Жаңа сабақтар

Тантаева Райхан Калимовна

Атырау облыстық

тіл мүкістігі бар балаларға

арналған №3 мектеп интернатының

тәрбиешісі Тантаева Райхан Калимовна

Тақырыбы: Тәуелсіздік – Тәңірдің тартуы ( танымдық сайыс )

Мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіздіктің кімдердің қанымен, қандай ауыртпалықпен келгендігі жайлы айтып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту.

Коррекциялық мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерей тойы қарсаңында оқушылардың білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан-жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру.
Сайыстың түрі: танымдық сайысы

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, пікірталас, ойын.
Сайысқа қатысушылар: 3 топ (5-7-9 сынып): «Тәуелсіздік» тобы, «Желтоқсан» тобы, жүргізушілер, әділқазылар.
Көрнекілігі: Тақырыптың аты, ҚР-ның рәміздері, буклеттер, слайд, тақырыпқа сай баннерлер, асық, ребус, сөзжұмбақ, Астананың айшықты жерлерінің суреттері, марапаттау қағаздары,

Өтілу барысы:

І. Кіріспе.

  1. Ұйымдастыру

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар!

Отан, туған жер, атамекен деп,- жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын білу – әрбір ұрпақтың азаматтық борышы. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған төл мерекемізге арналған «Тәуелсіздік – Тәңірдің тартуы» тақырыбы аясында өтетін танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

2- жүргізуші: Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Осы 27 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз. Барша қонақтар,баршаңызды бүгінгі Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

1-жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік — ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

2-жүргізуші:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі — Әнұраны!

(Әнұран орындалады.)

  1. жүргізуші: Тәуелсіздік бұл ата-бабамыздың арманы ақиқатқа айналып, тәуелсіздік таңына қолымыз жеткен күн, тіліміз жаңғырып, діліміз қайтарылған күн. Рухымызды асқақтатып, тарихымызды таңдаған Ұлы күн.
  2. жүргіуші: Ия Ұлы күн бізге расымен де оңайлықпен келмеді. Найзаның ұшымен, білектің күшімен бабалар қорғап қалған еліміз тәуелсіздік жолында көптеген қиын кезеңдерден өтті.

Слайд (видеоролик)

1- жүргізуші: 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі – ХХ ғасырдағы айтулы оқиға.

2- жүргізуші: Қазақтың санасын сілкіндірген оқиға жылдар бойы арман еткен, тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.

1- жүргізуші: Сол Желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында дүние жүзіне танымал болдық.

2- жүргізуші: Желтоқсан бастауы – ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белесі.

1-жүргізуші: 1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан қаралы да, қасіретті күн еді!
Мұз жастанып азаттықтын жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.

Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке!!!

Біздердің бүгінгідей бейбіт күнге жетуіміз үшін, жандарын құрбан еткен желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алайық! (1 мин үнсіздік!) Музыка

2-жүргізуші: Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет болды. Біз өзіміздің рәміздерімізбен мақтанамыз! Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты!

2-жүргізуші: Ән: Көк тудың желбірегені

Сөзі — Алмас Ахметбекұлы , әні — Ермұрат Зейіпхан

Орындайтын — мектебіміздің 7 сынып оқушысы – Нұрбай Нұрсұлтан

2- жүргізуші: Шарамызды әрмен қарай жалғайық.

Олай болса,құрметті қонақтар, бұл шара танымдық сайыс болғандықтан, қатынасушыларымызды 2 топқа бөлеміз.

Оң қанатта – «Тәуелсіздік» тобы

Сол қанатта –«Желтоқсан» тобы.

1-жүргізуші: Ендеше, әр топ өзінің аты және ұранымен таныстырсын.
«Тәуелсіздік» тобы» тобы
Ұраны: Білекті бірді жығар
Білімді мыңды жығар

«Желтоқсан» тобы
Ұраны: Ұшқыр ой тілден жүйрік.

2-жүргізуші: Ендігі кезекте, осы сайыстың әділ бағасын беру үшін әділқазылар алқасын сайлайық:

1.

2.

3.

1- жүргізуші :

Елбасымыз айтқандай: «Қазір бой жарыстыратын заман емес – ой жарыстыратын заман» .

«Қазақстан болашағы – білімді ұрпағында»!

Олай болса танымдық сайысымызды бастайық.

Оқушыларға ұшқыр ой, сәттілік тілейміз!
2- жүргізуші

Ойын шарттары

1.Ойлан тап.

