Жаңа сабақтар

Сапарова Нурия Серікқалиқызы

БҚО Казталов ауданы Қараобаауылы Ғ.Қараш атындағы

Қараоба мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі

Сапарова Нурия Серікқалиқызы

Абай Құнанбайұлы-ұлы ойшыл

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары 7.2.2.2 Абай Құнанбайұлының ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретіндегі қызметіне баға беру.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар:

Абай Құнанбайұлының ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретінде қалыптасуына әсер еткен факторларды анықтайды

Басым бөлігі: Абай Құнанбайұлының қоғам қайраткері ретіндегі қызметіне талқылайды

Кейбір оқушылар: Абай Құнанбайұлының ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретіндегі қызметінің маңыздылығын зерттейді.

Бағалау критерийі Оқушылар:

— А.Құнанбайұлының дүниеге көзқарасын қалыптастыруға әсер еткен факторларды анықтап түсіндіреді.

— Абай Құнанбайұлының ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретіндегі қызметін талқылауды.

— Абай Құнанбайұлының ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретіндегі қызметінің маңыздылығына зерттейді.

Тілдік мақсаттар: Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Хакім, ғақлия, мәдмәладқа жету,ғибрәтлану, тұшыну, кесел, құмарлық, күллі.

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер

Абайдың пікірінше адам болу үшін…..

Абайдың қара сөздерінің мағынасы…..

Құндылықтарға баулу Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік
Пәнаралық байланыстар География

(Жидебай – Абайдың әкесі Құнанбай әулетінің ата қонысы).

Қазақ әдебиеті «Абай Құнанбайұлы» 6- сынып.

Тақырып бойынша алдыңғы білім Қазақ ағартушыларының еңбегі жөнінде біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

2 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:

«Күнбағыс» жаттығу
Барлығы орындарынан тұрып, аяқтарының ұшымен тұрып, күнге қол жеткізетіндей қолдарын жоғарыға көтереді, жақсылыққа, жетістікке, позитивке, мейірімділікке ұмтылады.

Жаңа сабаққа өту

7 мин

Білу, түсіну деңгейі

Ой қозғау

Сабақтың ортасы

13 мин

Талдау

Бағалау

10 мин

Тыңдау

3 мин

Жинақтау

Бағалау

БЫМ «Мирас — Жидебайдағы Абай мұражайы» видеоэкскурция көрсетіледі.

М. Бұл бейнематериал кім туралы,

не түсіндіңіз?

Қандай адам ретінде сипаттаған?

О. Бейнематериалдан көрген ойларымен бөліседі.

Жаңа сабақтың тақырыбын мақсатын таныстыру.

«Борт журналы» әдісі тақырып бойынша оқушылар келесі мазмұнды кестені толтырады:

«Берілген тақырып бойынша бұрыннан білетінім» «Мәтінді оқып жаңадан білгенім» «Болжам» «Тың ақпарат»

Дескриптор:

Оқушы мәтінді оқи отырып, тапсырманың әр бөлім нақты ақпарат толтырады.

ҚБ. «Ойлан-жұптас-бөліс».

«Қолмен белгі беру» әдісі.

Оқушы өзінің тапсырма орындау процесін кез-келген уақытта тоқтатып, мұғалім орындап жатқан тақырыпты түсінгенін немесе түсінбегендерін сұрайды. Оқушылар қолмен белгі көрсетеді.

  • Мен түсініп отырмын_____ және түсіндіре аламын. (қолдын бас бармағы жоғары бағытталады)
  • Мен әлі түсінбей отырмын_____(қолдын бас бармағы жанына қарай жантаяды)
  • Мен түсінгеніме сенімді емеспін_____(қолды бұлғау)

Мұғалім белгілерге қарап кейбір оқушыларға орнынан тұрып айтуын сұрайды.

М.Қосымша мәлімет келтіреді:

Абайдың ұлдары

Ақылбай Әдірахман
Мағауия Тұрағұл

М. Bilimland.kz. мүмкіндіктерін пайдаланып

Абай Құнанбайұлы отыз бірінші қарасөз туралы қысқаша түсінік (аудио нұсқа) беріледі. Термин сөздері беріледі:

Ғибрәтлану-Ғибраттану, үлгі алу.

Тұшыну-Ынтығу, құмарлану, мейірлену.

Кесел-Залал.

Құмарлық-Қызығушылық, әуестік, ынтықтық. Күллі- Барлық, бүкіл.

О. Түртіп жазып алады.

Зерттеу сұрағы:

Абай қарасөздерінің бүгінгі күнге дейін

маңыздылығын жоймай өзекті болу

себебі неде?

Зерттеу

М.Қарасөздерді келесі бағыттары туралы

түсінік беру:

1. Білім, ғылым, еңбек;

2. Адамгершілік, достық, зұлымдық,

бірлік;

3. Әлеуметтік теңсіздік;

4. Мал мүлік;

5. Билік;

6. Дін мен дүниетаным;

7. Отбасылық қатынастар.

О. Абай заманы мен бүгінгі заман

құндылықтарының ұқсастықтары мен

айырмашылықтарын салыстырады, тақтаға жазады:

Айырмашылығы Ұқсастығы Айырмашылығы

М. ПОПС формуласын қолданып,

«Хакім Абайдың данышпандығы» туралы ойды жалғастыру

О. П — Позиция Менің көзқарасым бойынша

Т — Түсіндіру Себебі,

М — Мысал, мұны мынадай екі мысал арқылы дәлелдей аламын

С — Салдар қорытынды жасаймын…….

Дескриптор

Тақырыпқа қатысты өз позициясын анықтайды

Өзі таңдаған позициясын түсіндіруде бірінші дәлел келтіреді

Өзі таңдаған позициясын түсіндіруде екінші дәлел келтіреді

Ойын нақтылау үшін бір мысал келтіреді

Ойын нақтылау үшін бір мысал келтіреді

Қорытынды жасайды.

ҚБ. «Жапондық бағалау әдісі»

https://www.youtube.com/watch?v=OGD33bIC0t4

Қазақстан тарихы оқулығы. ресурстар.

