Жаңа сабақтар

Тиркешов Ерболат Көшкинбаевич

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы

«Манашы орта мектебі» КММ

Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі:

Тиркешов Ерболат Көшкинбаевич

Тақырыбы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интелектуалдық сайысы

Мақсаты: 10-11 сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазақ тілі мен математика пәндеріне қызығушылықтарын арттыру арқылы оқушылар арасынан ХХІ ғасыр көшбасшысын анықтау

Кезеңдері:

I-кезең «Бәйге» — Сұрақтарға тез жауап береді

II-кезең «Полиглот» — Жұмбақтар арқылы берілген жасырын сөзді тауып оның баламасын үш тілде табу

III-кезең «Білімпаз» — Логикалық есептер шығару арқылы жүйрікті анықтау

IV-кезең «Ғажайыптар» — әртүрлі пәндер бойынша бес сұрақ

Армысыңдар, бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыс сабағымызға жиналған қауым! Бүгінгі біздің сайысқа қош келіпсіздер!

БІРІНШІ КЕЗЕҢ «БӘЙГЕ»

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз -дей келе біз келесі кезең БӘЙГЕ кезеңін бастайық.

  1. Жүргізуші қатысушыларға қарапайым сұрақтар қояды, әр сауалға жауаптың үш нұсқасы ұсынылады.
  2. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 10 ұпай иеленеді.
  3. Жауапқа он бес секунд уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар қабылданбайды.

Физика

1.Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу

энергиясы (ішкі энергия)
2. Жылу берілуі кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы
(жылу мөлшері)
3. Молекулалар арасындағы өзара әсерлесу, елеусіз аз болатын газ.
(идеал газ)
4. Өз сұйықтығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу.(қаныққан бу)
5. Денеге басқа денелер әсер етпеген кезде жылдамдығын сақтау құбылысы.

(инерция)
6. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы (ток)
7. Бір құмалақ бір қарын қарын майды шірітеді.Қандай құбылыс (диффузия )

Математика

  1. 5 мысық 5 тышқанды 5 минут ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минут

ұстайды? (5 минут)

  1. Үшбұрыштың 3 қабырғасы берілген 10,15,7, оның периметрін тап? (32)
  2. “Миллион” деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы?(Ы.Алтынсарин)

  3. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем?(аксиома)

  4. Геометрияның жазықтағы заңдылықтарын зерттейтін бөлімі?

(Планиметрия)

Тарих

  1. Тарихтың атасы?(Геродот)
  • Рейхстагқа ең алғаш ту тіккен қазақ жауынгері кім(Р. Қошқарбаев)

  • Тұңғыш қазақ демограф ғалымы?(М. Тәтімов)

  • Адамзат қоғамы туралы ғылым?(тарих)

  • Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама қай жылы басталды?(1723 ж.)

  • Информатика

    1. Компьютердің негізгі бөліктерін ата?(Жүйелік блок, Монитор, Пернетақта)
    2. Принтердің неше түрі бар?(3 түрі бар)
    3. Вирустың кері әсерін жоятын программа ?(Антивирус)
    1. Компьютердің атасы” деп кімді атаған?(Ч. Беббидж)
    2. Қазіргі таңда бұл адам атақты Microsoft компаниясының президенті ?(Билл Гейтс)

    География

    1. Әмудария мен Сырдария аралығындағы шөл ?(Қызылқұм)
    2. Экватордың жалпы ұзындығы?(40000 км)
    3. АҚШ-тың солтүстік штаты ?(Аляска)
    4. Ең терең көл? (Байкал)
    1. Тайланд астанасы?(Бангкок)

    ЕКІНШІ КЕЗЕҢ «ПОЛИГЛОТ»

    Келді кезек жұмбақты шешуге

    Жауаптарын беруге үш тілдерде

    Қазақ, Орыс, Ағылшынды білсеңіз

    Жақсы баға шәкірт саған несібе

    Жасырылған жұмбақтардың жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару керек.

    1.Екі айнасы бар,

    Екі найзасы бар.

    (сиыр- корова – cow)

    1. Көкке шаншып құйрығын,

    Келеді шауып жүйрігім.

    (жылқы- лошадь- horse)

    3.Алпыс төрт тең бөлмеде

    Отыз екі тұрғын бар.