2.Сөз тіркесінен сөз шығару

3.«Жылдар сөйлейді»

4.Отан, туған жер туралы мақал — мәтел жарысы

5. Тәуелсіздікке тарту
І. Ойлан тап (неғұрлым жылдам жауап беру керек)

І – «Тәуелсіздік»» тобына сұрақтар:

  1. Қазақ хандығы қашан құрылды? (ХV ғасырда – 1465-1466 жылдары)
  2. Тәуке ханның заңдар жинағы қалай аталады? («Жеті жарғы»)
  3. Абылай ханның өмір сүрген жылдары? (1711-1781 жылдар)
  4. Қазақ жүздерін ата. (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)
  5. ҚР –ның астаналары болған қалаларды ата. (Орынбор, Қызылорда — Ақмешіт, Алматы-Верный, Астана-Ақмола)
  6. Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
  7. ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбасының авторы кім? (Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов)
  8. ҚР-ның туында не бейленген? (Мемлекеттік ту ортасында 32 сәуле тараған күн бейнеленген, күннің астында қалықтаған дала қыраны бар көгілдір түсті тікбұрышты кездеме. Ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең: 1:2.
  9. Желтоқсан оқиғасына байланысты шыққан ақын М.Шахановтың әні қалай аталады? (Қарабауыр қасқалдақ)

ІІ – «Желтоқсан» тобына сұрақтар:

  1. Қазақ хандығын құрған хандар? (Жәнібек пен Керей)
  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы кім? (Суретші-Шәкен Ниязбеков)
  3. ҚР-ның әнұранының авторы кімдер? (Н.Ә.Назарбаев, Ш.Қалдаяқов, әні-Ж.Нәжімеденов)

4.Абылай ханның билік құрған жылдары? (1771-1781 жылдар)

5.Қазақтың беделді билерін ата. ( Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

6.Астана қаласының бұрынғы атауы қандай? (Целиноград)

7.Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан оқиғасының құрбандарын ата. (Қайрат Рысқұлбеков,

Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджанова)

8.Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат? (Бәйтерек)

  1. « Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында қандай бейнелер белгіленген?

(Шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi.Шаңырақ- киiз үйдiң күмбезi отбасының бейнесi.

Түндік — таза көк аспанын бейнелейді. Шаңырақтан шыққан уықтар күн арайларын еске салады.

Бес бұрышты жұлдыз , ол елтаңбаның тәжi iспеттi.

Қанатты тұлпар —Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi.

Төменде таспа белдігінде ірі әріппен «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуы бар.)

ІІ. Сөз тіркесінен сөз шығару

«Тәуелсіздік – Тәңірдің тартуы»

(Жәймен Ә.Тіналиевтің «Желтоқсан желі» әнінің музыкасы естіліп тұрады).
2 — оқушы
Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,

Басқалардың тимесінші кесірі.
Елдің көшін өрге бастап барады,
Нұрағаңмен егіз болар есімі.
Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,
Бесігімде тербеледі дос үні,
Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,
Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!
3 – оқушы:

Желтоқсан желі ызғарлы,неткен ызғарлы?

Алып кетті ол қаншама сұлу қыздарды,

Суығы әлі жүректе жатыр сең болып,

Ұмыта алмаймыз, сол күндердегі мұз-қарды

ІІІ. Жылдар сөйлейді.. Ұяшық таңдау. (Слайд арқылы)

Жылдар сөйлейді.
Ұяшықтан корсетілген кітаптың біреуін таңдайды.

1.1986 жыл 16 желтоқсан – Желтоқсан оқиғасы.

    1. жыл 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент сайланды
    1. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік туралы Заң қабылданды
    1. 2 наурыз – БҰҰ-на мүше болды.
    1. 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер қабылданды
    1. 28 қаңтар – Тұңғыш Конституция қабылданды
    1. 15 қараша – Ұлттық валюта –теңге айналымға енді
    1. 30 тамыз – Жаңа Конституция қабылданды

9.1998 жыл 6 мамыр — жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді.

  1. 2006 жыл 7 қаңтар – Әнұранның жаңа нұсқасы қабылданды.
  2. 2011 жылды 10 желтоқсанын — Тұңғыш президент күні парламент сенатының толық отырысында қол қойылып, бүкіл елден қолдау таба білген мереке.

  3. 2017ж 10 шілде мен 10 қыркүйек – Халықаралық ЕХРО көрмесі

ІV. Отан, туған жер туралы мақал — мәтел жарысы

V. Тәуелсіздікке тарту

    • 1-жүргізуші: екі топтың мүшелерінен Тәуелсіздік күніне арнаған сыйларын ұсынуға ортаға шақырамыз.
    • 2-жүргізуші: Нәжен Сағымгүл
    • 1-жүргізуші: Зинуллина Фарида

Қайраттың рухына арнау. (Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбековке)

Оқитын –мектебіміздің 9 сынып оқушысы Зинуллина Фарида
Азаматтық айбарымен еркіңнің,
Желтоқсанда намыс үшін желпіндің.
Алаңдағы әділетсіз дауылға
Қайсарлықпен қарсы келіп сен тұрдың.

Жапа шегіп жатсаңдағы жаланың,
Жарамады арашаға жан адам.
Желтоқсанның желбіретті жалауын,
Төрт жылдан соң мұхтар атты жан ағам.

Желтоқсан деп жүрегім сыздар әлі,
Шырқалады Қайрат деп қыздар әні.
Көк байрағым сені еске сап тұрады,
Желтоқсанның жеңілмес мұзбалағы.

