Жаңа сабақтар

Уразбаева Марияш

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы «Манашы орта мектебі» КММ

Химия пәнінің мұғалімі Уразбаева Марияш

Сабақ тақырыбы: Көміртектің қасиеттері және қосылыстары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

8.4В Көміртек және оның қосылыстары

Мектеп:

«Манашы орта мектебі»КММ

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 8 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Көміртектің қасиеттері және қосылыстары
Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме) 8.4.3.5.Көміртектің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу;

8.4.3.6.Көміртек жанған кезде көміртек диоксиді мен көміртек моноксидіның түзілу жағдайларын сипаттау және тірі ағзаларға иіс газының физиологиялық әсерін түсіндіру;

Сабақтың мақсаты
  • Көміртектің химиялық қасиеттерін анықтайтын реакция теңдеулерін жазу
  • Иіс газымен көмірқышқыл газының физикалық, химиялық қасиеттерін сипаттау
  • Көміртек қосылыстарының қолданылуын және ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру
Бағалау критерийі
  • Көміртектің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырады;
  • Көмірқышқыл газы мен иісгазының физикалық қасиеттерін,қолданылуынсипаттайды;
  • Көміртек қосылыстарының қолданылуы мен ағзаға әсерін түсіндіреді
Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады:

Көміртектің негізгі қосылыстары иіс газы мен көмірқышқыл газының ағзаға тигізетін әсерін түсінеді

Көміртектен тұратын қосылыстарды атау кезіндеарнайы лексиканы қолданып дұрыс айту және жазу

Пәнге қатысты лексика және терминология

Көмірқышқыл газы,иіс газы, көміртек (ІІ) оксиді,құрғақ мұз, кальций карбиді, бензин, метанол,сода, резеңке

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Көміртек … орналасқан/… тұрады

Көмірқышқыл газы мен иіс газы зиянды, себебі…

Құндылықтарға баулу — оқушылардың мәселелерді тұжырымдай білулерін дамыту, оларды шешу жолдарын ұсыну;

— оқушылардың қатынастық мәдениетін (араласа білу, монологтік және диалогтік сөз құру) дамыту;

— сыни ойлау, жеке, топтық жұмысты ұйымдастыру, диалог жүргізе білуді дамыту;

— оқушылардың зияткерлік және шығармашылық тұлғалық қасиеттерін дамыту

Пәнаралық байланыс Биология, математика

-Көмірқышқыл газының фотосинтез процесi үшiн маңыздылығы түсіндіріледі;

-реакция теңдеуін құрғаннан кейін раекция теңдеулерін теңестіру және тотығу-тотықсыздану дәжересін көрсету математикалық есептеулер арқылы жүзегеа сады;

Алдыңғы білім Көміртектің жалпы сипаттамaсын,реттiк номерін, атомдық массасын біледі;
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланғантжаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

5 мин

Таныстырылым(1 мин)

Топқа түстер арқылы топқа б

өлінеді.Түстер: сары, қызыл, жасыл

— үй тапсырмасын текскру (4 мин)

«Қағаздағы сұрақтар» әдісі

Оқушыларға сұрақ жазылған қағаз қиындысы бар қалташа ұсынылады. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді.

1.Көміртектің қарапайым табиғатын ашқан ғалым?

2.Көміртектің аллотропиялық түрөзгерісі қандай?

3.Алмаздың физикалық қасиеті қандай?

4.Графиттің физикалық қасиеті қандай?

5.Карбиннің физикалық қасиеті қандай?

6.Фуллереннің физикалық қасиеті қандай?

Слайд презентация,

Түсті қағаз

8 сынып оқулығы.

Сабақтың ортасы

7 мин

11мин

12 мин

Оқушылар мазайканы құрастыру арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.

Сабақтың тақырыбы тақтаға, дәптерге жазылады

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен танысады

І тапсырма

Жеке жұмыс. «Химиялық диктант»

1.Оқушыларға интерактивті тақтадан химиялық диктант көрсетіледі әр оқушы берілген тапсырманы дәптерлеріне орындайды.

С+…….= CO

….+…..= CaC2

C+Cl2= ………

C+H2= ………

C+H2O= …….+……..

C+………=СО2

Дайын жауап үлгісі тақтадан көрсетіледі.Қасындағы жұппен дәптерлерін ауыстырады және бірін – бірі бағалайды.

Бағалау критерийлері Дескриптор
Көміртектің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырады; Көп нүктенің орнына тиісті элементті қояды
Реакция теңдеуін теңестіреді
Тотығу дәрежелерін көрсетеді

Кері байланыс. Жапондық бағалай арқылы бағаланады

II тапсырма.