Алматы «Мектеп» баспасы

8 сынып

\172-174 бет\

Бейнематериал: Абайдың

қара сөздері

http://abay.nabrk.kz/index.php?lang=kk

Интерактивті тақта

Сабақтың соңы

10 мин

Оқушыларға ұлы ағылшын жазушысы

У. Шекспир мен Ұлы Абайдың

портреттерін көрсетіп, диолог құрыңыз.

Келесі сұрақтар қойылады:

 Суреттерде кімдер бейнеленген?

 Осы тұлғалар туралы не

білесіңдер?

 Шекспир мен Абайды қалай

байланыстыруға болады?

Ж. «Ұлы», «Танымал» ұғымдарын қалай

түсінесіңдер? Бүгінгі күні ұлы, танымал

болуы үшін қандай қасиеттерге ие болу

қажет?

Үйге тапсырма:

Синквейн әдісі: «Хакім» сөзіне бес жолды өлең құрастырыңыз

Дескриптор:

— Хакім сөзіне зат есімді жазады

— Хакім сөзіне екі сын есім жазады

— Хакім сөзіне үш етістік жазады

— Хакім сөзіне төрт сөзден тұратын сөйлем жазады

— Хакім сөзінің синономін жазады

http://ikaz.kz/uilyam-shekspir-

omirbayany/

У. Шекспир мен Ұлы Абай туралы мәліметтер беру

Қорытынды Рефлексия «Кеме» макеті,

стикер

Саралау

Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

— Оқушылардың сабаққа назарын аудару мақсатында БЫМ дереккөз ретінде пайдаланды;

— «Борт журналы» және «Қолмен белгі беру» әдістері қолданғанда түсінбей және түсінгенін сенімсіз болып отырған оқушыларға қолдау көрсетілді;

— ПОПС формуласын қолданып, оқушылардың ойларын тыңдап, қорытынды жасалды;

— Оқушылар У. Шекспир мен Ұлы Абай туралы диолог жүзеге асты.

— Назарға ұстайтын оқушының жеке қабілетін бағалау арқылы көмек түрлерін ұйымдастырылды.

Бағалау

Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

ҚБ. «Ойлан-жұптас-бөліс».

ҚБ. «Жапондық бағалау әдісі»

Назарға ұстайтын оқушының жеке қабілетін бағалау.

https://e-history.kz/kz/contents/view/2401
© e-history.kz

Оқушылардың аты-жөні Асан Шынар Бақыт 4. 5.
Идеялар ұсынады +
Топ ішіндегі талқылауға белсене қатысады. (ұсынған идеялар, мәліметтерді жетілдіріп, жалпылайды) + +
Топ қатысушыл рына көмектеседі + ++
Мұқият тыңдап, сұрақтар қояды +
Талқылау жүргізе біледі ++ +
Топқа берілген тапсырмаға зейін қойып орындайды +
Ортақ ұпай
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

-Интерактивті тақтаны ұзақ уақытыл қосып, ажыратылды.

-Оқушылардың орналасуы және жарық түсуі ескерілді.

Сабақ бойынша рефлексия
Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері\ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Сапарова Нурия Серікқалиқызы

БҚО Казталов ауданы Қараобаауылы

Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясының

тарих пәні мұғалімі

Сақтар туралы тарихи мәліметтер.

Оқу мақсаты: 5.3.1.1- Картадан тайпалық одақтардың орналасуын көрсету

5.3.1.2 – Ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру

Сабақтың мақсаты Барлығы: Сақтардың өмірі туралы сипаттайды

Көпшілігі: Картадан сақтардың орналасуын анықтайды

Кейбірі Сақ тайпаларының билеушілерінің тарихта алатын орнына баға береді

Бағалау критерийі Сақтар туралы тарихи деректерді әңгімелейді.

Картадан тайпалық одақтардың орналасуын саралайды.

Құрылу алғышарттарының ерекшеліктерін зерттейді.

Тілдік мақсаттар Бейнематериалдарды тыңдайды және топпен талқылайды ( Тыңдалым, оқылым және айтылым дағдылары)

Тақырып бойынша құнды деректерді дәптерге түсіреді, тайпалық одақтардың орналасуын картадан белгілейді,(жазылым дағдысы)

Топтар тақырыппен танысқаннан кейін бір-біріне түсіндіреді(тыңдалым дағдысы)

Термин сөздер.

Кілт сөздер, тайпалық одақтар, тиграхауда, парадарайа, хаумаварга

Құндылықтарға ба баулу Отансүйгіштік және азаматтық, жауапкершілік пен адалдықтықты оятады.
Пәнаралық ба байланыс «География» пәнінен алған білімдерін картамен жұмыс барысында көрсетеді.

«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша шекаралас елдер қарым-қатынасын дәлелдейді.

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

Сақтар туралы дерекпен танысады

Томирис ханшайымын ерлігі туралы біледі

Сақтардың мінез құлқына баға береді

І.Ұыймдастыру бөлімі. (Амандасу, түгелдеу)

Психологиялық тренинг: «Жақсы тілек»

ІІ. Топқа бөлу. «Қиынды қағаздар»

БЫМ.

Т. Сыныпты топқа бөлу /оқушыларды себеттен қағаз суырып, атауларына байланысты 3 топқа бөлу/

1 топ: «Тиграхауда»

2 топ: «Парадарайа»

3 топ: «Хаумаварга»

Қиынды қағаздар
Сабақтың ортасы

30 мин

.

БЫМ.

1-тапсырма. Бейнематериалдарды көрсету.

(үш топқа бірдей тапсырма)

-Сақтардың өмірі туралы не білдің?

-Сақ билеушісі кім?

-Сақтар қандай болғанын суретте?

Дескриптор:

Бағалау әдісі: «Шапалақ» әдісі

Сақ қоғамы туралы түсінік береді.

2-тапсырма «Ойлан-жұптас-бөліс»әдісі

1 топ: Сақ тайпаларының деректердегі атауы тауып, кесте толтырып, постер қорғайды.