Жиырма бір жасың жатыр пешенеңде,
Айналар атың әлі неше өлеңге.
Жастар жүрер рухыңа тағзым етіп,
Рысқұлбеков атты бақ пен көшелерде!

Қарындасқа қалқан болған өренім,
Қалың жасқа пана болған терегім.
Жалын жырға арқау болған тереңім,

Өлтіре алмас сені өлім!
Алмас жүзді беренім!
-2- жүргізуші :әділ қазылар өз шешімдерін шығарып болғанша , сахнада ән.

Хор: Бекболат Тілеухановтың әні –«Елім менің» әні

Көрермендерге бір сұрақ қойылады. Кім бірінші шешсе, сол жеңіске жетеді.
«Қ» әрпінен басталып, «қ» әрпінен аяқталатын елдің атын атаңдар.

-жүргізуші :

Тәуелсіздік таңы сендер, білемін.

Болашаққа бар білімін берерін.

Барыс текті жастар, сендер, білемін,

Жалындатып биік шыңда жүрерін, — дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтамас бұрын, әділқазы алқасына сөз берейік.

Жеңімпаз топты, белсенді оқушыларды марапаттау.

Білімі мен біліктіліктерін сынаған сайыскерлерге, Тура төрелік жасаған әділ қазыларға, жанкүйер болған тыңдармандарға, қадірлі қонақтарға үлкен рахметімізді айтамыз!

    • 1- жүргізуші:

Осымен бүгінгі «Тәуелсіздік – Тәңірдің тартуы » атты танымдық сайысымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер, әрқашан еңсеміз биік, жүрісіміз нық, Тәуелсіздігіміз қуатты, жастарымыз намысты, ұлдарымыз қайратты, қыздарымыз сымбатты да білімді болсын! Сау болыңыздар!

Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Татулық — достықтың киелі бесігі»

Тәрбие сағаттың мақсаты: «Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндіру.

-Сыйластық,татулық,бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.

-Өзара жағымды қарым-қатынасты дамыту.

-Өзара достыққа, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағаттың көрнекілігі: Қазақстанның рәміздерінің суреттері, елімізде тұратын ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерімен суреттері, глобусь(жер шары), жүрекше,бейбітшілік құсы,күн,әртүрлі гүлдер суреттері.
«Шашу» биі

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

«Татулық — достықтың киелі бесігі» атты мерекелік іс — шараға қош келдіңіздер!
Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, армян, әзербайжан, украин, белорус, түрік, шешен және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір — бірімізбен қоян — қолтық аралас өмір сүрудеміз.

Ағайын — туған — бар адам.

Адалдық үшін жаралған.

Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық!

Бүл мереке бұрын бүкіл әлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды.

Қазір ол «Қазақстан Халықтарының бірлігі күні» болып аталады.

1-Оқушы: Қырғыз, қазақ, өзбектер, Монғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, тәжік, грузин, Орыс пенен украин, Терезесі тең жатыр –

2-оқушы:

Ағайын – туған – бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық!

3-оқушы:
Болсын жер мен су да ортақ.
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
4-оқушы:
Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәрімізде баламыз.
Біз Отанда тұрамыз,
Біз мектепке барамыз.
5-оқушы:
Алтай, Кавказ ұласып,
Бауырайы кең жатыр.
Бақытты әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.

6-оқушы

Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен-бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.

7-оқушы

Мамырдың бірі, достық күні

Ән салып, билеген халықтың үні.

Тұтасып, тойлаған ұлттар,

Керемет мереке, мамырдың бірі.

8-оқушы

Достық – шырағымыз,

Достық – ұранымыз.

Достық туымыз,

Достық әніміз.

9-оқушы

Дос болып түрлі халықтар,

Жасайтұғын ғасырмын.

Бақыт шымын әлемге

Ұмытылмас асылмын.

10-оқушы

Бейбітшілік ұраны,

Жарқыраған алтын күн.

Ән қанатты қыраны

Еркіндігі халқымның.

11 -оқушы

Достықты үлгі санаған,

Бір үйде біз тұрамыз.

Қалған ата-бабадан,

Бірлік асыл мұрамыз.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Жүргізуші: Халқымыз достық, ынтымақтастыққа ерекше мән берген «Қырғыз, қазақ — бір туған», «Өзбек — өз ағам», «Түбі бірге түрікмен» деп қырғыз, өзбек, түрікмен және т. б. ұлттарды ынтымақ- тастыққа шақырған. Бірлік — халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады.
Жүргізуші: Көрініс: «Бірлік»

Автор: Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай үйреткен екен. Қарт бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әуреленіп, былай бір бума шыбықты сындыра алмайды. Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп — оңай сынады. Қария: бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке — жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады.
Жүргізуші: Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білу жеңістен жеңіске жеткізеді. Оған халық куә, тарих куә! Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келеді. Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не?
Оқушы: Дүниежүзінде бәріміз жақсы көретін нәрсе тыныштық, бірлік.
Оқушы: Әрине, халқымыз ең әуелі тыныштықты қалайды.
Жүргізуші : Ал, енді «тыныштық» деген сөздің мәнін білесіңдер ме?
Оқушы: Дүниежүзінде соғыс болмаса, тыныштық деген сол. Елдегі тыныштықты халық «береке — бейбітшілік» дейді.
Жүргізуші : 1 — мамыр мерекесі дүниежүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр ұлттар тату — тәтті өмір сүруде. Олай болса, біздің қаламызда тұратын әртүрлі ұлттардың өнерін тамашалайық.

