлеңді оқығанда пайда болған сезімдерді айтады. Жасыл қалпақ: жаңа идея ойлап табады. Көк қалпақ: ой қорытынды жасайды.

Топтардың қорғауы. Өзара бағалау. «Екі жұлдыз бір тілек» тәсілі. Екі жақсы жағын, бір ұсынысын білдіреді.

Мұғалімнің кері байланыс

2-тапсырма

Екі үзіндінің біреуін таңдап, ондағы маңызды эпизодты көшіріп жазып, кесте бойынша негіздеме жаса.

Шығармадан үзінді Маңызды эпизод екеніне 3 дәлел келтір 3 дәлелге 3 факті келтір
1.

2.

3.

1.

2.

3.

Дескриптор:

— шығармадан үздік эпизодты анықтайды;

-3 дәлел келтіреді;

— 3 дәлелді 3 фактімен дәйектейді.

Қ.Б: От шашу

Мұғалімнің кері байланысы.

3-тапсырма

Шығармашылық жұмыс:

1-топ: 5 сұрақ беріледі. Жауап дайындасын

2-топ: «Ұшқан ұядағы» рухани байлық : мақал-мәтелдер, бата сөздер, ұлттық салт-дәстүрлер,

ұлттық тәлім-тәрбие туралы ой қозғау.

3-топ: «Менің қиялымдағы- Бауыржан»

Сурет салу, суретпен жұмыс

4-топ: « Ел болам десең ,бесігіңді түзе» шағын эссе жазу /50-60 сөз/

Дескриптор:

— сұраққа жауап дайындайды;

— тақырыпта ой қозғайды

— эссе жазады, жазылу шартын сақтайды.

Қ.Б: «Қошемет»

Мұғалімнің кері байланысы.

Сабақтың соңы «Сабақ бойынша ойыңды білдір» әдісі

Қандай жаңа білім алдың? Алған біліміңді қолдана аласың ба? Саған қиындық тудырған түсініктер?

«Мұғалімнің қорытынды сөзі:

«Ақ жүрек болып жолдасың,

адалдық сені қолдасын.

Жақсылық үшін тіресең,

жаныңды арың қорғасын.

Найзадай болсын намысың,

Ер жігітке бәрі сын

Қиындық көрсең, мұқалма,

ауырлық көрсең, жұқарма.

Қамқоршы бол кішіге,

үлкенді үлгі тұт алға!»-деп айтқан бабалар сөзін болашақ өмірімізге өнеге тұтып жүретін еліміздің отансүйгіш

азаматтары сендерсіңдер , жас ұрпақ !

«Шығу билеті»

– Сендер бүгін не үйрендіңдер?

– Тағы не білгілерің келеді?

-Алдағы жоспарың қандай?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.