Жаңа сабақтар

Жаңартылған білім беру жүйесінің басымдықтары

Оспанова Бибигуль Габбасовна

Ақмола облысы, Зеренді ауданы Чаглинка негізгі мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, жоғары санатты

Жаңартылған білім беру жүйесі – бүгінгі таңдағы ең басты реформалардың бірі.

Жаңартылған білімнің басты ерекшелігі – оқу құралында берілген тапсырмалар тізбегі – оқушы білімін өмірдегі қарапайым жағдаймен әрдайым байланыстырып отырады. Яғни, алған білімді өмірде қолдану ұстанымы қашан да басты назарда. Дәл осы тұста функционалдық сауаттылық ұғымы қалыптасып, жаңартылған білім беру жүйесінің басты нысаны анықталды. Пәнаралық байланыс принципі әрдайым жүзеге асып отырады.

Сабақ барысында топта талқылаудың қорытындысы бойынша кластерлер құрылады; оқушылар презентациялармен сөз сөйлейді – бұл барлық идеялармен бөлісу мүмкіндігі. Жұпта жұмыс істейді – бұл іс-әрекет барлығына өз пікір білдіруге мүмкіндік береді. Рөлдік ойындарға қатысу, пікірталастырушы ретінде өз ойын білдіре білу – қарама-қарсы көзқарастарды, әр түрлі жағдайға сан позициядан қарау қабілетін қалыптастырады.

Осы іс-әрекеттер барысында мынадай нәтиже байқалды, балалардың ой-өрісінің бірегейлігі, пікірлердің агрументтілігі, диалог жүргізе білу, сын тұрғысынан ойлау дағдысы, өз бетінше білім ала білу қабілеті. Балаларда өзін-өзі бағалау, өз мүмкіндіктеріне сенімділік деңгейі көтерілді, ең бастысы – пәнге деген қызығушылық артты.

Сонымен жаңашыл ұстаз дегеніміз кім? Жаңашыл мұғалім моделі деп қазіргі заманға сай жоғары білімі мен тәжірибесі бар ұстаздарды атауға болады. Ол тек қана сабақ беріп қоймайды, өз білімін шыңдап, ой-өрісін кеңейте түседі, қазіргі уақытқа сай технологияларды жетік меңгереді.

Ғылым мен техника жарық жылдамдығымен дамып жатқан заманда жаңашыл, бастамашыл ұстаздың ролі одан сайын арта түспек. Күн сайын жаңарып жатқан ақпараттар ағымы легінен қалып қоймай, білім мен біліктілікті арттыра отырып мазмұнды сабақ өткізу, білім деңгейі тұрғысынан жоғары нәтижеге қол жеткізу, оқушы санасын ертеңгі үлкен өмірге бейімдей алу – қашанда басты мақсатымыз болуы шарт. Абай атамыз «мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» десе, педагог ретіндегі ұстаздар қауымының басты мақсаты – «білім нәрін беріп – оқушы санасын ашпақ» болып отыр.

Қай заманда болмасын, білім, оқыту, тәрбиелеу мәселесі аса өзекті болғандығы белгілі. Себебі, келер ұрпақтың тәрбиесі, салт-санасы, ақыл-ойының жеткен жетістігі ұлт болашағын шешеді. Ақпарат ағымы үздіксіз толығып, ғылым мен технология әр секунд сайын жаңарып, өзгеріп жатқан жиырма бірінші ғасырда – ұрпақ тәрбиесіне басымдық беру – аса маңызды Осы арқылы өз еліміздің болашағына бағдар тауып, бағыт сілтей аламыз деген ойдамыз.

«ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы» [3] жоғарыда аталған мәселеге тікелей қатысты ауқымы кең іс-шараға айналды.

Техника, технология дамыған дәуірде дәстүрлі оқыту жүйесі оқушы санасынан орын алмайтыны айдан анық. Дәлірек айтсақ, тапсырманы беріп, оған тура дұрыс не бұрыс жауап алу оқыту, білім алу процесін қамти алмайтыны да белгілі.

Осыған орай, байқағанымыздай аса дәйекті дәлелдермен көрсетілген жаңа оқыту бағдарламасының басымдықтары айтарлықтай көп. Мәселен, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас әдебі жоғары сатыға қойылған. Оқу, білім алу кезеңдері пайымдаудың, ойлаудың әр қадамына сай қарапайымнан күрделіге принципіне сүйене отырып бірізді ойластырылған. Білім алушының білім қорын жинақтап қоймай, өз өміріне қажетті оқу-білім, дағдысын саналы түрде меңгеруіне, игеруіне толықтай жағдай жасалған. Оқушы бойында ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында жалпы оқу процесін позитивті арнада ұйымдастыру да аталмыш бағдарламада қамтылған. Мәселен Білім және Ғылым министрі Күләш Шәмшидинованың еңбек нарығында керек жоқ мамандықтардың көпшілігінің жойылып кететіндігі туралы ойы бүгінде өзін дәлелдеп отыр. Күләш ханым жаңартылған білім бағдарламасының нақты не себепті, не мақсатпен жасалғанын баян етті.