«Қазақ» биі

«Орыс» биі

«Кәріс» биі

Өзбек ұлтының өкілі:

Еліміздегі белді этностың бірі – өзбектердің Қазақстандағы саны 440 мың адамға жуық. Ең көп тараған жері Оңтүстік Қазақстан облысы. ОҚО-да өзбектердің саны бүкіл Қазақстандағы санының 90-нан астам пайызын құрайды (шекаралас болғаннан). Өзбек халқы бізге көршілес ел болғандықтан, дәмдес-тұздас болып жиі араласқан жайымыз бар. Мысалға: самса, палау, манты көк шәй, тандыр нан біздің дастарханда кездеседі.

Үндістан елінің өкілі:

Республикасы Оңтүстік Азияда орналасқан, жер көлемі бойынша жетінші орынды, халық саны бойынша екінші орынды иемденіп отыр. Үндістандағы атақты Тәж-Махал, Амритсардағы алтын сарай, Махабодхи, Аджантаның үңгір ішіндегі ғибадатханалары, Эллора ғибадатханасы, Делидегі және Агре жеріндегі қызыл форт туристердің сүйікті орындарына айналған.

Үндістанда жалпыға ортақ тағамдар жоқ деуге болады. Себебі, ол елде жүздеген ұлт өкілдері мекен етеді. Сол себепті, мемлекеттік тіл — ағылшын тілі. Ел кедей болғандықтан, тамақты қағазға не жапыраққа салып, қолмен жейді.

Жүргізуші : Міне, балалар, біздер көп ұлтты Қазақстанда қандай ұлттардың өмір сүріп жатқанымен таныстық. Құшағына барлық ұлтты татулықпен сиғызып отырған Қазақстанның барлық халқына бірлік,ынтымақ, бейбітшілік тілейміз! «Татулық достық киелі бесігі» атты мерекелік іс — шарамыз осымен аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Қош сау болыңыздар!

Тақырыбы:«Әлия ерлігі – өшпес тарих!»

(тәрбие сағаты)

Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой — өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайдтар,

Әлия Молдағұлова туралы картиналар, Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар, батырлардың суреттері

Өтілу барысы: Топ ішін безендіру. Музыка ойнап тұрады.

Тәрбиеші:

Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де, ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытылмақ емес.

(Слайд арқылы )
Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 — де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 — мамырда Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 74 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 74 жылдығы.

Соғыстың алғашқы күндерінен бастап — ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап — ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.

Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 870 мың қазақстандықтар болған.

«Әлия» әні» орындалады.

  • Ал, балалар, жаңа орындалған ән қалай аталады? Кім айтады?

Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апамыз Шығыс жұлдызы Әлия Молдағұлова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.
— Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Әлия қас дұшпанынан елін қорғаған еді.

Ұлы Отан соғысында жауқазын ғұмыры қиылған қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова (1925-1944) рухына арнап көше аты да берілді, ескерткіш те қойылды, өлең де жазылды. Ал қаһарман қызға жасалған тағзымдардың ішіндегі ең ерекшесі Сейдолла Бәйтерековтың «Әлия» әні еді.

«Әлия» әні дүниеге 1975 жылы келген екен. 1976 жылы «Золотой Орфей» байқауында ән шырқалып, бірінші орынды иеленді. «Әлия» әні арқылы жас әнші Роза Рымбаева көпшіліктің көзайымына айналып, өнер көгінде кеңінен қанат қағуына жол ашты. Сондай-ақ, «Әлия» әні көпшілікке сазгер Сейдолла Бәйтерековты де таныстырды. Сөзін жазған Бәкір Тәжібаев.

