Жаңа сабақтар

«Әлемдегі кереметтің барлығы ұстаздан»

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оны сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Ол — өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.

Осындай қиын да, сондайлық сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет ететін мамандықты мен де таңдап алдым. Бала кезімнен армандап келген мамандығым десе де болады. Балалық шағымдағы сүйікті ұстазымның осыншама қадір-қасиетін, құрметке бөленуін, өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауын көргенде, тіпті оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге болғанын көріп, осы мамандықты жан- тәніммен сүйе бастадым. Ұстазымның дара жолымен, менде жүре бастадым.

Ал енді бүгінгі ұстазға қойылатын талаптар шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді,-деп айтуға болады. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: — Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, талап етеді. Өйткені қазіргі жас буын — еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты –саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. Ал енді, педагогтік шеберлік – дарынды талант емес,үйрену, ізденудің нәтижесі.

Бүгінгі басты бағытта бұл орайда орта білім беруді жүйелі жаңғырту жағдайында жұмыс істеуге дайындау арқылы мұғалімдерге жан-жақты қолдау көрсету болып табылды. Жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша біліктілікті арттырудың жаңа бағдарламаларын жасау, жаңартылған білім беру мазмұнын сынақтан өткізу және ендіру мәселелері бойынша мұғалімдерге арналған конференциялар мен оқыту семинарларын, курстарын ұйымдастыру және өткізу болды. «Өрлеу» БАҰО»АҚФ ШҚО филиалы өткізген курстардабізге институт тренеріболған мықты педагог Симбаева Салима Оралхановна білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды көрсетіп қоймай, жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді қолданудың қыр-сырын үйретті.

Осы курстар арқылы білім жүйесіне жаңа көзқараспен ,жаңаша қарауды үйрендім. Соның нәтижесінде күнбе-күнгі өзімнің көп қырлы еңбегімде мазмұны әртүрлі кездейсоқ жайттардан туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға үйрендім. Көптеген Республикалық, облыстық семинар, конференияларға қатысып шеберлік –сыныбын көрсетіп,өз білімімімді шыңдай түстім.

Атап айтсам: Астана қаласында өткен «Ұлтымыздың бүгіні мен ертеңі білімді ұрпақ қолында» атты Республикалық педагогикалық конференциясында Республикалық үздік сабақ жеңімпазы жоғары әдістемелік шеберлігі үшін 2017ж «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен Куәлік № 027 және құрмет грамотасымен марапатталдым, сонымен қатар «Бейбітшілік Әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі», «Тәуелсіздік – тірегім теберігім!» атты өнер фистиваліне белсене атсалысқаны үшін «Шығармашыл ұстаз» төсбелгісі мен құрмет грамотасымен, 2018 ж. ШҚО «Өңірлік орталығы мен білім басқармасы өткізілген»Туған өлке тарихы», «Рухани жаңғыру» әдістемелік жобасын жүзеге асырып, облыстық семинарларда өз тәжірибиеммен бөлісіп, шеберлік- сынып көрсеткені үшін ШҚО «Шығыс» өңірлік орталығының алғыс хаттарымен марапатталдым. «Рухани жаңғыру»жобасы аясында Астана каналы түсірген «Қасиетті мекен» атты телебағдарламаға түсіп жазғы үш айда Қазақстанымыздың қасиетт жерлерін аралап бағдарлама шығардық. Сонымен қатар, биылғы облыстық тамыз конференциясында ШҚО «2016-2019ж арналған үш тілді дамытудың аймақтық кешенді жоспарының» аясындағы мұғалімдер арасында өткізілген тестілеуден жоғарғы білімімді көрсеткен үшін 500 мың теңге бір жолғы сыйақы беріліп, әкім грант иегері атандым.

Бүгінгі XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық

технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек деп есептеймін.

Байқасам,осы ұстаздық жолында жүргеніме биыл жиырма жыл болыпты. Осы уақыт аралығында талай фестиваль»Ең үздік қазақ тілі мұғалімі», «Үздік ұстаз» сияқты байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленген екенмін. Көптеген шәкірттерім қалалық, республикалық дәрежедегі түрлі олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысып жүлделі орын алып, ұстаз еңбегін ақтаған. Бұл көрсеткіштер ұстаз мерейін өсіретіні хақ. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың «Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға»- деген

өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!

Заманға сай жаңашылдық — осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені -өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр — білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Қызылорда облысы, Шиелі аудандық

кешкі жалпы білім беретін мектептің

11 «В» сынып оқушы Исагалиев Улан

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.