Топтық жұмыс «Борт журналы»

әдісі . «Борт журналы» әдісінде оқушылар мәтінді оқиды және мәтін бойынша келесі келесі сұрақтарға жауап жазады:

Көмірқышқыл газы мен иіс газы туралы маған не белгілі? Мен не білемін? Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім?

Мәтіннің түйінді ойларын оқушылар өздерінің «Борт журналына» енгізеді. Оқу кезіндегі үзілісте оқушылар тақырыпты өз ойларымен, тәжірибелерімен байланыстырып, «Борт журналының» бағандарын толтырады. Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып жұмыс орындайды, оқушылардың кейін жазбаларын пайдалана білулеріне мүмкіндік туғызады.

Бағалау критерийлері Дискриптор
-Көмірқышқылгазымениісгазыныңфизикалыққасиеттерін,қолданылуынсипаттайды; Иіс газы мен көмірқышқыл газының физикалық қасиеттеріндегі айырмашылықты айтады
Иіс газының қолданылуын біледі
Көмірқышқыл газының қолданылуын біледі
Көміртек қосылысының айналымын түсіндіреді
Фотосинтез физикалық қасиеті қандай? физикалық қасиеті қандай? процесінің маңызын айтады

Кері байланыс.Дайын коментарие жазылған қима қағазды үлестіру арқылы бағалау.

III Тапсырма.

  1. Жұптық жұмыс«Домино — 2»

Оқушылар столды жағалай отырады. Жұп болып отырған оқушылар қолдарына Көміртек қосылыстарының қолданылуы мен ағзаға әсері көрсетілген сурет бейнеленген открытка қиындылары таратылып беріледі.Жұп болып отырған өзінің суретіне байланысты әңгімені бастайды. Бұл ертегі, қияли, күлкілі әңгіме т.с.с. болуы мүмкін. Ең бастысы, қолындағы сурет қамтылуы тиіс. Осы суреттің қиындысы бар келесі ойыншы әңгімені жалғастыруы керек. Осылайша басы бүтін бір әңгіме айтылып шығады.

Бағалау критерийлері Дискриптор ұпай
Көміртекқосылыстарыныңқолданылуыменағзағаәсерінтүсіндіреді Көміртектің адам ағзасына зиянын біледі 1
көміртек қосылысының зиянын болдырмау үшін үлес қосатыны айтады 1

Кері байланыс.Смайликтер арқылы жұп бойынша бағалайды.

кітап, оқу құралдары

Ватман

кітап, оқу құралдары

Открытка қиындылары,маркер

Сабақтың соңы

5 мин

Үйге тапсырма

Рефлексия.Кері байланыс

Стикерге оқушылар сөйлемді аяқтап үш қабырғадағы «+ ! -» белгі үстіне жабыстырады.

«Сөйлемді аяқтаңыз!»

1. Маған оңай болды……….

2. Маған орындау қиын болды….

3. Маған әлі де жұмыс жасау керек …………

Қорытынды:

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма

Жаңа тақырып бойынша қосымша материалдар дайындау

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Төмен деңгейдегі оқушыларға жеңіл сұрақ-жауаптар мен терминмен жұмыс берілді.

Саралау үлгерімі төмен оқушыларға көміртек қосылыстарынының реакция теңдеулері жазылған үлестірме материал тарату арқылы қолдау көрсетілді, ал барынша үлгеретіндерге метакогнитивті сұрақ қою арқылы олардың білімдері кеңейтілді.

Оқушылар «Химиялық диктант» тестісін орындағаннан кейін әр жапондық бағалау әдісін пайдаланып бас бармақты өзгерту арқылы бағаланды. Топтық жұмыс «Борт журналы» әдісі барысында оқушылар дайын коментария жазылған қима қағаз арқылы бағаланды. Жұптық жұмыс «Домино 2» әдісі барысында смайликтерді өз бетіне кигізу арқылы бағаланады. Көзге арналған жаттығу жұмыстарын жасайды
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?Егероқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.
«Борт журналы» әдісі арқылы мақсатқа толық қол жеткіздім. Иіс газы мен көмірқышқыл газының физикалық, химиялық қасиетін мәтінді оқу, талдау және сұраққа жауап беру арқылы және көміртектің химиялық қасиеттерін анықтайтын реакция теңдеулерін жазу арқылы сабақтың негізгі мақсатына толықтай қол жеткіздім.
Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.