Әлия Молдағұлова: Ақтөбе облысы Хобда ауданы Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында 1925 жылдың 15-ші маусымында дүниеге келген. Әлия 8 жасқа келгенде, анасы қайтыс болды. Нұрмұхаммед Сарқұловтың қолында екі баласы ұлы Бағдат және қызы Әлия қалды. Әкесі Әлияны нағашы әжесі Тәжікенге беруге мәжбүр болды. Әжесі қазіргі Құрайлы ауылында тұрған, немересін өте жақсы көрген, оған адамгершілікті, жақсылықты, еңбекқорлықты үйреткен. Әлия нағашысы Әубәкір Молдағұловтың үйінде, нағашысының қызы өзімен құрдас Сапурамен өсіп, есейді. Үй- іші Әлияні өте жақсы көрді. Әубәкірдің әйелі Сән қыздарға көп нәрсені үйретті, оған қыздар үй жұмысында көмектесті, кішкентай бауырларын тәрбиелеп, бақты. Өз құрдастарына қарағанда Әлияның мінезі қисық қатал болатын.
1935 жылы нағашысы Әубәкір Әскери-көлік Академиясына оқуға түсіп, отбасымен Москваға көшіп, ал соғыстың алдында Академиямен бірге Ленинградқа көшті. Ленинградта Смоленский ауданында Слуцкий көшесінде 2-ші үйде тұрды. Отбасы жағдайына байланысты нағашысы Әлияны Красногвардейский ауданындағы Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйіне тапсырды. Бұл балалар үйінің оқушылары қасында орналасқан Үлкен охта даңғылындағы № 9 мектебінде оқыды, қазір бұл № 140-шы мектеп. 1980жылы Ленсоветтің атқару комитетінің шешімімен Гурдин көшесіне Әлия Молдағұлованың аты берілді.
Әлия Ленинградты шын жүрегімен жақсы көрді. Бұл қала оның екінші отаны болды. Әлияның мұғалімдері, бірге оқыған дос қыздары оны өте ұстамды, терең ойлы, таза, ұқыпты деп естеріне алады. Ол жауқауларды жек көріп, олар бүкіл балалардың алдында сынап, ұрсатын. 6-7-ші сыныпта Әлия староста болған. Үздік оқуы және үлгілі тәртібі үшін Әлияны Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері Артекке жіберген. Артекте батырлардың тақтасында атақты Батырлар Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзенің қасында Әлия Молдағұлованың да суреті бар. Әлия оқуда өте зерек, талапты, ынталы болып, кітапті көп оқыды.
Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярослав облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.
1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.
Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.

  • Ал, оқушылар, қазақ халқының батыр қызы Әлия туралы сіздерге деректер жинауды тапсырған едім. Кім қандай дерек тапты екен.

Асем:Әлияның өмірбаяны: Ақтөбе облысы Хобда ауданы Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында 1925 жылдың 15-ші маусымында дүниеге келген. Әлия 8 жасқа келгенде, анасы қайтыс болды.

Назым:Әлия есімімен ондаған мектептер (Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі)аталған.

Ә.Молдағұлова атындағы көшелер:Ақтөбе, Атырау, Мәскеу, Санкт-Петербург, Тараз қалаларында бар.

Әсел: Әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий жүк таситын теплоходы аталған. Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербор, Новосокольникиқалаларындаескерткіштерорнатылып, көшелер аталған. Ақтөбеде облыстықмемориалды музей жұмысжасайды

1 оқушы: Әлия Отанына болған мақтан,

Бежиница маңында тұлғасы тұр,

Дегендей: «Ерлікке аттан, еңбекке аттан!»

Бұл жермен сонау заман Пушкин өткен,

Желдіртіп қоңыраулы атын жеккен,

Сол жерді жаудан сақтап қаламын деп,

Қазақтың Әлия қызы қанын төккен.

Казачиха дөңінде тұлғасы тұр.

2 оқушы:Міне, Одақтың түкпір – түкпірінен жаңакезекте оқитындар келе бастағанына

бірнее күн болды.Ең болмаса қазақ қызы келсе екен деймін.Неге десең, менің кезегімде менен басқа қазақ қызы жоқ…»

«….сендермен көріскім , туған ауылда болғым келеді.Оқасы жоқ , жауды жеңіп , елге қайтып оралып ,кездесіп бас қосатын , осының бәрін бір-ақ тойлайтын сағат та келер әлі…»

3 оқушы:

Әлияатындағыескерткіштер:

  1. Новосокольники қаласы (авторы М.Айнеков)
  2. Ақтөбе (Л.Рапутов, Е.Штамм)
  3. Ақтөбедегі Мемориалды кешен (авторы Б.Әбішев)
  4. Әліпбайсай ауылы (Б.Әбішев)
  5. Алматыдағы “Шығыстың қос жұлдызы” атанған Әлия мен Мәншүкке арналған мемориалдық кешен
  6. Мәскеудеескерткіш (Б.Әбішев)
  7. Мемориалдық музейдегі бюсті (О.Шанов).

Тәрбиеші: Міне, балалар, бүгін қазақтың ержүрек қызы Әлия туралы өздерің еңбектеніп, әртүрлі деректер жинапсыңдар. Отанымыздың – өр сезім батыр қызы Әлия туралы «Әлия ерлігі – өшпес тарих!» — атты тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз. Ұлы Жеңістің 70-ші көктемі құтты болсын!

Ал, осы шарамызды Жайсанова Заринаның орындауындағы

«Ел қорғауға әзірміз» әнімен қорытындылаймыз.

Тақырыбы : «Жарысқа шық , жас ұлан!»
Мақсаттары:

Білімділік: Ұлттық ойындарды дене шынықтыру іс – әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру.

Дамытушылық: Қазақ халқының ерлік – жауынгершілік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хан батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу;

Тәрбиелік: Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп, өзін – өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.