Деректер атауы Авторы Мәліметтер

Дескриптор

-Деректер бойынша авторлар мен мәліметтерді нақты түсіреді

2 топ: «Сәйкестендіру» әдісі

Қоғамдық құрылысы Киім түстері
1 Абыздар Қызыл
2 Жауынгерлер Ақ
3 Малшылар мен егіншілер Сары, жасыл

Дескриптор

  • Абыздардың қандай түсті киім кигенін анықтайды;
  • Жауынгерлердің қандай түсті киім кигенін анықтайды;
  • Малшылар мен егіншілердің қандай түсті киім кигенін анықтайды;

3 топ: «Семантикалық карта» сақтардың атауы мен мағынасын сәйкестендіру

«Тиграхауда» «Парадарайа» «Хаумаварга»
Хаума» сусының дайындайтын *
Шошақ бөріктілер» *
Теңіздің ар жағынан келетін *

Дескриптор

  • сақтардың атауы мен мағынасын ажыратып, сәйкестендіреді.

ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

2-тапсырма

ЖЖ. «Картамен жұмыс» әдісі

Дескриптор

Сақтардың территориясын кескін картаға түсіреді;

  • Сақ тайпаларының орналасқан аумақтарын картада белгілейді;

ҚБ

«Бас бармақ» әдісі

https://youtu.be/4AlHjjUPTas

Қазақстан тарих, Алматы «Атамұра» 2017ж.

https://ds04.infourok.ru/uploads/ex/05aa/0004d421-35795ea9/img14.jpg

Сабақтың соңы Кері байланыс

«Сэндвич» әдісі

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын

сақтау

Сабақ барысында оқушыларға психологиялық тренинг арқылы «Жақсы тілек» айта отырып, «Қиынды қағаздар»әдісі арқылы 3 топқа бөліп, топ ішінде АВС деңгейіндегі оқушыларға жеке, жұптық, топтық жұмыстар жүргізген кезде оқушылардың мүмкіндіктері мен қарқынын ескеріп, қолдау көрсетіп отырамын.Қарқыны жоғары оқушылар белсенділік танытып, қарқыны баяу оқушыларға көмек көрсеті.

Сабақтың басында бейнематериалдар көрсету, ойлан жұптас бөліс, сәкестендіру,семантикалық карта, картамен жұмыс әдістері арқылы жаңа сабақ жан-жақты деректермен қамтылып таныстырылды.

Сабақ барысында оқушыларды мадақтап отырылды. Әр тапсырмаға сай бағалау әдістері тиімді пайдаланылды. Тапсырмадан соң шапалақ, бас бармақ, екі жұлдыз бір т ілек әдістері қолданылды. Кері байланысқа «Сэндвич»әдісі жүргізілді. Техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстырдым. Санитарлық нормаға сай
Сабақ бойынша рефлексия Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойлыныңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сапарова Нурия Серікқалиқызы

БҚО Казталов ауданы Қараобаауылы

Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясының

тарих пәні мұғалімі

Ыбырай Алтынсарин- ағартушы, жаңашыл- педагог, қоғам қайраткері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) 7.2.3.3 – Ыбырай Алтынсариннің ағарту саласына қосқан үлесін бағалау
Сабақтың мақсаты Барлығы: Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметі туралы әңгімелейді

Көбісі: Ы.Алтынсариннің халық ағарту саласына қосқан үлесін талдайды

Кейбірі:Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметіндегі жаңашылдық идеяларына баға береді

Бағалау критерийі Ы.Алтынсариннің ағартушылық көзқарасына ықпал еткен факторларды анықтайды.

Ы.Алтынсариннің еңбектерінің мазмұнын талдайды.

Ы.Алтынсариннің жаңартушылық идеяларын зерттейді.

Тілдік мақсаттар Тыңдалым. «Дегдар-Ыбырай Алтынсарин» туралы бейнематериал көреді, бірін-бірі тыңдайды.

Айтылым. Бейнематериалдан көргендерін талдап, ой қорытады.

Оқылым. «Кел, балалар, оқылық», «Өнер — білім бар жұрттар» өлеңдерін оқып шығып, оған талдау жасайды.

Ы.Алтынсариннің өмірімен танысады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология: Жаңашыл- педагог, жазушы, ағартушы, этнограф, тілмаш, мектеп- интернат, тұңғыш қыздар училищесі, халық ағарту ісі, хрестоматия.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Кім? Қандай тұлға? Ол не істеді?

-Ы.Алтынсариннің педагогикалық жолды таңдауының себебі қандай?

— Ы.Алтынсариннің еңбектерінің құндылығы қандай?

-Ы.Алтынсариннің мақсаты қандай болды?

Біздің ойымызша… өйткені…

Біз сіздердің пікірлеріңізбен келісеміз/келіспейміз….

Жазылым: Ы.Алтынсариннің ағарту саласына қосқан үлесін жазады;

Құндылықтарға баулу Өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық
Пәнаралық байланыс «Қазақ әдебиеті» пәні Ы. Алтынсариннің өмір жолы және қызметімен таныстыру. 5 сыныптағы Қазақ әдебиеті сабағындағы «Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай жомарт», «Дүние қалай етсең табылады» әңгімелерін естеріне түсіреді.
Тақырып бойынша алдыңғы білім ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ ағартушыларының білім беру мен ағарту ісіне қосқан еңбектерін біледі
Сабақ барысы
Білемін Білдім Білгім келеді

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

5 минут

Жаңа сабаққа өту

Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, түгендеу)

М: Ы.Алтынсариннің өлеңдерінің негізінде топтарға бөлінеміз. Әр оқушыға бір өлең жолы (тармағы) жазылған карточка беріледі. Оқушылар сыныпты аралап, тармақтардан шумақ құрап, сол құрамда топқа бөлінеді.

1-топ : Мал, дәулеттің байлығы-

Бір жұтсаң, жоқ болар

Оқымыстың байлығы-

Күннен күнге көп болар,

Еш жұтамақ жоқ болар

2- топ Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып, жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.

3-топ: Таулардан өзен ағып сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса, бірқалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.

М: Әр топ өлеңдердің мән-мағынасын ашып, талқылайсыздар.

Оқушылар өлеңдердің қазіргі кездегі өзектілігін, мәнін түсінуі қажет. Оның өсиеті-жастарға сену, үміт арту екенін ұғынулары қажет.

«Кел, балалар, оқылық!», онда ғылым мен білімнің адам өміріндегі пайдасы туралы айтылады.

«Өнер-білім бар жұрттар…» деп басталатын өлеңінде ақын қазақтарға керегі жалпы білім мен пайдалы өнер яғни кәсіпкерлік екенін ұғындырады.