«Біз Қазақстан стандарттарын зерттедік, сондай-ақ TIMSS және PISA халықаралық зерттеулері бойынша үлкен жетістіктерге жеткен, экономикасы дамыған мемлекеттердің тәжірибесін зерделедік. Бірақ білім жүйесінде қолданылып жүрген тәжірибені зерттеу аздық етеді. Біз уақыт талабын түсініп, әлемде не болып жатқандығын да ескеруіміз шарт. Себебі 20 жылдан кейін біз еңбек нарығының қай бағытқа қарай өзгеретінін, қандай мамандықтар сұранысқа ерекше ие болатынын, келесі буын өкілдерінің алдында нендей мәселелер туындайтынын ойлауымыз керек. Осы мақсатта халықаралық конференциялардың материалдарын ескере отырып, әлемнің барлық тәжірибесін тоғыстырып, біз Кембридж университетімен бірге жаңа білім бағдарламасын жасадық» [4], – деді К.Шәмшидинова.

Осыдан түсінгеніміз, жаңартылған білім беру бағдарламасының басты мақсаты – жоғары деңгейдегі дағдыны қалыптастыру, нәтижеге бағытталған білім беру процесі, жаңа пәндердің пайда болуы (көркем еңбек, жаратылыстану), оқыту критерийлері, жиынтық бағалау, қалыптастырушы бағалау, ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді, орта мерзімді жоспар ұғымдары қалыптасты.

Яғни, оқушының метанымдық дағдысын қалыптастыру жаңа оқыту бағдарламасының басты мақсаты. «Метатаным дегеніміз не?» деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, ол ойлау туралы білу деген сөз. Не қиын болды? Нені орындау қолымнан келді, нені орындай алмадым? – деген сұрақтарға жауап іздей отырып өз іс-әрекетін бағалай білу дағдысы.

Аталмыш бағдарлама толықтай дерлік оқыту процесін жетілдіруге, бағытталады. Қорыта келгенде, жаңартылған білім беру бағдарламасының артықшылығы мен тиімділігі аса көп.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту жаңа технологияларды өз тәжірибесінде қолдана біледі. Жаңа заманның жаңа педагог тұлғасын қалыптастырады. Сабақта мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ, бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні одан да маңыздырақ. Нағыз ұстаз, өз ісінде солайша бағаланады.

Жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану нәтижесінде қазіргі оқушының:

  • Сабаққа қызығушылығы артады;
  • Нақты өз деңгейінде бағаланады;
  • Жеке қабілеті айқындалады;
  • Өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;
  • Даму мониторингі айқын көрінеді;

Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. Тек сонда ғана олар: «Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?», «Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе?», «Маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті» – деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.

Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуге қажетті факторларға тоқталар болсақ, олар:

– әлем стандартына сай білім беру;

  • бәсекеге қабілетті тұлға дайындау;
  • тәжірибелік дағдыларды дамыту;
  • функционалдық сауаттылықты арттыру;
  • ұстаздардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігі қандай? Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі:

  • Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі;
      • Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;
      • Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі.
      • Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру;
      • Оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру;
  • Білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою;
  • Бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы;
  • Оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу).

Жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшелігі:

  1. Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым);
  2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау);

  3. Шығармашылық ойлау дағдысы

  4. Логикалық ойлау дағдысы

  5. Сыни ойлау дағдысы

6.Алгоритмдік ойлау дағдысы

7.Критикалық ойлау дағдысы

8.Проблемалық ойлау дағдысы

9.Технологиялық ойлау дағдысы

10.Тілдік құзіреттілік дағдысы

  1. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;

Оқу дағдыларына нақтырақ тоқталсақ, бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір-бірімен тығыз байланысты.

Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Зерттеулік білік пен дағдылар адамға тек ғылыми жұмыспен айналысқанда ғана емес, сонымен бірге оның басқа да қызмет аясында қажет.

Шығармашыл-зерттеушілік ізденіс кез-келген кәсіптің ажырамас бөлігі болып табылуда. Баланы зерттеушілік іс-әрекетке дайындау, зерттеулік ізденістің біліктері мен дағдыларына үйрету қазіргі кезде білім берудің маңызды міндеті болып отыр.

Н.А. Назарбаев «Дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін, біз жоғары білімді ұлт болуымыз керек» [2] дей келе, өскелең ұрпақтың функционалдық сауаттылығына аса назар аударуды талап етіп отыр.

К.Ушинский: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады» [4,120], – деген екен.

Бүгінгі күн – білім беру мазмұнына, оқушы мен педагог тұлғасына және қызметіне деген көзқарастардың түбегейлі өзгеріске бет бұрып отырған кезең. Бұл жөнінде ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын жоғары индустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», – деген еді. Қазақстанның әлемдік үрдістерге кіруі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттырып, сол бағытта үлкен қадамдарға бастау болғаны анық.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы. 1992.
  2. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 17.01.2014 ж.
  3. «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру» 2017ж.
  4. Жаңа білім бағдарламасын жасап шығарды// Білім шапағаты, 6 сәуір 2013 жыл
  5. Основы и система дидактики К.Д. Ушинского. М., 1957;

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.