Қажетті құралдар: Арқан, жылқы макеті, қамшы, шариктер, үлкен резеңке доптар.

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар мен тәрбиешілер!

Бүгінгі «Жарысқа шық, жас ұлан!» атты спорттық ойындар жарысына қош келдіңіздер!

Топ арасындағы жарысқа қатынасатын ұландарымызды ортаға шақырайық.

(«Қаражорға» әуенімен балалар ортаға шығады.)

Бүгінгі жарысқа қатысуға екі топ келіп тұр.

Олар «Тұлпар» және « Қыран» топтары. Осы топтардың жарысына әділ бағасын, беретін әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
( әділ қазылар алқасы тәрбиешілерден сайланады)

Тәрбиеші:
Ал, құрметті халайық,
Жарысты енді көріңіз.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіз
Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз,
Әділ қазы ел сенген
Өнерге баға беріңіз.

Міне, балалар шықты алаңға,
Жас спортшылар жеке – жеке команда
Ал, балалар өздеріңді таныңдар,
Ептілік пен мықтылық көрсет табанда,

«Ура» деген ұранды біз тастаймыз,
Жарысымызды ал енді бастаймыз
«Жеңіске жетеміз!» -деп,
Жалынды ұран тастаймыз.
«Жарысқа шық, жас ұлан!»- атты жарысымызды бастаймыз.

Сайыс түрлері:
1.Таныстыру

  1. Бәйге
  2. Арқан тартыс
  3. Допты ұяшыққа салу

5.Кім шапаң?
6. Шегіртке

І тур «Таныстыру»

«Тұлпар» тобы:

Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па!
Қуып жету жақсы ғой
Озып шығу бір басқа.
«Қыран» тобы:

Босқа қарап тұрмайық,
Бағымызды сынайық
Намысты қолдан бермейік
Жарыста озып шығайық.

ІІ тур «Бәйге»

Әр топтың алдына 3 — 4 м қашықтықта межелер белгіленді.
Екі топтың балалары ( арақашықтық2м) сап түзеп тұрады. Бұл ойында жұптасып жарысады. Әр топқа бір ат, бір қамшы байланады. Белгі бойынша әр топтан бір баладан атқа қонады да жарысады. Балалар аттың шабысына салып шабуы тиіс.
ІІІ тур «Арқан тартыс»:
Бұл екі топқа бөлінген балалармен ойналатын ойын бір түрі. Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ өз жағына алып, келсе сол топ жеңіске жетеді.

ІV тур«Доптыұяшыққа салу»

Балалар бір — бірден шариктерді кәрзеңкеге дәлдеп салады. Неше рет шарик салса, сонша ұпай жинайды. Ойын уақытқа ойналады. Уақыты 2 минут.
V тур «Кім шапшаң?»
Допты қолдарына қысып ұстап, шынтақтап, шеңбер ортасынан өтіп, кері келіп келесі ойыншыға береді. Бірінші болған топ жеңеді.

VІ тур «Шегіртке»

Әр топтан бір-бір оқушы доптың үстіне отырып, белгіленген межеге секіріп жетіп, кері қайтады. Бірінші болып бітірген топ жеңеді.

Тәрбиеші:

Құрметті көрермендер, балалар!

Біздің алға қойған мақсатымыз ата – бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ұлттық ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге – құрмет, кішіге – қамқорлыққа баулып адамдық қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру.

Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан — жақты жетілдіруге бағытталған.
Бүгінгі балалармен ұйымдастырылған «Жарысқа шық, жас ұлан!» атты спорттық кешімізді қорытындылап, әділ шешімді әділ қазылардан күтеміз.

(әділ қазылардың шешімі тыңдалады)

Жеңіске жеткен топ марапатталады.

Осымен спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп, тамашалағандарыңызға рахмет!

Тақырыбы: « Наурыз — халықтық мереке »

Мақсаты:

Тәрбиелік: Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдарған салт-дәстүрін,наурыз мейрамының мәнін түсіндіру,әрі дамыту және көркейту. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

Коррекциялық: Оқушылардың ойлауын дамыта отырып, ой-қиялын, өрісін,іздену негіздерін дамыту.

Көрнекілігі: Слайд, шарлар, банер, қанатты сөздер, үнтаста.

Жүру барысы:

  1. Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті қонақтар! Бүгін біз Ұлыстың ұлы күні –Наурыз мейрамын тойлағалы отырмыз. Наурыз- бұл тек көктемнің ғана емес, ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы.

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйсін келіп Күн көктем,

Жапырағыңмен, шуағыңмен Күн – Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке

Қастерледік қадіріңді білдік те,

Құтты болсын Наурызымыз бүгінгі,

Жұмылдырған ынтымақ пен бірлікке!

2- Жүргізуші:

Сегодня замечательный день – праздник пробуждений новой жизни, праздник мира и весны. Наурыз праздник весеннего равноденствия, когда наконец-то, после долгой зимы, светлое время суток становится равным темному по своей продолжительности, а потом начинается неуклонно увеличиваться. Таким образом, этот праздник олицетворяет собой начало начал, возрождение природы, торжество светлых сил и добра.