Ақын үшін табиғат — ұлы емші, ол өмірге тыныштық орнатады.

Сабақтың тақырыбын оқушылармен анықтай отырып, жаңа сабақтың мақсатымен таныстырамын.

БЫМ

«Кинометафора» әдісі.

Бүкіл сыныпқа «Дегдар-Ыбырай Алтынсарин» туралы бейнематериал көрсетіледі.

«Ой толғаныс» әдісі. Бейнематериалдан кейін оқушыларға сабаққа жетелейтін сұрақ беремін.
М: -Ы.Алтынсариннің педагогикалық жолды таңдауының себебі қандай?

— Ы.Алтынсариннің еңбектерінің құндылығы қандай?

-Ы.Алтынсариннің мақсаты қандай болды?

-Ы.Алтынсариннің өмірінде шығыстанушы В.В. Григорьевпен танысуы қандай орын алады?

Ыбырай Алтынсарин. Қазақстанның

Ұлы адамдарының өмірі

http://www.zzl.kz/kz/rubric/det/499/1251/

Алтынсарин Ыбырай. Таңдамалы шығармалары Алматы «Ғылым», 1994 ж.

Дегдар — Ыбырай Алтынсарин

https://www.youtube.com/watch?v=SFmS5FfmxZ4

Сабақтың

ортасы

30 минут

Әр топқа «Кім? Қандай тұлға? Ол не істеді?» тапсырмасы беріледі. Әр топқа үлкен қағаз бен маркерлер беріледі.

Дескриптор

-Бейнематериалдан 5 негізгі тірек сөзді тауып, жазып алады.

-Оқушылар негізгі ойды ашатын 5 тірек сөздерден сөйлем құрастырады.

Қажет ететін оқушыны анықтаған жағдайда қарқыны жоғарғы оқушымен бірлесіп жұптастырамын. Жұп бір-бірін толықтырады, топта талқылайды, әр топтан өз тұжырымдарын ортаға салады.

ҚБ. Түзетулерді қажет болған жағдайда енгізіп отырады. «жарайсың, тамаша, керемет» мадақтау сөздерімен марапаттайды.

Елшілер әдісі. Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін әр топтан бір адам «елші» болып, басқа топтың ойын білу үшін келесі топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып келіп, білгендерін айтып береді. Бұл белсенді тыңдаушылар тобын қалыптастырады. Оқушылардың өзара байланыс құруларына мүмкіндік береді.

Топтық жұмыс. Мәтінмен жұмыс жасау

Ы. Алтынсаринның қоғамдағы орны мен рөлін анықтау үшін ықшамдалған мәтін таратамын.

І-топ. Ы.Алтынсариннің халық ағарту саласындағы жаңалығы

Оқушылар постер қорғайды.

Дескриптор

  1. Ы.Алтынсариннің жаңа үлгідегі білім беру, оқыту тәсілдерін талдайды
  2. Техниканы игеруге үндеген өлеңдерін оқып, талдайды

ІІ топ: Ы.Алтынсаринның ғылым-білім саласына қосқан үлесі; Постерге кесте сызып толтырады

1
2
3

Дескриптор

-Білім алушы Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясының» т.б еңбектерінің маңызы туралы жазады

— Ы.Алтынсариннің басшылығымен ашылған мектептерді анықтайды

— Ы.Алтынсариннің инспекторлық қызметін талдайды

Қарқыны жоғары оқушылар мен қолдауды қажет ететін оқушылар бірлесіп топта көмектеседі.

ІІІ топ: Ы.Алтынсаринның этнография саласына қосқан үлесін анықтау; Постерге жазады.

Дескриптор

-Ы.Алтынсариннің деректік негізі бар 2 этнографиялық еңбегін жазады.

— Ы.Алтынсариннің ағартушылық көзқарасына ықпал еткен 3 шығыстанушы ғалымды және олардың ықпалын жазады.

Ж/Ж Ы.Алтынсариннің халық ағарту саласындағы жаңашылдығын саралау үшін кесте толтырады

Педагогикалық іс-әрекеті халыққа пайдасы ерекшелігі
Қолөнер мектебі
Ауылшаруашылығы мектебі
Қыздар мектебі
Ұстаздар дайындайтын мектеп

Дескриптор

1.Мамандар дайындайтын мектептер қай қалада ашылғанын және олардың пайдасы туралы жазады.

2. Әр мектептердегі Ы.Алтынсариннің қызметін анықтайды.

ҚБ «Бас бармақ» оқушылардың өзара бағалауы.

Топтық жұмыс арқылы тапсырма орындалып, өзара талқыланып өзге топтарға ұсынылады. Басқа топтар жұмыстағы ең үздік ойларды атайды.

Ынталандыру үшін төсбелгілермен бағалайды. Топ бір-біріне жасалған жұмыстың нәтижесіне сай алтын төсбелгі, күміс төсбелгі, қола төсбелгілерін береді.

Ресурстар, плакаттар, маркерлер
Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс орнату.

«Бес саусақ» тәсілі

Оқушылар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жауап жазады:

Бас бармақ-басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балалы үйрек- бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза қылдым?

Ортан терек-ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ мағн ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?

Рефлексия Сабақ соңында оқушылар ауызша мына сұрақтарға жауап береді:

1.Бүгін мен… білдім.

2.Маған…. қызық болды.

3.Маған…қиын болды.

Ақ парақшалар
Саралау Бағалау Денсаулық
Топтарға бөлуде аралас гендерлік жолмен бөлдім.

Тапсырмалар мен кестені оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үлестірдім. Кейбір оқушыларға орындай алатын жеке жұмыс,

«Кинометафора», «Елші» әдістерін қолдана отырып топтық жұмыс,

жұптық жұмыстар бердім. Сабақтың мазмұнын ашу үшін электронды дереккөз пайдаландым. Тапсырмаларды орындау барысында көмек қажет ететін оқушыларға қосымша уақыт бердім. Қарқыны жоғары оқушылар мен қолдауды қажет ететін оқушылар бірлесіп топта көмектеседі.

Оқушылар өздерінің деңгейлеріне сай жауап берді. Кейбір оқушыларға жауап беру барысында қолдау көрсеттім.

