Жаңа сабақтар

Вильнюсте қазақстандық суретші Рауза Ералиеваның көрмесі ашылды

2019 жылы 14 мамырда Вильнюстің ескі қаласындағы богемалық орамында – Ужуписте, «Жаһандық өмірдегі заманауи Қазақстан мәдениеті» жобасын іс-асыру шеңберінде, белгілі қазақстандық суретшісі Рауза Ералиеваның көрмесі ашылды.

Көрменің ашылуына ресми тұлғалар, бизнес және академиялық топтардың өкілдері, мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ Литвада тіркелген дипломатиялық миссияларының мүшелері қатысты.

Литвадағы Қазақстанның Елшісі В.Темірбаев фестивальдың ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде қазақстандық өнердің көпшілікке таралуы және еліміздің мәдени әлеуетінің дамуындағы динамизмы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының және «Ұлы даланың жеті қыры» атты Елбасының мақаласы арқылы ойдағыдай іске асырылып жатқанын аттап өтті.

Өз кезегінде, литвалық жұртшылығын қазақстандық суретшінің жарқын және ерекше стилі таңғалдырды. «Мені Рауза Ералиеваның көрмесі қатты таңдандырды. Мен қазақстандық суретшінің пайдаланған жарқын бояуларға таңғалдым, көрмеге келген қонақтарға қазақ халқының мәдениетіне тән, керемет бейнелер мен формаларды көрсеткенімізге өте қуаныштымын» деп Ужупис өнер-инкубаторының жетекшісі Иева Матулионите көрме туралы пікірімен бөлісті.

Сонымен бірге Иева Матулионите қазақстандық суретшілерімен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға қызуғушылығын білдіріп, жас қазақстандықтарды өнер инкубатордың жұмысына қатысуға шақырды.

Ужупис — Литваның ғана емес, бүкіл аймақтың басты көрікті жерлерінің бірі. 1997 жылғы 1 сәуірде, ораманың тұрғындары әсіресе суретшілер мен ақындар «Еркін республика Ужупис» деп жариялады. Ужупис (бүгінде жоқ) республикасының президенті, үкіметі және парламенті бар, сондай-ақ конституциясы да бар.

«Мемлекет ішіндегі мемлекет» Ужуписты Париждегі орналасқан Монмартрмен және Копенгагеннің Кристианиясымен ұқсастырып бір қатарға қояды. Аталған жер Литва астанасындағы ең көп туристер баратын үшінші орынға ие, сондай-ақ Вильнюстің Ескі қаласы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне кіреді.

«Роза Ералиеваның суреттер көрмесін Ужупис Республикамызда өткізу біз үшін үлкен құрмет. Жалпы алғанда, литвалық аудитория қазақстандық суретшілердің жұмысымен таныс болмаған, ал осы сурет көрмесі Қазақстанның қазіргі өнерінің жарқын үлгісі болып табылатынын атап өткім келеді.

Осыдан бір жыл бұрын Қазақстан Елшілігімен бірлесіп, қазақ тілінде Ужупис Республикасының Конституциясынның стендін аштық. Айта кету керек мәтінді жазған кезде латын графикасы қолданылған. Сакалас Городецкис, Ужупис Республикасының Премьер-Министрі біздің ынтымақтастығымызды одан әрі нығайыуна қуаныштымын» деп мәлімдеді.

Вильнюстен кейін көрме Каунас және Клайпеда қалаларында өтеді. Литвадан кейін қазақстандық суретшінің туындылары әрі қарай Латвияның Лиепая және Рига галереяларына жіберіледі.

Осылайша, Қазақстан кино күндері (Вильнюс, Каунас, Клайпеда), қазақстандық-канадалық «Equus: жылқы тарихы» атты деректі фильмі, Вильнюс Университетінде өткен «Арқайым» нео-этно-фольклорлық тобының концерті, сондай-ақ көктемгі жаңару — Наурыз мейрамына арналған саяси мекемелерге және дипломатиялық корпусқа ұйымдастырылған ресми қабылдауы және Рауза Ералиеваның суреттер жинағының көрсетілімімен Елшіліктің «Литвадағы Қазақстан көктемі» барысында ұйымдастырылған мәдени жобасын аяқтайды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.