Жаңа сабақтар

«Жас Ұлан» республикалық мектебі түлектері бітіру кешінен бас тартты

12 маусым мектеп бітіру кешін өткізетін күн болып белгіленді. Бұл күні мектеп үлкен толқыныспен өзінің тәрбиеленушілерін жаңашылдықтарға, жаңа таныстықтарға толы үлкен өмірге шығарып салады.

Мектеп бітіру кеші – бұл естен кетпес 11 жылды бірге өткізген, бір-біріне рухани жақын жандардың жиыны. Мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар күнделікті жаңа мүмкіндіктерін, қабілеттері мен дарынын ашып, бір-біріне қуаныш пен шабыт сыйлады.

Бұл кеште мұғалімдер ата-аналарға балаларын алда күтіп тұрған сынақтарға бірге дайындап, олардың бойындағы халқымыздың ең жақсы құндылықтарын бірге дамытуға сенім білдіргендері үшін алғыстарын айтады. Оқушылар өздерін әлемдегі ең керемет мамандыққа арнаған мұғалімдердің еңбегін, қамқорлығын, шексіз мейірімін мойындап, толқыныспен махаббаттарын жеткізеді.

Біздің үлкен, кішкентай, қалалық, ауылдық мектептер тәрбиеленушілерін олармен бірге мектеп өміріндегі қуанышын да, қайғысын бөлісіп, 11 жыл бойы бірге күнделікті қарсы алып, шығарып салып отырды.

Сондықтан, ҚР Білім және ғылым министрлігі бітіру кешін міндетті түрде оқушыларын жаңа, жарқын, қызықты өмірінде табысқа жетеді деген үлкен үмітпен қарсы алатын сүйікті мектептерінде өткізуді сұрайды.

Мектеп барлық балалардың қандай екенін біледі, сондықтан, біз ата-аналар үлкен шығындарды талап ететін киім-кешектерді көрсетпегенін жөн санаймыз. Мектеппен қоштасу кеші жарқын әсерлерге, жылы сезімдерге, естеліктерге толы болуы керек.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жас Ұлан» республикалық мектебінің түлектері біздің бастамамызды қолдап, сән-салтанатты мерекеден бас тартты. Олар ата-аналарының қаражатын іні-қарындастарының оқулықтарын сатып алуға, болашақтағы біліміне салуға және қайырымдылық мақсаттарға жұмсауға шешім қабылдады. Біз бұл бастама еліміздің басқа мектептерінде де қолдау табады деген үміттеміз.

Естеріңізге сала кетейік, мектеп бітіру кешінде шараның өткізілуі, қатысушылардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік мектеп әкімшілігінің мойнында болады.

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.