Жаңалықтар

ҚР неонаталдық көмекті көрсету мәселелеріне арналған оқыту семинары

2019 жылғы 27-29 мамырда Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында ҚР неонаталдық көмекті көрсету мәселелеріне арналған оқыту семинары өтті.

Семинарға еліміздің әр аймағынан 95 дәрігер: облыстардың штаттан тыс бас неонатологтары, бас дәрігерлердің неонатальдық қызмет жөніндегі орынбасарлары, облыстық және қалалық перинаталдық орталықтардың, балалар ауруханаларының нәрестелер реанимациясы, патологиясы және шала туған балаларды күту бөлімшелерінің меңгерушілері мен дәрігерлері, Педиатрия орталығы мен Көз аурулары қазақ ғылыми-зерттеу институтының мамандары мен резиденттері қатысты.

Талқылауға келесі баяндамалар ұсынылды: бактериялық сепсис және ауруханаішілік инфекцияның алдын алу бойынша клиникалық хаттамалар, неонаталдық желдетудің қауіпсіздігі (желдеткішке байланысты пневмонияның профилактикасы, диагностикасы, емі) госпитальдан тыс пневмония, госпитальішілік инфекция мәселелері, неонаталдық инвазиялық емес респираторлық демеудің қауіпсіздігі, гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия және заманауи емдеу әдістері, шала туылғандар ретинопатиясы мәселелері, медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекцияны төмендету тәжірибесі, туа біткен даму ақауы бар нәрестелерді ота жасау алдындағы даярлау стратегиясы, шала туылған балалардың өмір сүру сапасын жақсарту және т.б.

Үш күндік семинар барысында Ресейлік неонатологтар, реанимация бөлімшелерінің меңгерушілері Александр Ли (Санкт-Петербург қ.) және Андрей Аверин (Челябинск қ.) дәрістер оқыды, сондай-ақ қазақстандық мамандар, медицина ғылымдарының докторлары, профессорлар Тамара Чувакова, Педиатрия орталығының басшысы Риза Боранбаева және Неонатологтар конгресінің басшысы Бектұрған Карин арнайы баяндамалар жасады.

Семинар «Шеврон» компаниясы мен «АЯЛА» қайырымдылық қорының қолдауымен өткізілді.

Білім беру семинарларын өткізу және тәжірибе алмасу жаңа туған нәрестелерге медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға, инфекциялық аурулардың алдын-алу профилактикалық шараларын күшейтуге және еліміздегі неонаталдық қызметті дамытуға ықпал етеді.

«Педиатрия және балалар

хирургиясы ғылыми орталығы»

баспасөз қызметі

#НЦПДХ

#семинарнеонатологов

#Центрпедиатрии

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.