    Ақ, қара қып бөлгенде,

    Бірін-бірі қуғандар

    (шахмат-шахмат)

    1. Ащыдан басқа жемейтін

    ыстық шөлде отаны

    Шөлдесе су деймейтін.

    (түйе-верблюд-camel)

    1. Тастан тасқа секірген,

    Ұзын салпаң құлақты

    Қойдан маза кетірген.

    (ешкі- коза- goat)

    1. Аласа ғана бойы бар,

    айналдырып киген тоны бар.

    (қой- баран- sheep)

    ҮШІНШІ КЕЗЕҢ «БІЛІМПАЗ САЙЫСЫ»

    Мәңгі бақи есте қалар

    Ғажайып бір сайыс болсын

    Білімдірек шәкірт озар

    Қиынырақ сұрақ болсын деп біз енді сайысымыздың тағы бір келесі кезеңіне келдік.

    1.

    Су құйып ем астауға,

    Үш қаз ұшты аспанға.

    Үш қасқалдақ, бір қазан,

    Екі үйрек, бір сазан.

    Қосылды кеп бұларға

    Бір көксерке,бір қарға,

    Айт,неше құс ұшып жүр?

    Жауабы: 9 құс

    2.

    Портфелімде әуелі,

    Он үш жаңғақ бар еді.

    Науат пенен Маратқа,

    Самат пенен Сағатқа,

    Апасына Қанаттың,

    Екі-екіден тараттым.

    Қанша жаңғақ қалғанын,

    Айта қойшы,ал жаным!

    Жауабы: 3 жаңғақ

    3.

    Үйге жұмсап Жарқынды,

    Алдырдық біз үш түйе.

    Қос қап бидай артылды,

    Әр түйенің үстіне.

    Тапқыр болсаң ал,санап

    Бидай алдық қанша қап?

    Жауабы: 6 қап

    4.

    Әсел шұлық тоқып отыр,

    Ләйла сабақ оқып отыр,

    Сара сырмақ сырып отыр,

    Нұрлан өрмек құрып отыр,

    Бекен отын тасып жатыр,

    Дария қазан асып жатыр,

    Қуыршағын жуындырып,

    Ләззат отыр киіндіріп.

    Алданбайды Мұрат бірақ,

    Апасынан кәмпит сұрап,

    «Жоқ» десе де қоймай жатыр,

    Бірер талға тоймай жатыр.

    Қанша бала ойнап отыр?

    Қанша бала тоймай жатыр?

    Жауабы:

    1бала ойнап отыр,

    1бала тоймай жүр

    ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢ «Ғажайыптар » САЙЫСЫ

    1-сұрақ. Нөл температурада су неге айналады? (мұзға)

    2-сұрақ. Құсжолы қандай пішінде болады? (шиыршық)

    3-сұрақ. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы. (модем)

    4-сұрақ. Галстук қай жерден шықты? (Англия)

    5-сұрақ. Ең кіші планета ? (Меркурий)

    6-сұрақ. Париж сахнасында ән салған тұңғыш қазақ әншісі? (Ә. Қашаубаев)

    7-сұрақ. Ақпараттың ең кіші бірлігі. (Бит)

    8-сұрақ. “Оянған өлке” романының авторы. (Ғ. Мүсірепов)

    9-сұрақ. Ноғай ордасының астанасы. (Сарайшық)

    10-сұрақ. Қазіргі Павлодар облысының әкімі. (Қана Бозымбаев

    1.Бейнеу ауданы қай жылы қай айда құрылды? Ж: 1973 ж. 20 – наурыз

    2.«Тамағы тоқтық жұмысы жоқтық,Аздырар адам баласын» — кімнің өлең жолдарынан алынған?
    Ж: Абай Құнанбаев
    3.Маңғыстау қандай табиғи аймаққа жатады? Ж:Еуразия шөлейті

    1. «Ескендір»,«Масғут»,«Әзім әңгімесі»поэмасының авторы кім?
      Ж: Абай Құнанбаев

    5.Қазақстан Республикасының Елтаңба авторын ата?
    Ж:Жандарбек Мәлібеков

    6.«Боранды Бекет» романының авторы кім? Ж:Ш.Айтматов

    7.Маңғыстауда түсірілген «Кек» атты тарихи фильм Ә. Кекілбаевтың қай шығарманың желісі бойынша түсірілген. Ж: «Күйші».

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.