Сабақтың бастапқы бөлімінде «Кинометафора» әдісін қолдану барысында оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру және ынталандыру үшін «Жарайсың, Тамаша, Керемет» деген мадақтау сөздерімен марапаттаймын.

Сабақтың ортасында «Елші» әдісін қолдану барысында оқушылар бірін-бірі бағалайды. «Бас бармақ» әдісі арқылы ең үздік ойларды айтады.

Үлестірілген ресурстардағы ақпараттарды қаншалықты деңгейде түсінгендерін анықтауда оқушыларға үшін алтын, күміс, қола төсбелгісін беру негізінде бағалаймын. Сабақтың мақсатына қол жеткізгенімізді анықтау мақсатында Бес саусақ тәсілі қолданылды.

Техникалық қауіпсіздікті ескерттім, санитарлық талаптарға сай келді
Сабақ бойынша рефлексия
Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері\ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Сапарова Нурия Серікқалиқызы

БҚО Казталов ауданы Қараобаауылы

Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясының

тарих пәні мұғалімі

Ерлігіңді ұмытпайды ел мәңгі.

  1. Кіріспе.

«Біз бейбітшіліктің құнын терең түсінуге тиіспіз. Егер біздің бабаларымыз сол кезде жеңіске қол жеткізбеген болса, біз бүгінгі тәуелсіздікті көрер ме едік, көрмес пе едік. Бостандығымыз бен тәуелсіздігімізді бағалай білуіміз керек, ал жастар ардагерлерге әрқашан қамқор болуы қажет. Өз кезегінде, мемлекет те оларға жан-жақты көмек көрсетеді және оны одан әрі жалғастыра береді».

(Н.Ә.Назарбаев)

Соғыстың құны-тесілген жүрек

Соғыстың құны-шулаған орман

Соғыстың құны-уланған арман

Соғыстың құны-өртенген аспан

Соғыстың құны-төгілген жас қан-деп Қадыр ақын жырлағандай «соғыс» сөзін естігенде көз алдымызға қан төгіс, қырғын, ажал атты қорқынышты көріністер елестері анық.Алапат өртті ауыр соғыс өз салмағын жұртқа 1418 күн мен түн, яғни 4 жыл салды.Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. «Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды.

Ұлы Отан соғысының сипаты — Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.

Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», — деп әскери комитетке өтініш берді.

Армия қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді.Өз Отанын қорғауға Қараоба ауылынан да 250 жауынгер майданға аттаныпты. Олардың 150 –і қаза тауып, 100-ге тарта азамат аман-есен еліне оралған.

Осынау отты көшулерде Жеңісті жақындатуға жан аямай ат салысқан жауынгерлердің бірі Ұлы Отан соғысының ардагері, ауылдас атамыз – аға лейтенант Бекболатов Ізбасар Бекболатұлы болатын.

  1. Зерттеу бөлімі.

3.1. Соғыста сомдалған майдангер.

Бекболатов Ізбасар Бекболатұлы 1926 жылы 15 қыркүйекте Казталов ауданының Бостандық ауылында дүниеге келген. Жастайынан ата-анадан жетім қалып, қарындасы Сара екеуі Ал-Гайда тұратын апалары Жаңыл мен Рысқанымның қолында тәрбиеленген. Ізбасар ата өмір талқысын көп көрді. Оның жастық шағы 1932-33 жылдардағы кезеңге тура келеді. Ерте есейді. Сондықтан болар қызметке де ерте араласты. Жастарға аға ұрпақтың тәрбиесін беріп, санасына сіңіру үшін аянбай жұмыс істеді. Жастардың тілеуін тілеп, олардың елі мен жеріне емірене қарап, өмірдің ізгілікті жолдарына түсуіне ықпал етті. 13 жасында ФЗО-ға кеткен. Ізбасар ата 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Ленинград әскери училищесінде оқиды. Сол жылы 18 жасында фашистерден елін, жерін қорғауға қан майданға аттанады. Ол кісі 22-жаяу әскер дивизиясы, 81-атқыштар полкінің озық пулеметшісі қан майданда сан мәрте жау шабуылын қайтарып, ерекше көзге түседі. Сол ауыр жылдарды еске алғанда Ізбасар ата былай деп әңгімелеуші еді: «Украина жеріндегі соғыс кезінде Одер өзенінен өттік. Пулеметші болатынмын. Содан кері шегінуге бұйрық алып, кері шегінгенде орманның ішінде бір терекке шинелім ілініп қалды. Өзім басқа жаққа қаштым. Пулеметті тастауға болмайды, пулеметімді сүйреп окопқа аман-есен жеттім.

-Немістерден қалай құтылдыңыз? – деген сұраққа,

-Немістер теректе қалған шинелімді атып жатыр-деп еске алып отыратын. Берлин қаласына дейін барғанмын. «Максим» пулеметін ұстадым, пулеметчик болдым – дейтін. Запастағы лейтенант, офицер болдым. Соғыста солдаттарды бастап «алға» деп бірінші болып жауға қарай жүгіреміз. Немістермен бетпе-бет келіп, «рукопашный бойға» да қатыстым дейтін. Берлин жерінде болған кезекті бір ұрыста тізесінен жараланып, картоп арасына жасырынып аман қалдым.

Бұл жылдар біреу үшін айтуға оңай, біреу үшін бір ғұмыр, ал мен үшін бітпес жара,аяқталмаған жыр. Өйткені майданның ұрыс даласын, қырылған азамат,зарланған ана мен шырылдаған баланы өз көзіммен көрдім.Сондай оқиғаларды көзімнен ұшырып, көкірегімнен өшіру мен үшін үлкен азап» – деп сыр шерткен. Бұл Ізбасар атаның бір күндерінен ғана естелігі еді.

Қайсар атамыз ерен ерлігі үшін «Ерлігі үшін» орденімен марапатталған «Ерлігі үшін» медалімен қоса, «Тыңайған жерлерді игергені үшін» медалімен, Ұлы Жеңістің 20,30 жылдығықарсаңындағы мерекелік медальдармен, «СССР Қарулы күштерінің 50 жылдығы» медалімен, «Совет Армиясы мен әскери флотының 30 жылдығы» мерекелік медалімен және «Ерен еңбегі ордені» медальдарымен наградталған. . Украин қаласын азат етуге қатысқан майдангер атамыз кезекті бір ұрыста 1945 жылы наурыз айында сол жағынан 6-қабырғасының тұсынан жараланған. Ұлы Отан соғысынан аман-есен оралуды Ізбасар Бекболатұлына тағдыр жазған екен.