Кең болсын қазағымның керегесі

Кетпесін Алла берген берекесі

Алаштың баласына нәсіп болған

Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі! ( бірге )

  1. Жүргізуші:

Көптен күткен қонағымыз,

Ғажап саған амандасу.

Сәлем саған ұлы наурыз,

Және саған шашу,шашу!

  1. Жүргізуші:

Қыс пен жаз,болады күз,

Алда талай алар асу.

Қош келдіңіз,Ұлы Наурыз

Шашу саған,шашу,шашу!

БИ: «Қазақ биі»

  1. Жүргізуші:

Құрметті мереке қонақтары,ұстаздар,оқушылар!

« Наурыз –жыл басы » атты Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған шараға қош келдіңіздер!Күн мен түн теңескен, адамзат пен табиғат келісім тауып кеңескен, осынау Ұлыстың ұлы күнімен құттықтау үшін сөз кезегі мектебіміздің директоры Ақсерік Құлжанұлына беріледі.

  1. Жүргізуші:

Наурыз – барша қазақстандықтардың ортақ той думаны. Наурыз- достық пен еркіндіктің мерекесі. Наурыз- қаңқылдап қаздар келетін, қырларда бүршік атып, табиғат – Ана гүл көрпеге оранатын көктем айы. Мал бағуды кәсіп еткен ата-бабаларымыздың қорада қойы қоздап, түйесі боздап,бір малы екеу болып, аузы аққа тиіп,мол ырысқа кенелетін, қыс қыспағынан арқасы кеңіп, арқа-жарқа , мәз-мейрам шаттыққа бөленетін шақ.

2-жүргізуші:

Для казахов является этот праздник символом весеннего обновления, торжества любви, плодородия дружбы. В старину до прихода Наурыза люди приводили вои дома и хозяйства в порядок, в честь праздника сажали деревья и цветы. Считалось, если Наурыз входит в чистый дом к хорошему хозяйну, то болезни и неудачи, невзгоды обойдут его стороной, а щедрое празднование этого праздника принесет в дом изобилие и успех на целый год.

ӘН: « Наурыз-думан » Нұрбай Нұрсұлтан

  1. Жүргізуші:

Наурыз-табиғаттың күн мен түн теңескен күні. Наурыз бақ-береке,тыныштық,татулық орнаған күн. Наурыз қазағымның мол дастарханы жайылып, ренжіскен адамдар табысып,татуласқан күн. Міне, Ұлы Наурыз, Әз Наурыз осындай күн.

Ұлыстың ұлы күні даланы Қызыр баба аралайды екен. Қыдыр ата адамдарға дәулет беріп,бақ қондырады екен. Қыдыр атаға жолыққан жанның бақ жұлдызы биікке жанбақ. Бәріңізге де Қыдыр ата жолыққай деп тілейміз.

Ал, халайық! Енді осы Ұлыстың ұлы күні ата салтымыз бойынша ортамызға Қыдыр атамызды шақырайық. (Ортаға Қыдыр ата шығады)

Қыдыр ата баршамызға ақ тілек, ақ батасын берсін!

Қыдыр ата:

Армысыздар, жамағат!

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Қайда барсаң,жолың болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын!

Көйлектерің көк болсын!

Қайғы –уайым жоқ болсын!

Қуаныштарың көп болсын!

Мерекелер көп болсын!

Әумин!

Жүргізуші:

Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ.

Қалыс қадам қалмасын некен-саяқ

Ән шырқап, би билейік қауым болып,

Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.

Ән мен күй Наурыздың сәні емес пе,

Домбырасы қазақтың мәні емес пе?- дегендей кезекті мектебіміздің өнерпаз оқушыларын ортаға шақырамыз.

Күй орындалады.

  1. Жүргізуші:

Наурызды тәңірі бізге нәсіп еткен,

Мейірім танысын деп тасып өткен.

Наурыз сән-салтанат,ұлттық рух,

Бақытты Наурызы бар халқым менің

Ендігі кезекті айтыс өнеріне берсек.

Жеткізген:

Ал бастайық,айтысты

Жібермейік намысты.

Қарсыласым,Толғанай

Жеңіп кетпе сен мені ай

Толғанай:

Мен өзіңді таңдадым

Айтысуға шақырып,

Көзіңнен де сеземін,

Қаласың ғой жеңіліп.

Жеткізген:

Сөзін тыңда қарағым,

Мен секілді баланың

Апайға айтып бәріңді,

Жиналысқа саламын ай

Толғанай:

Айта қойшы қарағым,

Қандай боп жүр сабағың

Жайын біліп қояйын

Сендей жаман баланың

Жеткізген:

Жайымды сұрап қайтесің?

Мұнда назар салайық.

Тілек айтып халыққа,

Наурыз тойын бастайық-ай

Толғанай:

Айналайын халқым ай

Құтты болсын салтың ай

Шықтық біздер жырлауға

Қазағымның салтын ай

Жеткізген:

Айналайын халқым –ай

Болсын жүзің жарқын-ай.

