Жаңа сабақтар

Қыдырбай Әйгерім Қуанышбекқызы

Қызылорда облысы, «Жаңақорған аграрлы-техникалық» колледжінің

арнайы пәндер оқытушысы Қыдырбай Әйгерім Қуанышбекқызы

Сабақ тақырыбы: Компьютерлік желілер.

Курс: 1 Топ: №106 Сабақ нөмірі

(пара)

50
Мамандық/ біліктілік: 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамассыз ету» / ЭЕМ операторы
Пән/модуль атауы: Компьютерлік техниканы аппараттық қамтамасыз ету / Желілер және қауіпсіздік
Сабақ тақырыбы: Компьютерлік желілер
Күні: «02» мамыр 2019 ж. Ұзақтығы: 45 минут
Өткізу орны: 7аудитория
Тақырыптық блок мақсаты: Студенттер бойындакомпьютерлік желілер және олардың жіктелуі туралы жалпы теориялық білімді қалыптастыру
Сабақтың мақсаты: Білімділік: студенттерге желі, компьютерлік желінің қажеттілігі мен сілтемелері, ауқымды және жергілікті желілер, желі топологиясын игерту.

Дамытушылық: студенттердің логикалық ойлауын, салыстыра отырып, ажырату дағдыларын дамыту, ақпараттық дүниетанымын кеңейту;

Тәрбиелік: студенттерді шапшаңдыққа, өз ойын айта білуге, ұжымдық ауызбіршілікке баулып, дүниетаным шеңберін кеңейту, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу

Бағалау критерийлері
  • Әр желіні территориялдық жіктеуге сәйкес түсіндіреді;
  • Түрлі компьютерлік желілерді салыстырады.
Күтілетін нәтиже: Компьютерлік желілердің жасалу мақсатын біледі, желілердің түрлерін ажыратады, желілердің типтері қай мақсатта қолдынылатынын үйренеді.
Сабақ типі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері, әдістемелік шаралар, педагогикалық техникалар, педагогикалық технологиялар:
Түсіндіру, баяндау, көрсету, сұрақ-жауап

Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясының элементтерін қолдану

Қажетті құралдар мен жабдықтар: Презентация, үлестірмелі материал (жұмыс дәптері), дербес компьютер
Қосымша ақпарат көзі (әдебиет): «Информатика негіздері» Жапарова Г.Ә., Гордеев А.В., Молчанов .Ю., Куприянова А.В., Ефимова О., Морозов В., Шафрин Ю. «Курс компьютерной технологии»
Оқытушы туралы ақпарат:
Арнайы пән оқытушысы: Қыдырбай Әйгерім Қуанышбекқызы Тел.: 8702 970 03 96

E-mail: aika_95_96kz@ list.ru

САБАҚТЫҢ ЖОСПАР-КОНСПЕКТІСІ

Тақырыптық блок барысы Уақыт (минут) Оқытушы әрекеті Студенттің әрекеті Оқыту ресурстары мен материалдар
1 2 3 4 5
1.Ұйымдастыру кезеңі 3 мин Сәлемдесу

Студенттердің сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру, студенттердің назарын сабаққа шоғырландыру, топқа біріктіру.

Сәлемдеседі,

дәптерлерін, қаламдарын дайындыққа келтіру

2.Үй жұмысын жан-жақты тексеру 5 мин 1. Өткенді қайталау. Топтық жұмыс

а) Операциялық жүйе дегеніміз не?

б) Операциялық жүйенің объектілері

в) Операциялық жүйенің түрлері

г) Жұмыс үстеліндегі есептер тақтасында не орналасқан?

д) Жүйе параметрлерін баптау үшін шақырылатын терезе

2. Студенттерді ашық журнал бойынша бағалау

Сабаққа белсене қатыса отырып, сұрақтарға жауап береді. (көпір тапсырмасын орындау) Интерактивті тақта
3. Студенттердің жаңа материалды түсініп және белсенді игеруге дайындық кезеңі 5 мин Жаңа сабақты түсіндіру. Демонстрация әдісі.

Оқытушы жаңа сабақтың тақырыбына, сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.

Студент өз бетінше жаңа тақырыпты меңгереді
4. Жаңа білімді қабылдау кезеңі 10 мин «БІЛУ» теориясы бойынша:

Бос орынға қажетті сөздерді жазып, сөйлемді толықтырыңыз:

1.________________ – бір бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен ___________ жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. 2. _________________– бір-біріне жақын орналасқан компьютерлерді басқарады. 3. Жергілікті желідегі компьютерлердің бір – бірімен геометриялық байланысу тәсілі _________ деп аталады. 4. _________________ – бұл аудан, қала немесе мемлекет ішіндегі біртектес мекемелер компьютерлерін біріктіретін жүйе. 5. ________________ – көптеген пайдаланушылар арасындағы қорларды орталық компьютер арқылы бір арнаға үйлестіру.

«ТҮСІНУ» теориясы бойынша:

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Сервер бізге не үшін керек?

Себебі,

2. Ақпаратты тарату ортасының типтері не үшін қолданылады?

Себебі,

«ТАЛДАУ» теориясы бойынша: Сызбаны толтырыңыз:

Жергілікті желінің түрлері

«ЖИНАҚТАУ» теориясы бойынша: Сызбаны толтырыңыз:

Дәрістік кешенмен танысып, бос орынға қажетті сөздерді тауып жазып, сөйлемді толықтырады

Сұрақтарға жауап береді

Сызбаларды толтырады

Жұмыс дәптері

Бағалау парағы

5.Жаңа материалды студенттің түсінуін тексеру кезеңі 2 мин Практикасы: «БАҒА БЕРУ»

Сен қалай ойлайсың?

Сен қалай ойлайсың? Компьютерлік желі бізге не үшін керек?

Жауабы:

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.