3.2. Ел үшін төгілген еселі еңбек.

Бар қиындықты артқа тастап, жеңіс туын желбіретіп ағайын туыстың ортасына аман есен қауышқан ардагер атамыз 1953 жылы туған жері Бостандық ауылына оралады. Елге оралған соң, ферма меңгерушісінің орынбасары болып жұмысқа орналасады. 1955 жылы 29 жасында ауылының бойжеткені Тулесова Мархабамен отбасын құрған.

1964-1967 жылдары Орал ауылшаруашылық техникумын бітірген.

1967-1969 жылдары Алматы зооветинститутының ветеринария мамандығын бітірген. Ауылға келген соң бірнеше жылдар бойы Бостандық және Тереңкөл елді мекендерінде ауыл шаруашылығында колхоз басқармасының орынбасары, ферма меңгерушісі қызметтерін атқарған.Шаруашылығы артта қалған колхозда жұмыс істеген жылдарда қоғамдық мал басы, оның өнімділігі артып егіс көлемі ұлғайды. 1967 жылы ауданда қуаңшылық болғанның өзінде колхоз еңбекшілері мол астық жинағаны үшін тұңғыш рет КПСС Орталық Комитеті, СССР Менистрлер Советі, Кәсіподақтар және ВЛКСМ Орталық Комитетінің Қызыл туына ие болып жеңімпаз атанды. Мал басын өз төлімен көбейту, мемлекетке семіз ет тапсыру жұмыстпры қолға алынды. Колхоздың экономикасы мен мәдениетін дамытуда көп еңбек сіңірді. 1971 жылы Қараоба ауылына көшіп келіп мал дәрігері болып, кейін кадр бөлімінің меңгерушісі болып еңбек еткен. Мархаба әжеміз екеуі 10 бала сүйіп, өсіп-өндірген ұлағатты отбасы.

3.3 Ақылдың кені еді.

Ізбасар ата отбасында да өнегелі әке атанды. Зайыбы Мархаба әжемізбен 27 жыл отасып, бақытты өмір сүрді. 10 бала тәрбиелеп өсірді. Олардың бәрі жоғары білім алып, халық шаруашылығының сан саласында жемісті еңбек етіп жатыр. Бәрі де ардақты әкесінің есімін кірлетпей, биік ұстауға тырысады. . Осы зерттеу жұмысына байланысты атамыздың үйінде болып, оның ұл-қыздарымен әңгімелесу барысында әкеге деген сағыныштарын байқадым.

Тұңғыш қызы Қатима апай әке туралы толғанып сыр шертті:

-Әкем жетімдіктің тақсіретін тартып, ауыртпалықты көп көріп өскендіктен бізге оқыңдар, қолдарыңды ешқашан қақпаймын деп айтып отыратын. Әкеміздің соғыста бірге болған орыс ұлтының жолдасы Сартовтың Энгельс қаласында тұратын Павлов деген фронтовикпен отбасымыз араласып тұрады. Әкеміз екеуі қосылып, соғыс жылдарының әндерін шырқайтын. Әкем «пляска» биін өте жақсы билейтін.

«Әке – асқар тау» — дейді дана халқымыз. Әкеміз өте балажан адам болатын. Мен 1964 жылы 1-класқа бардым. Шашымды өзі өретін еді. Мектепке де өзі апарды. Жақсы оқысаң, лагерьге демалуға жіберемін деген уәдесінде тұрып, 2 рет «Дружба» лагерінде болдым. Ел, жер көрсін деген мақсатпен біздерді Саратов, Волгоград қалаларына ертіп апарып қыдыртқаны әлі есімде. Бұл күнде өзім де самайымды қырау шалған әже атанып отырсам да әкемді сағынышпен еске аламын.

Әке мейірімін аз ғана уақыт көрген кенже қызы Жанат әкесі туралы былайша толғанды:

-Мен әкемді ес білгеннен бастап 9 жасыма дейінгі аралықта білемін. Өмірде жетімдікті де, қиындықты да, соғысты да көрген әкеміз әскери тәртіпті, тік мінезді болса да, үйде бізге өте мейірімді, әділ, балажан кісі болды. Қазіргідей емес 80-жылдары дүкендерде тамақ қоры шектеулі болатын. Әкеміз бізге үлкен қалаларға қостырып алдырып, тек дәруменді тамақтарды жегізетін. Үйге таза ара балын толтырып алып қоятын. Қазір «Құранда» айтылған ара балының адамға пайдасы көп, қандай ауруға да ем болатынын, суға араластырылған бал антибактериялық сипатқа ие болатынын білдім. Үйде К.Андерсонның ертегілер жинағы болды. Сол кітапты оқып, бізге қазақша аударып ертегі айтушы еді.

Мен әкемнің елін, жерін қорғауға өз үлесін қосқанын мақтан тұтамын.

Атамыздың ұл-қыздарымен әңгімелесе отырып, оның архивімен таныстым. Оның архивімен танысу барысында қазақ ұлтының мысы басылған тілі, діні жоқ деген орыстанған уақытта өмір сүрсе де, 25 жыл әскери тәртіпте болса да Ізбасар атамыздың жүрегінде Алла барына, қазақтығын кеңінен ойлайтынын жазып қалдырған дәптеріндегі би-шешендердің нақыл сөздеріне, жыраулардың жыр-жолдарына көз жүгірте отырып білдім. Өзі жетім өсіп тағдыр тауқыметін көп көргендіктен бала тәрбиесіне, білімді боп ержетуіне ерекше көңіл бөлген. Жолдасы Мархаба әжеміз мектеп асханасында аспазшы болып жұмыс істегендіктен, ерте кетіп, кеш келетін. Сонда Ізбасар ата балаларының тамағын беріп сабаққа шығарып салып, мектепке барып балаларының сабағына да уақыт тауып қатысады екен. Дүниеден өтер шағында: 27 жыл отасқан сүйікті жарына:

-Балаларым оқимын десе, қолдарын қақпа, — деп өсиет айтып кеткен.