Ата салтын сақта деп,

Ұран етем жалпыңа ай

Толғанай:

Наурыз келді нұр келді

Мектебіміз гүлденді

Оқушы да,ұстаз да

Тойға әзір боп үлгерді ай

Жеткізген:

Наурыз шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз,

Ән салып жас-кәріміз.

Би билейік бәріміз

Бірге:

Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме.

Бақыт, байлық тілейміз

Бүкіл қазақ еліне-ай

Еркем,еркем, еркем ай

Еркелеген еркем-ай

Бүгін болған мерекең

Болсын тағы ертең-ай

  1. Жүргізуші:

Ұлыс күні адамдар бір-бірімен татуласып, достық орнаған күн. Бұл күні еліміз үшін қасиетті, киелі саналған. Тап осы күні ел елжірей қуанып, бір-бірін құттықтайды. Олай болса келесі тілектерімен ортаға төменгі топ оқушыларын ортамызға шақырайық.

Оқушылардың тақпақтары:

А сейчас, предлагаем вашему вниманию танец:

« Қара жорға »

  1. Жүргізуші:
  • А сейчас проведем викторину и посмотрим кто хорошо знает казахские традиции.

1-жүргізуші:

Ендегі кезекте қонақтарымызға Наурыз тойына байланысты сұрақтар қойып жауаптарын тыңдасақ.

  1. Күн мен түн теңелетін күн? (22 наурыз )
  2. Традиционный казахский конный спорт (Байга)
  3. Как называются богатыри в казахском эпосе. ( батыр )
  4. Состязание акынов перед народом. (Айтыс)
  5. Ұлттық тағамдарды ата?(бауырсақ, қуырдақ, қазы-қарта, құрт –ірімшік, жал-жая,айран, шұбат, қымыз)
  6. Казахское народное жилье (юрта)
  7. Наурыз көже қалай жасалады? ( 7 тағамнан жасалады)
  8. Праздничная пища из 7 продуктов, которую готовят на Наурыз. (Наурыз коже)
  9. Ұлттық ойындарды ата? ( қыз қуу, көкпар, асық ойыны, арқан тарту, бәйге, алтыбақан, бес тас)

Қанат А, Темірова А орындауында «Наурыз-көктем» әнімен қарсы алыңыздар.

  1. Жүргізуші:

Кешке дейін асықты ойнап едік,

Қызығына ойынның тоймап едік.

Осы асықпен жетілген батырларым

Бұл асықты ойнаған ақындарым.

2-жүргізуші:

С приходом Наурыза казахский народ связывал свои самые лучшие надежды. Ведь как встретишь Новый год так его и проведешь. Поэтому этот день празднуют особенно шумно, весело и богато.

Приглашаем вас принять участие в конкурсах.

Конкурсы для мальчиков:

«Арқан тартыс» — «Перетягивание каната». «Асық» — «Альчики»

Ортамызда отырған ер балаларымызды асық ойынына шақырамыз.

  1. Жүргізуші:

Наурыз көжені қашаннан халқымыздың қастерлі асы деп білеміз. Ол тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы. Наурыз мерекесіне тән көпшілікке наурыз көже даярланады. Ол тағам жеті түрлі дәмнен даярлануы шарт. Халықта наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға дейін ішіп-жемнен тарлық көрмейді деген ұғым бар.

  1. Жүргізуші:

С ярким солнцем долгожданным теплом на нашу землю пришел праздник Наурыз мейрамы Весенней день «Ұлыстың ұлы қүні»символизирует очищение от всего плохого в мыслях, делах и поступках по отношению к нашей семье, школе, городу и в целом к Родине.

Слово Наурыз с персидского означает «Нау»-новый, «рыз»- день. В эту ночь готовили Наурыз – коже, наводили чистоту в домеи ждали гостей.

ЖубанышбекұлыЕ мен Қойшыбай С орындауында «Наурыз-жыл басы» әнімен ортаға шақырайық.

  1. Жүргізуші:

Народная мудрость гласит: «Сила птицы- в крыльях, сила человека в дружбе»

Наш праздник подошел к концу, мы рады встрече с вами, с празником весны вас, друзья! Наурыз құтты болсын!

  1. Жүргізуші:

Наурыз мерекесі құтты болсын! Ұрпағы ұлы елдің шаңырағы ешқашан шайқалмақ емес. Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты болсын! Жылдан жылға аман — есен жете берейік.

Мерекелік құттықтау сөзді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жаңылсын Табылдықызына беріледі.

  1. Жүргізуші:

Желаем всем казахстанцам

Мира и благополучия!

Наурыз амандық, жақсылық әкелсін!

Желаем весеннего тепла и радости в жизни.

Көктем жылуы мен өмір куанышын тілейміз!

-Ребята, впереди у вас весенние каникулы. Желаю вам хорошо отдохнуть, набраться сил, укрепить здоровья. Счастья вам, успехов в учебе, веселого весеннего настроения!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.