Ұл-қызының болашағын тереңнен ойлап, балаларының білімді болып өсуіне әке тәрбиесінің зор екендігін Ізбасар атамыздың ұзақ жыл көршісі болған, мектеп директоры қызметін атқарған Роза Құспанқызы былайша еске алады:

Ізбасар аға 1972 жылы ауылға бас мал дәрігері болып Тереңкөл совхозынан көшіп келген көп балалы жанұя еді. Өзі Ұлы Отан соғысының ардагері, аға лейтенант болатын. Біздің үйге көрші болды. Балаларының алды Қатима, Көмек, Клара, Жәрдем мектепте оқыды. Қалғандары ойын баласы еді. Ағай балаларының сабағын өзі қадағалайтын өте балажан болатын. Олардың мектеп бітіріп, мамандық алуын армандайтын. Ол балаларына қоятын атты да өзі таңдайды – деп күліп айтып отырады жолдасы Мархаба апай «Өзім өмірде көп қиындық көрдім.Осы балаларым ержеткен соң, солардың бәрі де ұмыт болды ғой» деп айтып отыратын. Ұлдарынан үлкен үміт күтіп есімдерін де Көмек, Жәрдем, Демеу деп қойған ғой. Ізбасар ағаны Отан соғысының ардагері деп оқушылармен кездесуге мектепке жиі шақырушы едік. Кездесуде майданда болған жағдайларды өте әсерлі айтушы еді.

Ағаның тағы бір үлгі тұтарлық қасиеті әдеби кітаптарды жаны сүйетін. Орысша, қазақша кітаптарды бірдей оқушы еді. Мектеп, совхоз кітапханаларындағы кітаптарды түгел оқып болып, әр үйдегі жеке кітапханалардан да кітаптар іздеп оқушы еді. Кітапты өте ұқыпты ұстайтын, кітап бетін қайтаратындарға ренжіп отырушы еді. Отырыстарда сол оқыған кітаптарынан әңгімелер айтып отыратын. Ізбасар аға өте мейірімді, бауырмал, көңілді адам болатын. Жиын-тойларда вальсті, орыс билерін тамаша билейтін, қызықты әңгімелерімен адамды өзіне баурап алушы еді. Ағаның осындай жарқын бейнесі оны көре қалған ауылдастарының есінде мәңгі сақталады.

. Ардагер ата 1982 жылы соғыстан қалған жарақат әсерінен ұзаққа созылған науқастан 56 жасында қайтыс болды.

Әке аманатына адал болған балалары да бұл күнде бір-бір маман иесі атанып, тәуелсіз еліміздің гүлденуі жолында өз үлестерін қосып, әр салада еңбек етуде. Ізбасар ата тірі болғанда 9 немере, 18 жиен, 2 жиеншар көріп отырар еді

Біздің халық батыр халық ежелден

Ерлігімен, елдігімен танылған.

Құртпақ болып бізге оғын кезенген

Кейбіреулер ақылынан жаңылған.

Әділеттің жолында біз күресіп,

Бүгінгідей ұлы күнге жеткенбіз.

Мейіріміз сондықтан да тұр өсіп,

Жеңіс туын көтереміз көкке біз – дей отырып қанша ғасыр өтсе де адмзат тарихында еліміз бен жеріміз мәңгі есте сақталатынын айтқым келеді.

  1. Қорытынды.

Жеңіс! Осынау жалғыз ауыз сөзде қаншама терең мағына жатыр?! Кез келген істің, қандай күрестің де басты мақсаты жеңіске жету болғанымен, кешегі Ұлы Отан соғысындағы үлкен Жеңістің орны айрықша бөлек. Оған жету үшін қаншама халық жан алып, жан беріскен шайқастарға толы ұзақ та ауыр жолдан өтіп келді.

Жер-дүниені дір сілкінткен соғыс өртінің сөнгеніне биыл 74 жыл толып отыр. Отанға деген ұлы сезім үшін кеуделерін оққа төсеп, Жеңіс күнін жақындатуға жұмсаған Ұлы Отан соғысының жауынгерлері үшін мамырдың тоғызы- өліп-тірілген күнмен бірдей. Бұл соғыстағы жеңісте қазақ халқы талай боздақтарынан айырылды. Жастық шақтың жалындаған шағында толарсақтан саз кешіп, жанкешті қаһармандылығымен басқа ұлттар алдында өздерінің ерлігін көрсете білді. Соғыстың алғашқы сәттерінен-ақ, қазақстандық жауынгерлер Бөгенбай мен Қабанбайдың, Наурызбай мен Райымбектің, Махамбет пен Исатайдың ұрпақтарына лайық ұрыс салды. «Отан» атты ыстық ұғым, тәтті сөз қарсы келген дұшпанға қаймықпай қарауға жігер берді. Елімізге зор ауыртпалықтар әкелген Ұлы Отан соғысының зардабы тимеген шаңырақ жоқ десе де болады. Соғыс зардабы туралы сөз етсек, өрімдей он сегіз бен қылшылдаған қырықтың арасындағы азаматтардың Отан үшін арпалысқандығы еске түскенде, жаныңды қоярға жер таба алмайсың. Үйлі-баранды болып, бала сүйетін шақтарында арманда кеткен боздақтар көп болғандығы өкінішті-ақ. Жеңістен соң қаншама арман мен үміт ұрыс даласында жер бауырлап қалды. Әр жеңістен соң ананың көзінен аққан гауһар тамшы жас омырауда қақ болып қатты. Жеңіс осылай келгендігі, қырманға суырылған әр дән аталардың жауға қарсы кезенген қаруына оқ болып енгені, бәрі де қымбат.

9 Мамыр Ұлы Жеңіс күні деп тойласақ та, оның салмағының ауыр болғанын бүгінгі ұрпақ ешқашан да ұмытпауға тиіс. Сондықтан да омырауларында жарқыраған орден-медальдарын тағып анадайдан көзге оттай басылатын ардагер аталарымыз бұл күнді асыға күтеді. Бұл күні-Жеңіс күні болуымен қатар соғыстан оралмаған үзеңгілес қатарларын еске алып, жанарларынан тамған жас тамшылары өткен күннен белгі беріп тұрғандай. Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірліктің нәтижесінде келді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында!

Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл мереке әр кезде батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі. Сіздердің қан майданның алдыңғы шебіндегі ерліктеріңіздің, тылдағы ерен еңбектеріңіздің арқасында біз бүгін бейбіт өмір, бақытты тұрмыс кешудеміз. Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін. шайқастардағы теңдессіз ерліктеріңіз бен табандылықтарыңыз ғасырлар бойы жасай береді. Өйткені сіздер кейінгі ұрпақтың жарқын болашағын қорғап қалу арқылы өздеріңіздің азаматтық және патриоттық парыздарыңызды абыроймен орындап шықтыңыздар. Сіздердің қайыспас қайсарлықтарыңыз бен Отанға шынайы берілгендіктеріңіз қазақстандық жас ұрпақтар үшін өнегесі мол тамаша үлгі. Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз! Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған аталарамыздың алдында ауыр күндердегі адал еңбектері мен азаматтық ұстанымдары үшін бас иеміз! Кейінгі ұрпаққа қолмен нұсқап, «Әне, Отан үшін от кешкен аталар, соған ұқсап бақ!» деп айта алатын кезеңдеміз. Сол үшін де бақыттымыз!

Сапарова Нурия Серікқалиқызы

БҚО Казталов ауданы Қараобаауылы

Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясының

тарих пәні мұғалімі

Тарих сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тарих-халқымыздың зердесі.Тарих –бабаларымыздың басынан өткен оқиғалар жиынтығы.Біз оны бүкіл қайшылықтарымен,қаһармандық және қайғылы беттерімен қоса,тұтас күйінде қабылдауға тиіспіз.Тарих сабағында қазақтың сайын даласында ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі ұрпақтар сабақтастығының үзілмей келе жатқандығы,қазақтардың қазіргі ата мекеніміздің тұрғылықты халықы екендігі түсіндіріледі.Сонымен қатар,адамзат тарихындағы түбірлі өзгеріске себеп болған көшпелі өмір салтының қалыптасқандығы және Еуразия даласында көшпелілер құрған мемлекеттік бірлестіктердің қуатты болғандығы айтылады. Бұл мәліметтерді толықтыруда «Мәдени мұра»мемлекеттік бағдарламасы көлемінде атқарылып жатқан іс-шараларды оқып-үйрену көмектеседі.

Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Мәдени мұра»-ұлт болып ұйысуымыздың берік темірқазығына айналуы тиіс»,-деп атап көрсетті. Сондықтан да біздің алдымызда ел болашағын сеніп тапсыратын,төл мәдениетін жақсы білетін ,туған тарихын сүйетін ұрпақ дайындау міндеті тұр.

«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүргізілген ғылыми зерттеулерді сараптап,жүйеленген мәліметтерді оқулықтар мен оқу бағдарламаларына енгізу қажеттігі атап көрсетілуде. Оқыту үрдісінде, соның ішінде жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындауда оқулықтарға жаңадан енгізілген ғылыми зерттеулерді оқып-үйретуге айрықша көңіл бөлінеді. Жаңа буын оқулықтарына енгізілген көптеген археологиялық зерттеулер мен ғылыми мәліметтерді есте сақтауда тестік жүйенің орны ерекше.

Тарихты оқытудың басты міндеттерінің бірі-өткен тарихты сын көзбен талдай отырып,келешекті бағдарлайтын,шығармашылықпен іздене отырып,дұрыс қорытынды жасай алатын, тарихи деректер мен өздігінше жұмыс істей алатын азаматты тәрбилеу.

Педогогикалық ізденіс барысында шәкірттерімді оқыту мен тәрбиелеуде оқушы бойындағы ұлттық психологияны дамыту,оқытудың түсінуге жеңілдігі мен соған жету жолдарын іздестіру,оқушының дарынын жетілдіру мақсатында жеке жұмыс жүргізуді міндеттерім деп есептедім. Осы мақсаттарға ету жолында сабақтарымды түрлендіре өткізіп отырмын. Тереңдетіле өткізілетін сабақтарым лекция, семинар,баспасөз конференциясы, пікірталас үлгісінде жүргізіледі.Әрбір көлемді тақырыптардан кейін оқушының білімін жинақтап тексеру үшін тест,жедел сұрақ-жауап,сөзжұмбақтар құрастыру,ғылыми- шығармашылық жұмыстарын қорғау өткізіледі.

Шығармашылық-бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастағанынан бастап бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетіне сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен практикалық әрекеттері арқылы дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтар-жаңа технологияларды қолдану сабақтары болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас қалыптасады. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарына оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда мынадай әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:

  1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.
  2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.

  3. Логикалық ойлаумен берілген тапсырмаларды шешу.

4.Әңгімені салыстыру,бөліктерге бөлу,ат қойғызу.

  1. Қиялдау арқылы сурет салдыру.
  • Өлең шумақтарын құрастыру.

  • Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға,қиялын ұштауға,өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

    Ғылыми-зерттеу жұмысы оқушының интеллектуалдық дамуының өсу деңгейін арттырады. Ғылыми сипаттама беруді үйренеді. Ғалымдардың тәжірибесі негізделген материалдарды іздестіріп,танымдық белсенділігін арттырады.Қоғамдық өмірге бейімделген жеке тұлға қалыптасады.

    Мұғалім оқушының алған білімін өмірде іске асыруға дағдылануына, сонымен қоса сөйлеу мәдениетін қалыптастыруына көңіл бөліп отыруы керек. Оқушының пән тілін дұрыс,мінсіз сөйлеуінің басты шарты-пәннің ғылыми тілін жетік меңгеруі, тіл байлығы.Оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін бекіте түсу үшін тақырыптық тест дайындауды тапсырамын.

    Оқу жылының басында әр сыныпта тарихқа ынталы оқушылардан құралған топ жетекшілері сайланады. Олар сабақ барысында ұйымдастырылған жұмыстың түріне қарай кеңесші қызметін атқарып, сыныптастарына көмектеседі. Жеке тұлғаның қалыптастырылуын дамыту мен оған жан-жақты білім беру мақсатында баланы оқыта отырып, оның еркіндігін,белсенділігін,қалыптастыра отырып,өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру жолында неғұрлым тиімді шараларын енгізу бүгінгі ұстаздың жауапты ісі болуы тиіс.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.